- •« Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы
- •Тарихи танымның әдістері
- •6. Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.
- •Қайраткерлер
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
- •20 Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдар,қызметі
- •21Петициялық қозғалыстың басталуы
- •Қарқаралы петициясы[өңдеу]
- •Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
- •Діни мәселелер
- •Жер мәселесін шешудің жолдары
- •Қазақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
- •22.Отандық тарихнамадағы қазақ интелегенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның қ-станның демократияландыруына әсері
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық[өңдеу]
- •Мәселелер[өңдеу]
- •Нәтижесі[өңдеу]
- •Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
- •Алаш Орда құрылтайы[өңдеу]
- •Сыртқы істері[өңдеу]
- •54. Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •80. Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •84. XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •91. ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •92. Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •95. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96. Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108.Қха және қр замануи этно-демографиялық үдерістер. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109.Қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110. Н. Назарбаев «ххі ғасыр табалдырығында».
- •111.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында».
- •112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •115. Ұлттық валютаның енгізілуі . Теңге курсін тұрақтандыру шаралары.
- •116. Қр саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.
- •117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •118. Қр атомқаруынсыз беделі
- •119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтарының салдарларымен күресу
- •120. Қазақстан – халықаралық қатынастағы тәуелсіз тұлға.
- •121. Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •§2020 Жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
- •§2020 Жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
- •§2020 Жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.
- •136. Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •1990 Жылы 01 сәуірде
- •138. Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •139. Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140. «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •141. Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144. Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •Ххі ғасырдың жаһандық он сын-қатері
- •148. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •149. Қр Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »
- •150. Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама.
86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
«Желтоқсан оқиғасы Кеңес одағының ыдырауына үлкен ықпал етті. Кейін Прибалтика елдерінде және басқа да республикалардағы халық толқулары Алматыда 1986 жылы 17 желтоқсан күні қазақ жастарының ресми үкіметтің жүргізген саясатына қарсы наразылығынан бастау алды. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің алғашқы жаршысы болды деп санаймын. Осы оқиғадан кейін қаншама қазақ жастары, көзі ашық, білімді жастар оқудан қуылды, жұмыссыз қалды. Денсаулығынан айырылды. Олардың ішінде қазақ қыздары да болды. Өйткені, оқиғадан кейін милиция қызметкерлері оларды қала сыртына шығарып, азаптады. Желтоқсан оқиғасы халық жадында мәңгілік сақталуы тиіс» - деді Б. Қақабаев.
Айта кетелік, ресми деректер бойынша Желтоқсан көтерілісіне 30 мыңнан аса қазақ жастары қатысқан. Құқық қорғау органдары барлығы 8515 адамды ұстаған. Алматының түрме мен абақтыларында орын қалмаған соң, бес мыңнан астам жасты қала сыртына апарып тастаған. 2400 адам қамауға алынып, 1722 адам әр түрлі дене жарақаттарын алды. 99 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 20 жастағы Қайрат Рысқұлбеков та бар еді.
