- •« Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы
- •Тарихи танымның әдістері
- •6. Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.
- •Қайраткерлер
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
- •20 Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдар,қызметі
- •21Петициялық қозғалыстың басталуы
- •Қарқаралы петициясы[өңдеу]
- •Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
- •Діни мәселелер
- •Жер мәселесін шешудің жолдары
- •Қазақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
- •22.Отандық тарихнамадағы қазақ интелегенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның қ-станның демократияландыруына әсері
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық[өңдеу]
- •Мәселелер[өңдеу]
- •Нәтижесі[өңдеу]
- •Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
- •Алаш Орда құрылтайы[өңдеу]
- •Сыртқы істері[өңдеу]
- •54. Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •80. Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •84. XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •91. ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •92. Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •95. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96. Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108.Қха және қр замануи этно-демографиялық үдерістер. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109.Қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110. Н. Назарбаев «ххі ғасыр табалдырығында».
- •111.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында».
- •112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •115. Ұлттық валютаның енгізілуі . Теңге курсін тұрақтандыру шаралары.
- •116. Қр саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.
- •117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •118. Қр атомқаруынсыз беделі
- •119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтарының салдарларымен күресу
- •120. Қазақстан – халықаралық қатынастағы тәуелсіз тұлға.
- •121. Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •§2020 Жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
- •§2020 Жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
- •§2020 Жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.
- •136. Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •1990 Жылы 01 сәуірде
- •138. Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •139. Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140. «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •141. Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144. Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •Ххі ғасырдың жаһандық он сын-қатері
- •148. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •149. Қр Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »
- •150. Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама.
Сыртқы істері[өңдеу]
Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), ОмбыдағыУақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
41. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), ОмбыдағыУақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.
Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.
Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:
42. Владимир Ильич Ленин (нағыз тегі Ульянов; 1870 ж. сәуірдің 22 — 1924 ж. қаңтардың 21) — көрнекті ресейлік төңкерісшілі, сөзші, пәлсапашы, ленинизмнің негізін қалаушы, большевиктерпартиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, Ресей КФСР мен КСРО орнатушысы, Кеңестік Үкіметін басқарушысы (1917 ж. қарашаның 8 бастап РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесініңтөрағасы, 1922 желтоқсанның 30 бастап КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы).
Владимир Ильич Ленин Карл Маркс ілімін жалғастырушы. Педагог И.Н. Ульяновтың отбасында туған. Қазан университетінде оқыған (1887), 20 ғ. басында эмиграцияда болған. 1903 ж. Ресейбольшевиктерінің коммунистік партиясының басшыларының бірі болған. 1917 ж. Петроградтағы Қазан төңкерісін басқарған. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-сьезінде РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Көзқарасы бойынша кап. құрылымды ауыстыратын, әділетті экон-қоғамды құрылым деп санаған социология теориясының жақтаушысы. Ленин жұмысшыларды ағарту партияның маңызды міндеті деп санаған. Оның басты мақсаттарының ішінде бұрынғы жүйенің (сословиялық және кластық) орнына, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жергілікті сайланбалы органдар басқаратын, біркелкі еңбек мектептері қағидасына негізделген, оқу өндірістік еңбекпен біріктірілген халық ағартудың демократиялық жүйесін құруды дұрыс деп атаған. «Жаттау мектебі» мен «үркіту мектебінен» бас тарту мектептің, соның ішінде шетелде жинақталған педагогика теориясы мен практика жиналған жағымды тәжірибеге сүйеніп іске асырылады деген.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістанавтономиясының жетекшісі. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.
43. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің түрлі өңірлеріндегі ошақтарына қатысты түрлі мазмұндағы айтылған тарих материалдары дерек ретінде әлі күнге дейін кең түрде ғылыми айналымға тартылған жоқ. Ал көтеріліске қатысқан, оны көзімен көріп куә болған адамдардың айтқан естелікәңгімелері мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға қажет тың мәліметтер береді. Бұл деректерді талдай отырып, көтерілістің шығу себептері, басталуы, барысы, оның басшылары, отарлық жүйенің көтерілісті басуға қатысты жүргізген жазалау шаралары, көтерілістің жеңілу себептері, нәтижесі мен салдары жөнінде басқа дерек көздерінде жоқ мәліметтерді алуға болады. 1916 жылғы көтеріліс туралы айтылған тарих деректері көтеріліске тікелей қатысқан және оны көзімен көрген куәгерлердің естелікәңгімелерінде берілген. Көтеріліс туралы естелікәңгімелер мен өлеңжырларды жинақтау барысында оны жазып алған зиялылар қазіргі кездегі айтылған тарих бағытында ғылыми ұйымдастырылған сұхбаттарға қойылатын талаптарға ұқсас ақпарат беруші туралы мүмкін болғанша толық мағлұматтар береді. Сонымен қатар олар жинақталған материалдарды мұрағаттандыру ісін де ұмытпаған. Өйткені ол жиналған материалдардың біршамасы еліміздің мұрағаттарында жақсы сақталған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекттік мұрағатының № 427 коллекциялық қорында, № 639 «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп аталатын қорында, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының № 811 коллекциялық қорларында ел арасындағы заман куәгерлерінен жазып алған естелікдеректер молынан кездеседі.
Сондайақ еліміздің түрлі кітапханалары мен мұрағаттарының, академиялық институттардың қозжазба қорларында халқымыздың ресми емес тарихынан сыр шертетін бірталай деректер қатталған. Ал ол деректерді ғылыми тұрғыдан талдау арқылы жазба деректерде кездесе бермейтін тың ақпараттар алып көтеріліс тарихын жаңа мазмұн мен сипатта баяндауға болады. Көтерілістің алғышарттарын, басталуы мен барысын, салдарын түсіндіру жеке адамдардың естелікәңгімелерінде, сондайақ сол тұста айтылған қанатты сөздер мен өлеңжырларға, дастандарға негізделген үлгілерінде кездеседі. Аталған дерек түрлерінің маңыздылығы өте зор. Мұндай деректік топтамалар қалыптасқан тарихи жағдайларды баяндауға бағытталған. Сонымен қатар көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарында көтерілістің басшылары, олардың бітім болмысы, сол кезеңдегі халықтың тұрмыстіршілігі, орыс өкіметінің өлкеде жүргізген саясаты жөнінде де құнды деректерден хабардар етеді. Сондықтан, 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс тарихын айтылған тарих материалдары негізінде зерттеу – бұл мәселені бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарау ісін жеңілдетеді. Көтерілістің шығуына негіз болған алғышартарына байланысты да айтылған тарих материалдары жақсы мәліметтер береді. 1916 жылғы көтерілістің негізгі шығу себептерінің бірі жер мәселесі болатын. Көтеріліс қарсаңында патша үкіметі ұзақ жылдар бойы жүзеге асырған отарлық саясатының барысында орыс шаруалары мен казак орыстар үшін қазақ жерлерін зорлықпен тартып алып, құнарлы егіндігінен, шұрайлы шабындығынан айырып мал шаруашылығымен айнылысатын көшпелі халықты таутасты және шөлейтті жерлерге ығыстырды. Тек 19061914 жылдар аралығында Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардан өңдеуге пайдалы, ең құнарлы 2 миллион 703 мың десятина, ал 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы үш жылында Жетісу өңіріндегі қазақтардан 1800 мың десятина жер тартып алынған.
1916 жылғы көтерілістің шығуына себеп болған мәселелердің қатарында алымсалықтың көбеюі, соғысқа қажет халықтан алынған түрлі соғыс салықтары еді. 1914 жылы Ресейдің қатысуымен басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс ішкі Ресей халқының да, шет аймақтардағы «бұратана» халықтың да жағдайына қатты әсер еткен. Шаруашылық күйзеліп, егіс көлемі азайып, оның өнімі күрт төмендеді, мал саны кеміді. Соғыс қисапсыз көп шикізатты, азық түлікті, малды, тағы сол сияқты материалдық игілікті қажет етті. Өлкеде жергілікті өнімдер арзан бағада қала отырып, сырттан тасымалданатын өнім қымбаттап халықтың шаруашылығы күйзеліп, әлауқаты нашарлай түсті. Соғыстың алғашқы үш жылында Түркістан өлкесінен өте көп мөлшерде мақта мен мақта майы, 474 мың балық, 299 мың пұт сабын, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 38 пұт мың шаршы кез киіз, 441 киіз үй соғыс қажетіне жинап алынған. Соғысқа қажетті деп саналған мұндай материалдық игіліктер халықтың еркінен тыс, күштеп алынған болатын. Халықтың мойнына ауыртпалық түсіріп жиналған бұл жағдайлар көтеріліске байланысты айтылған тарих естеліктерінде де кездеседі. Ол жайында 1885 жылы туылған, Кеген ауданы Қызылту колхозының мүшесі Алдаберген Қойшыбеков өзінің 1916 жылғы көтеріліс туралы айтқан естелігінде: «Мен болсам Жәйшібек Бектеновтың атын, су жұмысын істейтін малайы, інім Батырхан қойын жайған малайы. Сонда «31 жас, 19 жастағы балаларды солдатқа алады» дегенді естідім. Алдабергеннің жасы 31 де, Батырхан жасы 19да болып шықтық.
44. Өлеңмен өрілген тарихи мәтіндер арасында қара сөз сақталса да, оны мүмкіндігінше қарапайым сөз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы айтылған факті түріне айналдырады. Мәселен, көтеріліс тарихы өлең ретінде берілген айтылған тарих материалдарындағы мына бір ерекшеліктерге назар аударайық. «Елге хат» деген өлеңде: «Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты. Екеуі де Қапал уезі, Сарытау болысынан майданға алынған жігіттер»делінген. Бұл өлең тіркелген жинақтың мазмұнында «Нұғман Сартайға жазып берген хаты (1916 жыл туралы)» деп көрсетілген. Сол кезде тылдың қара жұмысына аттанған жігіттердің көңілкүйі хатта былайша сипатталған: Ағамыз сәлем айттым Зәкірбайға, Бұрынғы Жетісуың бізге қайда? Алысқа сапар тартып біздер кеттік, Құлдилап түскендей боп терең сайға. Тағы да сәлем жаздым Есембайға, Кез болдым заманымда мұндай жайға. Осы кеткен боз баланы ойлап тұрсам, Бағасы жетпей кетті жалғыз тайға, – деп, одан әрі қара жұмыстан алып қала алмағаны үшін туыстарына өкпесін білдіре баяндағаны байқалады. Сондайақ, «1916 жылы окопке алынған жігіт жыры» деген өлеңінде: Күшті ағайын алалап, Шығарып бердің бір бізді, Сыртымнан тіркеп өштікпен, Іспескіге кіргізді. Аталасым ағайын Туғандығын ұмытып, Сары солдатқа ұрғызды. Мойынға бұғау салдырып, Туған елді шулатып, Туған елді қалдырды…, – деп қара жұмысқа алынатындардың тізімін жасауда жол берілген әділетсіздіктерді, ауқатты топ өкілдерінің өз жақындарын қара жұмысқа жібермей алып қалып, қарапайым адамдардың, кедейкепшіктің балаларын тізімге кіргізіп жібергеніне өкінішін білдіріп былай дейді: Есебін тапқан ауқатты, Бай баласы мырзалар Күлгендей болды табалап, Момынның жасыкәрісі Тізімге түскен алалап Арұятын ұмытып Ауылнай, болыс, билердің Бұзылған діні қарасы, Қыршын жасты қолынан Қосақтап ұстап бергенде, Кеңейді ме жеріңіз? Алдыартыңа қарашы?… Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдары арасында осы мазмұндас өлеңдер көптеп кездеседі.
Барлығында патша жарлығын жүзеге асыру барысында қазақ ауылдарында орын алған әділетсіздіктер, малы бар ауқатты адамдар балаларын, ағаінісін пара беріп алып қалып, ондай мүмкіндігі жоқ адамдар тізімге ілініп, соғыс тылындағы қара жұмысқа жіберілгені баяндалған. 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс туралы айтқан естелік әңгімелерді жазып алып жинауға қатысқан зиялыларымыз туралы да құнды тарихи деректерді кездестіреміз. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың 1916 жылғы көтеріліс мәселелеріне арналған «Қилы заман» повесінің жазылуы жөнінде қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің інісі Әуезхан Көшкінов көтерілістің 10 жылдығына орай 1926 жылы болған жағдайларды өз көзімен көрген куәгер ретінде былай суреттейді: «Сол жылы ел Қарқара жазығына жиналды. Жиынға Ыдырыспен бірге Ораз Жандосов келді. Ереуілтөбені үйгенде мен он төрттемін. Төбеге үйілетін тастарды көпшілікпен бірге Ораз бен Ыдырыстың өздері де тасыған еді… Ораз бен Ыдырыс біздің ауылда, Шырғанақтың бойындағы ақбоз үйде жатты. Ыдырысқа жеке үй тігілген еді. Мен сол үйге қымыз тасып беріп жүрдім. Әртістер, өнерлі адамдар қатарында Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов жүрді. Ал Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов бұлардан кейінірек келді. Жергілікті азамат Сәрсенбай Бейсембетов келген қонақтармен бірге жүрді. Сол кезде Әубәкір Солтанбекұлы 1916 жылғы көтеріліс жөнінде Мұхаңа бірталай әңгіме айтып берген болатын. Ал, сол әңгімелер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесінің жазылуына арқау болды» – деп көрсетеді. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын пәнаралық тұрғыдан кешенді түрде қарастыру әдебиеттану, мәдениеттану, психология салаларының мамандары үшін де маңызды болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын дәйекті түрде зерттеу ісі сол кездегі қазақ халқының әлеуметтікмәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси әрекеттерді, әлеуметтік тұрмыстық, т.б. жағдайларды дұрыс түсініп, ғылыми объективті баға беруге қызмет етеді.
45.ЖЭС кезіндегі Қазақстан 1921-1922 жж, жер-су реформалары
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген эконмикалық және мәдени арта қалушылықпен байланыста еді.
1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары 31,1, украиндары 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығында еңбек етті. Ал, ауылшаруашылығы мешеу жете дамыған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, малшаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемімен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914ж. 3,6 млн десятина болса, 1922ж. 1,6 млн десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығыда ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млнға, жылқы 2 млнға, қой-ешкі 6,5 млндай, түйе 0,3 млнға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн басқа кеміді.
Жеті жылға созылған (бірінші дүние жүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқада аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскермен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік не ғұрлым көп және қайрымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшейуі кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға,жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару коммитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария обылыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатан ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селоларын қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар баса артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Жаңа экономикалық саясат
1 - Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері - 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты, ауыр жағдай қалыптасты, 1921 жылғы наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды, ЖЭС-тің белгілері - Азық-түлік салығы, Сауда еркіндігі, Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, Ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту, Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану 2 - ЖЭС-тің мәні - салғыртты салықпен ауыстыру, 1921 жылы наурыз-сәуірде өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды, Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда за болды, 1921 жылы маусымда Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды, 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының 1 сьезі өтті, Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді, 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылды, Елде аштық басталды, Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, 1921 жылғы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 млн 303200 адам, Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары - аштық жайлаған аудандар, Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 пайызға жетті, Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді, 1921 жылғы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды, 1922 жылы егістіктің 60 пайызына Кеңес үкіметі берген дән себілді, Кеңес өкіметі органдарынан өлкенін 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөніндегі төтенше шаралар қолданды 3-Жер-суреформасы Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Жер-суреформасы. Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. • 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. • 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы» атанды). Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: -Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру. - Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И.Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.
47 ҚазАКСРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСРнің құрамына біріктірілуі.
Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.
Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.
Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.
Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.
Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.
Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды..
Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.
48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану Ресей империясының ұлттық аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Коммунистік партияның ұлттық бағдарламасына сәйкес бұрынғы отар халықтардың мемлекеттілігін құру мәселесі тұрды.
Осыған дейін айтылып кеткеніндей, коммунистік партияның ұлттық саясатының негізгі принциптерін Қазан революциясының жеңісінен бұрын-ақ В.И. Ленин теориялық жағынан тұжырымдап берген болатын. Бұл саясаттың басты қағидасы ұлттың бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға дейін өз даму жолын өзі анықтау құқығын талап ету болып табылды. Мәселенің бұлайша қойылуы қа билік үшін жүргізген күресіне ттастай қолдау көрсетуіне жағдай туғызды. Алайда большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін В.И. Ленин ұлттардың шыныменен өз даму жолын өзі анықтауын, Ресейден бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құру құқығын аяғына дейін жеткізгісі келмеді, бұл мәселені шешуге бірінші кезекте социализм үшін күрескен еңбекшілердің мүддесі тұрғысынан қарау керек дегенді баса атап көрсетті. Ал бұл ұлттық мемлекеттілік — халықтың барлық топтары үшін қызмет ететін мемлекет емес, жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті, яғни таптық мемлекет дегенді білдірді.
В.И. Ленин Кеңестер ғана мемлекеттілік идеясын. жүзеге асыра алады және Коммунистік партияның басшылығымен пролетариат диктатурасының үш негізгі міндетін: революция жолымен биліктен тайдырылған таптардың (помещиктер, капиталистер және ұлттық шет аймақтағы олардың одақтастарының) қарсылығына тойтарыс беру, капитализмді қалпына келтіру әрекеттерін болдырмау; барлық еңбекшілерді пролетариаттың төңірегіне топтастыру және оларды социализмді құруға жұмылдыру; революциялық күштерді қаруландыру және елді сыртқы жаулардан қорғауды ұйымдастыру функцияларын барынша толы шешуге мүмкіндік береді деп есептеді. Большевизмнің көсемі және орталық Кеңес үкіметі басшысының бұл теориялық тұжырымы кейін РКФСР түріндегі Кеңестік федерацияны және оның құрамына кіретін ұлттық кеңестік республикаларды (ал кейін КСРО-ны) құру практикасында толығымен жүзеге асырылды.
Жаңа өкіметтің ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі принциптері Кеңес үкіметінің аса маңызды екі құжатында — «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» (1917 жылғы 2 қараша) және «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» (1917 жылғы 20 қараша) деп аталған Кеңес үкіметінің үндеуінде жарияланды.
Кеңестердің Бүкілресейлік III съезінде (1918 жылғы қаңтар) қабылданған, В.И. Ленин жазған «Еңбекші және қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында» Коммунистік партияның кеңес республикалары мемлекеттік құрылымының нысаны ретіндегі Кеңестік Федерацияға қатысты ұстанымы көрініс тапқан. «Кеңестік Ресей республикасы, — деп атап көрсетілді құжатта, — кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы ретінде ерікті ұлттардың одағы негізінде құрылады».
РКФСР-дың - кеңестік типтегі алғашқы көп ұлтты мемлекеттің құрылуы жаңа ұлттық автономиялық кеңестік мемлекеттердің құрылуына серпін берді. РКФСР-дың құрылғанынан кейін жоғарыда айтылған лениндік тұжырымның негізінде және И. Сталин басқаратын Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының (Наркомнац) бақылауымен елдің шығысында автономиялық республикалар құруға дайындық жұмысы басталды.
Қазақстанның және Түркістанның коммунистік ұйымдары Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының белсенді түрде қатысуымен Кеңестердің Бүкілқазақстандық және Бүкілтүркістандық съезін шақыруға дайындық жұмыстарын бастады.
Сонымен қатар Кеңес өкіметі 1917 жылы желтоқсанда II Бүкілқазақ съезінде құрылған Алашорда ұлттық-аумақтық автономиясын да, 1917 жылы қарашада IV өлкелік Жалпы мұсылмандық съезде жарияланған Түркістан автономиясын («Қоқан автономиясын») да мойындамайтынын ашық білдірді. Тіпті, ол туралы жоғарыда айтылып кеткендей, Түркістан («Қоқан») автономиясын 1918 жылы ақпанда большевиктер талқандаған болатын.
Алашорда басшыларының Кеңес үкіметімен келіссөздері
Осындай аса қиын жағдайда Алашорда басшылары Алаш автономиясын оны 1917 жылдың аяғында құрылған принциптер негізінде тануы туралы орталық Кеңес үкіметімен келіссөздер жүргізуге тырысты. Осы мақсатпен РКФСР ХКК-нің төрағасы В. И. Ленинмен және Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссары И. Сталинмен кездесу үшін Әлихан Бөкейханов Мәскеуге өзінің екі сенімді серігі — Халел мен Жанша Досмұхамедовтерді жіберді. Ә. Бөкейхановтың тапсырмасымен 1918 жылы 2 сәуірде Семейден Халел Ғаббасовтелефон арқылы И. Сталинмен сөйлесті. Алайда осы келіссөздер барысында Алашорда басшылары В.И.Ленин мен И.Сталиннің талап етуі бойынша «Кеңес өкіметі елде барлық автономиялық мемлекеттік құрылымдардың орталық өкіметі» екенін амалсыз мойындады.
Осыған қарамастан, олар кеңестік басшылардың алдына дұрыс шешілген жағдайда Алаш автономиясының тәуелсіздігін белгілі дәрежеде қамтамасыз ететін бірқатар мәселелер мен талаптар қойды. Олардың мазмұны мына тұрғыда еді: автономия ауқымында Қазақстан аумағының тұтастығын қамтамасыз ету; Алашорданың қолына заңдық және атқарушылық билікті беру; қазақ ішіндегі даулы мәселелерді шешуді халық өзі сайлайтын уездік және облыстық соттарға беру; «халық милицияларын» — автономияның қарулы күштерін ұйымдастыру; Алашорданы қолдағаны және Кеңес өкіметіне теріс пиғыл танытқан қоғамдық-саяси ұйымдарға қатысқаны және т.б. үшін Алаш қайраткерлері мен қазақ интеллигенциясы өкілдеріне қарсы саяси жаза қолдануға тыйым салу.
Алашорданың бұл ұсыныстары РКФСР-дың құрамдас бөлігі ретіндегі таптық принципке негізделген бірқатар халықтардың (қазақтар, татарлар, башқұрттар, Орта Азия халықтарының) кеңестік автономиясын құру жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кеткен ел басшылығынан ешқандай қолдау таппады. Бұл туралы Алашорданың көрнекті қайраткерлерінің бірі Халел Ғаббасовтың 1929 жылы 10 қарашада ОГПУ тергеушісінің сұрақтарына берген жауабында айтылады. Атап айтқанда, X. Ғаббасов былай деп мәлімдеді: «Сталинмен болған әңгімеде (тікелей телефон арқылы) мен Кеңес өкіметінің Деклараниясына. сәйкес ұлттардың Ресей халықтарынан бөлініп, дербес мемлекет құруына дейінгі ерікті өзін-өзі билеу құқығын тез арада іске асыру қажет екенін айттым... Дәл есімде жоқ, бірақ мен негізінен жойылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, кеңестер ауқымында ұлттық автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған қайраткерлерін босату мәселелерін қамтитын 14 пунктті ұсындым. Сталин өз жауабында біз Кеңес үкіметін мойындасақ, Құрылтай съезін ұйымдастыруға дереу кірісетіндіктерін білдірді... Біз Сталинге Кеңес үкіметін мойындайтынымыз туралы жеделхат жібердік және сол кезде Мәскеуде болған Досмұхамедовтарға (Халел мен Жаншаға. — авт.) орталық Кеңес үкіметінің алдына Алаш мүддесін толық жеткізуін хабарладық.
Бұл жеделхаттар Бөкейханов, Омаров, Мәрсеков, Ермеков, Сәрсенов және мен қатысқан (тағы да Байтұрсынов Дулатов екеуі болған сияқты) жиналыстан кейін жіберілген болатын. Бұл актіні Алашорда кеңесінің кезекті шарады ретінде қарау керек.
Сталиймен телефон арқылы сөйлескеннен кейін облыстық кеңестің (Семей. — авт.) торағасы Шұғаев шақырылды, бірақ олар не туралы сөйлескенін мен білмеймін. Осы әңгімеден кейін облыстық кеңес бізге деген қатынасын біраз өзгертті, тіпті тұтқындағылардың кейбіреуін босатты».
Жанша мен Халел Досмұхамедовтердің Мәскеуде Кеңес үкіметінің басшылығымен кездесулерінің қорытындысы, сондай-ақ Сталинмен тікелей телефон арқылы сөйлесудің нәтижесі орталық Кеңес үкіметі ұлттық ауызбіршілік пен бірігу принциптеріне негізделген қазақ мемлекеттілігіне үзілді-кесілді қарсы екенін, қоғамды таптық тұрғыда бөлуге негізделген кеңестік автономия құруға ұмтылатынын көрсетті.
Кеңес басшылығы 1918 жылы сәуір-мамыр айларында Қазақ Кеңес автономиясын құру мақсатымен Кеңестік Қазақстанның Құрылтай съезін шақыруға қолайлы жағдай қалыптасты деп есептеді. Осы кезге қарай өлкенің бүкіл аумағында дерлік (Орал облысын қоспағанда) Кеңес өкіметі орнады және едәуір мөлшерде нығайды, жергілікті жерлерде биліктің бірыңғай органы жұмысшы-шаруа Кеңестерінің облыстық және уездік съездері өткізілді; бірқатар ауыл-селоларда болыстық, ауылдық және селолық Кеңестер өз қызметіне кіріскен еді; Кеңестерге қарулы қарсылық көрсеткендер толық талқандалған болатын.
Шығыстағы алғашқы Кеңестік көп ұлтты республика Кеңестердің Түркістан өлкелік V съезінде (Ташкент қаласы, 1918 жылғы 20 сәуір — 1 мамыр) жарияланған Түркістан АКСР-і болып табылды. Оған қазіргі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары (бұрынғы Сырдария мен Жетісу) кірді. Қазақстанның қалған аумақтарында — Оралдың Торғай өңірінде, Ақмола, Семей облыстарында, Бөкей Ордасы мен Маңғыстауда Қазақ кеңес мемлекеттілігін құру мәселесі бойынша аса күрделі жұмыстар атқарылып жатты. Сонымен қатар Қазақстан мен Орта Азиядағы тәуелсіз ұлттық автономия идеясына сенімсіздік таныту үрдісі де ұйымдастырылды, қазақстандық және түркістандық мерзімдік баспасөз беттерінде осы мәселе бойынша «еңбекшілердің хаттары» жарияланды. Мәселен, 1917 жылы 16 желтоқсанда Ақмоладағы сан мыңдаған қазақ еңбекшілерінің демонстрациясы атынан В.И. Ленинге жолданған жеделхатта «Қырғыз (қазақ. — авт.) интеллигенциясының басым көпшілігі байлар мен аққсүйектерді қолдап, Алашорда автономиясын құрды... Алашорда автономиясы қырғыз (қазақ. — ов/я.) еңбекшілеріне керек емес».деп жазса, 1918 жылы 25 сәуірде кеңестердің Ақмола уездік съезі РКФСР Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатына «кадеттердін өзара келісіп алып, Алашорда атаған қазақ автономиясы» туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімі «мүлде жарамсыз деп танылсын». деген жеделхат жіберді. Түркістан («Қоқан») автономиясы талқандалған күндері «Қоқан қаласының жұмысшылары атынан» «Біздің газеттін» (Ташкент кеңесінің органы) беттерінде мақала жарияланып, онда былай делінді: «Біз, еңбекшілер мен жұмысшы-мұсылмандар, барлық автономиялық авантюристерге лағынет айтамыз, Ресей социалистік республикасын мойындаймыз, сонымен бірге және жұмысшы, солдат, шаруа және диқан-мұсылман депутаттары кеңестеріне бағынамыз».
Кеңес өкіметін нығайту және Қазақ кеңес автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде «Үш жүз» партиясының көсемдері, бірінші кезекте Қолбай Тоғысов Алаш партиясына арсы күресті күшейе түсті. 1918 жылы сәуірдің басында К. Тоғысов телеграф арқылы Семей Кеңесінің төрағасы К. Шұғаевка Алаш құрған барлық ұйымдарды таратуды ұсынды.
Бірнеше күн өткен соң ол РКФСР ХКК-нің төрағасы В.И. Ленинге ультимативтік сипаттағы мынадай жеделхат жібереді. «Бөкейхановтың қырғыз (қазақ. — авт.) автономиясы туралы сізбен телефон арқылы сөйлескен хабары «Үш жүз»партиясының төрағасы мағанда белгілі болды. «Алаш» партиясы таратылып, оның мүшелері тұтқындалғанын сіздің назарыңызға жеткізіп тұрмын. Бөкейханов — Дутов қозғалысының көрнекті белсенді мүшелерінің бірі қазір іздестіріліп жатыр. Газет мәліметі бойынша «Алаш» партиясының көрнекті өкілі Ғаббасов Мәскеуге барып, сізбен кездескен. Ғаббасовты дереу тұтқынға алып, Омбыға жіберуге, революцияға қарсы қозғалысқа қатысқаны үшін революциялық трибуналдың сотына тартуға бұйрық беруіңізді сұраймын».
Іс жүзінде үш жүздіктердің ұлттық-мемлекеттік құрылыс бойынша айқын бағыт-бағдары болған жоқ. Олар 1918 жылдың басынан бастап Алаш автономиясына қарсы шыға отырып, Қазақстанның мәдени-экономикалық артта қалушылығы, халқының аса үлкен жер аумағында шашыраңқы (Астраханнан Қытайға дейін) орналасуы, өлкенің көп ұлттық сипаты қазақ мемлекеттілігін құру жолындағы басты кедергі деп есептеді. Олар қазақ мемлекеттілігі бір ғана қазақ ұлты негізінде құрыла алмайды, басқа халықтар оған «кедергі келтіреді» деп есептеді.
Үш жүздіктер ұлттық мәселені шешудің мемлекеттік формасы «Түркі-татар» қоғамдастығын құруда деп білді, басқаша айтқанда, бір ғана түркі тілдік белгісіне қарай Ресей мұсылмандарын жасанды жолмен біріктіру идеясын көтерді. Сондықтан олардың «Түркілер мен татар ұландары жасасын!» деген ұраны партиямен аттас орган «Үш жүз» газеті әрбір нөміріні бірінші бетіне басылып отырды.
Үшжүздіктердің кеңестік автономия идеясын қабыл алуы
Ал 1918 жылы көктемнің аяғында большевиктер қазақ кеңестік мемлекетін құрудың дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен кезде үшжүздіктер ойланып жатпастан, кеңестік автономия идеясын қабыл алып, Кеңес өкіметін қолдап шықты да, оның Алашордаға қарсы күресін қуаттады. Бұл орталық Кеңес үкіметіне пайдалы болды. Ә.Т. Жангелдиннің айтуынша, «Үш жүз» партиясының «Алаш» партиясымен қарым-қатынасы айқындалған кезде, Кеңес үкіметі оған К. Тоғысовпен байланыс орнатып, мына жағдайды жүзеге асыруды тапсырған: «Егер бл партия шыныменен Алашордаға қарсы әрекет етсе, онда оны біздің жағымызға тарту керек».
Қазақстанның кеңестік автономиясын құру мәселесі бойынша жұмыс одан әрі жалғаса түсті. РКФСР Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының.1918 жылы 12 мамырда ұйымдастырылған қазақ бөлімінің аса маңызды міндеті Қазақ Кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу болатын.
Қырғыз (қазақ) дала өлкесінің төтенше комиссары болып тағайындалған Ә.Т. Жангелдин кеңестердің Бүкілқазақстандық съезін өткізуге дайындық жасау мен оны шақыру жұмыстарына жауап берді. 1918 жылы 20 мамырда ол Сырдария, Жетісу және Ферғана облыстық кеңестерінің атқару комитеттерінде болып, мына мәселелерді анықтап алды: «Қырғыз (қазақ) уездері қай биліктің қол астында болғанын қалайды: Түркістан автономиясы немесе Кеңестердің атқару комитеті ме, қырғыз (қазақ) өлкесінің халқы бір мемлекеттік құрылымға бірігуге қалай қарайды? Қазақтар тұратын жерлерді қалай біріктіруге болады? Қырғыз (қазақ) атқару комитеттерінің съезін шақыру қажет деп есептейсіздер ме, егер солай деп ұйғарсаңыздар, қай мезгілде, қай жерде өтуін қалайсыздар?». Сегіз күн өткен соң, 1918 жылы 24 мамырда Ә.Т. Жангелдин Кеңестердің өлкелік съезінің жақын арада шақырылатыны туралы Семей және Қазақстанның өзге де облыстарына телеграмма арқылы хабарлады.
Алайда Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының Қазақ бөлімі мен Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә.Т. Жангелдин де Кеңестердің Бүкілқазақстандық съезін шақыруға әзірлік жұмыстарын толық аяқтап үлгірмеді. 1918 жылы жазда Азамат соғысы мен шетелдік әскери интервенцияның басталып кетуіне байланысты Қазақ кеңестік автономиясын құру жұмысы баяулап қалды.
1919 жылдың басынан бастап Қызыл Армияның жеңіске жетуі барасында Қазақстан ақ гвардияшылардан тазартыла бастады. Орал облысының едәуір бөлігі мен Торғай облысы толықтай азат етілді. Азат етілген өңірлерде Кеңес өкіметі қалпына келтірілді, облыстық, уездік және жергілікті жерлерде революциялық комитеттер құрыла бастады.
Азамат соғысы әлі жүріп жатқан жағдайда, азат етілген аумақтарда сайлау ұйымдастыруға, Кеңестердің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік болмады, кезек күттірмейтін міндеттерді шұғыл әрі оралымды түрде шешетін төтенше билік органдары — революциялық комитеттер құруды өмірдің өзі талап етті. Сайлау өткізуге қажетті жағдайлар бар жекелеген өңірлерде кеңестер ұйымдастырылды.
Революциялық комитеттерді ұйымдастыру мен ауылдық, селолық және болыстық кеңестер сайлауын өткізу үшін облыстық және уездік орталықтардан жергілікті жерлерге арнайы дайындықтан өткен нұсқаушылар жіберілді. 1919 жылы 15 ақпанда Орал облыстық ревкомының ұлттар істері жөніндегі бөлімі қазақ ауылдарына осындай 30 нұсқаушы аттандырды. 1919 жылы 3-4 ақпанда Ақтөбе уездік Кеңесінің атқару комитеті сайлау өткізу үшін ауылдар мен селоларға жіберілетін жауапты қызметкерлердің тізімін бекітті. Орал облысының ауылдары мен селоларында Кеңес өкіметі органдарын қалпына келтіруде Ә. Әйтиев үлкен рөл атқарды. Оның басшылығымен 1919 жылғы ақпанда Қароба уезі мен басқа да бірқатар болыстарда жергілікті кеңестер сайлауы өткізілді. Бір ғана Жымпиты уезінде 1919 жылғы ақпан-наурызда 15 болыстық, 169 ауылдық кеңестер құрылды.
Мұндай жұмыстар Қазақстанның ақ гвардияшылардан азат етілген өзгеде өңірлерінде жүзеге асып жатты. 1919 жылы жазға қарай Қазақстандағы Азамат соғысы майдандарында «қызылдар» елеулі табыстарға жетті.
Қазақстанның Орталық және Солтүстік-Шығыс кең аймақтарын «ақтардан» тазарту процесі басталды.
Қазақстан аумағының ақ гвардияшылардан азат етілуіне және Кеңес өкіметі органдарының қалпына келтірілуіне қарай ұлттық-мемлекеттік құрылыс проблемалары қайта көтерілді. Алашорда үкіметі бұл проблеманы, жоғарыда атап өтілгендей, II Бүкілқазақ съезінің қарарларымен сәйкес шешуге тырысты, ал орталық Кеңес үкіметі бұрынғысынша қазақ автономиясын таптық принципке негізделген кеңестік республика түрінде ұйымдастыру жағында тұрды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР ХКК-нің декретімен В.И. Ленин қол қойған Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет (Казревком) құрылды. Оның алғашқы құрамына С. Пестовский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаевтар кірді. Әр түрлі уақытта Казревкомға Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, А. Әлібеков, Б. Каралдин т.б. мүше болды.
Революциялық комитеттің басқаруына Астрахан губерниясы аумағының қазақтар мекендеген бөліктері, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Казревком мемлекеттік билік және мемлекеттік басқарудың жоғарғы органының барлық міндетін атқарды. Оның халыққа білім беру, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, пошта және телеграф, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру, жер бөлімдері, әскери істер жөніндегі қазақ өлкелік комиссариаты, еңбек ету міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі комитеті болды.
Казревком 1919 жылғы 10 шілдемен — 1920 жылғы 10 қазан аралығында 15 ай қызмет етті. Ол құрылған күнінен бастап Құрылтай съезін шақыру жөніндегі бар жұмысты өзі атқарды. Казревкомнын іс-қимыл ерекшелігі сол кез үшін алғашқы кезектегі әскери-саяси проблеманың маңыздылығынан туындады, өзінің бар мүмкіндігін, күш-жігерін өлкеде Қызыл армияның жеңісін қамтамасыз етуге жұмсауы тиіс болды. Казревком мүшелері Қызыл армия бөлімдерімен бірге қалалар мен елді мекендерді ақтардан азат етуге қатысты және жергілікті жерлерде Кеңес өкіметі аппаратын құруға көмектесті, Қазақстанда соғыс қимылдарын жүргізіп жатқан Шығыс, Түркістан және басқа майдандар мен бөлімшелердің жауынгерлерін барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етуге атсалысты.
Қазақ революциялық комитетінің қалай дегенмен де басты айналысқан мәселесі — Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруды әзірлеу мен өткізу болды. Ол өзінен өзі іске аса салған жоқ. Ескеретін бір жайт: Қазақ революциялық комитетінің құрылуы Кеңес өкіметі мен Алаш қозғалысының арасындағы белгілі бір мәміленің көрініс табуы еді. Оның алғашқы және одан кейінгі құрамына белсенді кеңес қызметкерлерімен (Ә. Жангелдин, Б. Қаратаев, С. Мендешев және т.б.) қатар большевиктердің қарсыластары, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері (А. Байтұрсынов, Б. Каралдин, А. Әлібеков және т.б.) кірді. А. Байтұрсынов Қазақ революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ал Б. Каралдир Казревкомның хатшысы міндетін атқарды.
Мұндай мәміле 1919 жылдың жазындағы жағдайда екі жаққа да пайдалы болды. Бұл Кеңес өкіметіне екі себептен пайдалы еді: біріншіден, ол осы іс-қимылдарымен (Қазақстан, Башқұртстан, Татарстан және т.б. ұлттық автономиясын құруға бағытталған) халықтардың белгілі бір бөлігін өзінің одақтасына айналдырды және сонымен бірге ұлттық автономияшылардың әлеуметтік базасын әлсіретті, ал екіншіден, 1919 жылдың басында орталығы Орынборда құрылмақшы Башқұрт-Қазақ автономиясын жүзеге асырудың іс жүзінде мүмкін еместігін көрсетті.[18]. Ал Алашорданың көрнекті өкілдерінің бұл мәмілеге амалсыз барғандығына келетін болсақ, ол мынадай жағдайлармен: 1918 жылы ақпанда Кеңестердің Орта Азия халықтарының Түркістан («Қоқан») автономиясын құлатуымен және сол жылдың көктемінде құрамына Қазақстанның оңтүстік облыстары кірген Түркістан АКСР-інің құрылуымен, осыларға қосымша ең бастысы Кеңес үкіметінің Алашорда мемлекеттілігін құрудың іске аспайтындығына көзін жеткізуімен түсіндіріледі. Сол себепті Алаш қозғалысының басшылары Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру үшін кеңестік автономияны орнату идеясын қабылдады.
Әрине, коммунистермен саяси-идеялық көзқарастары үйлеспейтін адамдардың бірігіп жұмыс істеуі оңайға түскен жоқ. Осы және басқа да қиындықтарға қарамастан, Қазақ революциялық комитетінің сан қырлы қызметі Азамат соғысын тезірек аяқтауға, Алаш қозғалысына қатысушыларға рақымшылық жасау ісін әзірлеу мен жариялауға және ең бастысы, патша үкіметі бөлшектеп тастаған байырғы қазақ жерін біріктіру негізінде Қазақ Кеңестік социалистік республикасын құру мақсатымен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға мүмкіндік берді.
Қазақ революциялық комитеті Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақырудың, болашақ республиканың шекараларын анықтаудың барлық дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл күрделі міндеттерді жүзеге асыруда Казревкомның жанында ұйымдастырылып, Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен Қазақ республикасының шекараларын анықтау жөніндегі Комиссия үлкен рөл атқарды.
Қазақ кеңес автономиясын дайындау мен осы мемлекеттіліктің негізінде қазақ жерін біріктіруде күрделі де қиын жұмыс алғашкы кезекте ұлы державалық пиғылдағы шовинистермен толассыз күрес барысында жүзеге асырылды. Үлкен талас-тартыстар ұйымдастырылып жатқан Қазақ АКСР-інің құрамына Орал, Семей, Ақмола, Торғай облыстарының едәуір аймағын енгізу мәселесі бойынша туындады. Даулы мәселелерді шешу үшін Қазақ революциялық комитеті өз өкілдерін Омбы, Челябинск, Семей облыстарына жіберді. Тарихи әділеттілік үшін қазақ жерінің аумағын белгілеуде болашақ Қазақ республикасының шекараларын анықтауда Кеңес үкіметінің басшысы Лениннің қазақ халқының өкілдерін колдағанын атап өту керек.
Сонымен қатар Қазақ революциялық комитетінің жанынан Бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық мәселесі бойынша құрамына А. Байтұрсынов, Б. Каралдин, С. Мендешев, В. Лукашев және Петров кірген Ерекше комиссия құрылды.
Комиссияға съезді шақыру мәселесі бойынша нұсқау әзірлеу тапсырылды, оның ішінде қазақ халқына арналған нұсқау А. Байтұрсынов, Б. Каралдин және Б. Мұқашевқа, ал орыстарға арналған нұскау В. Лукашев, Петров және С. Мендешевке тапсырылды. Комиссия алғашкы кезекте Кеңестердің Құрылтай съезіне депутаттар сайлау тәртібін дайындаумен айналысты.
Бірінші кезекте халықтың қандай топтары дауыс беру құқығынан айырылады деген мәселені талқылауда Комиссия мүшелерінің арасында белгілі бір келіспеушіліктер байқалды..
Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесін бекіту
1920 жылы 23 тамызда Қазақ революциялық комитеті Кеңестердің Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесі бойынша нұсқауды түбегейлі бекітті, ол бойынша съезге сайлау құқығы Орал, Торғай, Семей, Ақмола облыстарының, Астрахан губерниясының қазақтар тұратын бөлігінің (Бөкей Ордасы) барлық еңбекші халқына берілді. Өлкелік басқарудың құрамына кірмейтін облыстар мен уезд қазақтарының (Жетісу мен Сырдария, сондай-ақ Түркістан АКСР-інің кейбір облыстарының тұрғындары) өкілдері съезге кеңесші дауыс құқығымен қатысатын болды.
Сайлауға және сайлануға діни сенімі мен мекен-жайына қарамастан, 18 жаска толған, еңбекші табына жататын ер және әйел азаматтар құқылы деп есептелді. Сайлауға және сайлануға еңбексіз табыспен күн көретіндердің, саудагерлер мен алыпсатарлардың, діни қызметкерлердің, бұрынғы полиция мен жандармерия агенттерінің, Кеңес өкіметін мойындағандары туралы мәлімдемеген Алаш және ақтар қозғалысына қатысушылардың құқы болмады..
1. жылдың аяғына қарай Қазақстанның негізгі аумағының, 1920 жылы наурызда Жетісу жерінің ақ гвардияшылардан азат етілгенін айттық. Осының бәрі Қазақ АКСР-ін құрудың дайындық жұмыстарын аяқтауға қолайлы жағдай туғызды.
2. жылы 26 тамызда М.И. Калинин мен В.И. Ленин БОАК пен РКФСР ХКК-інің кеңестік федерациялық социалистік мемлекет РКФСР-дің құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын. Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Декретіне қол қойды.
Қыркүйекте барлық облыстарда, губерниялар мен уездерде кеңестердің бірінші Бүкілқазақстандық съезіне сайлау өткізілді.
Бүкілқазақстандық съезге делегаттар сайлау науқанын аяқтау қарсаңында, БОАК Президиумы Қазақ революциялық комитетінің құрамын қайта қарап шығып, 26 тамызда оны бекітті. Казревком құрамына В.А. Радус-Зенькович, И.Д. Мартынов, В. Покровский, С.Д. Авдеев, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, X. Ғаббасов және т.б. енгізілді.
1920 жылғы 4—12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-інің жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарынан 6 делегат қатысты. Делегаттар құрамы – 128 қазақ, 127 орыс, 18 басқа ұлттардың өкілдері, 197 коммунист пен олардың 4 жақтаушыларынан тұрды. Коммунистердің ішінде қазақтар аз еді.
Алашорданың көрнекті қайраткерлерінің бірі Әлімхан Ермековтің (Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің делегаты) айтуынша «... съезд басталғанға дейін... Арганчеевтің (С. Арғыншиев. — К.Н.) пәтерінде Жангелдин, Мендешев, Әлихан Бөкейханов және басқалар қатысқан қазақ делегаттарының (партияда барлар мен жоқтар) мәжілісі ашылды... Мәжіліс едәуір кең көлемде өтті. Оған Әлібеков пен Әйтиев, сондай-ақ Смағұл Сәдуақасов... қатысуға тиіс болатын. Меніңше Сейфуллиннің тобы болмады. Мәжілісте партия мүшелері мен партия қатарында жоқ қазақтардың қарым-қатынасы туралы мәселе қойылды. Съезде қазақтардың ұлттық, тұрмыстық және шаруашылық ерекшеліктеріне қатысты мәселелерде бірігіп дауыс беруге шешім қабылданды... Сейфуллин келген соң, Жангелдин мен Сейфуллиннің солшыл (коммунистік. — К.Н.) тобы құрылды да, бұл шешімнің іске асуына кедергі келтірді».
Бұдан съезде тек қана қазақ депутаттарынан тұратын фракция құру әрекетінің Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, А. Досов және басқа коммунистердің қарсылық білдіруімен іске аспай қалғанын байқауға болады.
Съездің күн тәртібі
Съездің күн тәртібіне 15 мәселе енгізілді: президиумды, мандаттық және редакциялық комиссияны сайлау, комиссияларды (әкімшілік, әскери, жер, экономикалық, құрылыс) сайлау, секцияларды анықтау (халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру мен қаржы) және олардың өкілдерін сайлау, Қазақ революциялық комитетінің есебі, қазақ халқы еңбекшілерінің құқықтық декларациясы, азық-түлік, жер, әскер мәселелері, КазОАК мен КазАКСР ХКК-ін сайлау.
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі қабылдаған аса маңызды саяси құжат «Қырғыз (Қазақ. - К.Н.) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» болып табылады. Декларация Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның ұйымдары мен қызметінің басты принциптерін белгіледі. Декларацияда еңбекшілердің өзара қатынастарының негізі «ендігі РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп атап көрсетілді.
Қазақ АКСР-інің құрылуы. Съезд былай деп мәлімдеді: «Қырғыз (қазақ) халқының саналы еңбекші бұқарасы республиканың еңбекші халықтарының біртұтас ынтымақты әулетіне енеді... ал оның басты міндеті «адамды адам қанауын, қоғамның таптарға бөлінушілігін толық жою..., социалистік қоғам орнату». Съезд делегаттары 1920 жылғы 26 тамыздағы БОАК пен РКФСР ХКК-інің Автономиялы Қырғыз (Казак) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы декретін құптап, мақұлдады. Декретте «Автономиялы Қырғыз (қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының басқару органдары жергілікті депутаттар Кеңестері, Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі болып табылады», — деп атап көрсетілді.. КазАКСР-інің қарамағына 1917 жылға дейінгі шекарадағы Ақмола облысының Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір бөлігі; Семей облысының Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері: Торғай облысының Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері: Орал облысының Орал, Лішін, Темір, Гурьев уездері қарады. Республиканың құрамына бұл облыстардан басқа Маңғыстау уезі, Каспий жағалауы облысының Красноводск уезіндегі 4- жэне 5-Адай болыстары, сондай-ақ КАКСР-інің құрамына Астрахан губерниясынан Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округінің қазақтар қоныстанған жер аумақтары енгізілді. КАКСР-інің құрамына Орынбор губерниясы да енді. Орынбор республиканың алғашқы астанасы болды (1925 жылғы дейін). Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылы күзде республиканың жер аумағы 1 871 239 шаршы версті қамтыды, халқының саны - 5 046 000 адам, оның 46,6%-ын қазақтар құрады.
Ақмола және Семей облыстары ҚазАКСР-інің құрамына бірден енгізіле салмағанын айтып өту керек. Кеңестердің Құрылтай съезі бұл мәселені талқылай келіп, ол облыстарды басқаруды бірден ҚазАКСР-інің ХКК-не енгізу бұл жер аумақтарының шаруашылық қызметіне кері әсер етуі мүмкін деп есептеп, оларды басқаруды 1921 жылдың басына дейін Сібір Революциялық комитетіне қалдырды, республиканың ҚазОАК-і мен ХКК-іне бұл облыстарды басқаруды өз қолдарына алудың дайындық жұмыстарын таяу уақытта аяқтауды міндеттеді.
1918 жылғы көктемнен Түркістан АКСР-інің құрамында болып келген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселе осы облыстар өкілдерінің съезінде шешілуге тиіс болды..
ҚазАКСР-інің құрылуы өлкенің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі оқиға болып табылды. Осының нәтиже-сінде, таптық принциптер негізіндегі Кеңестер формасында болса да, байырғы қазақ жерінің едәуір аумағында Қазақстан мемлекеттілігі құрылды. КАКСР-інің құрылуы мен Ресей империясының бодандығы тұсында ыдырап кеткен Қазақстанның аумақтық тұтастығы қалпына келтіріле бастады. Қазақстаннынң аумақтық тұтастығын қалпына келтіру қазақ халқының болашақ тарихи тағдыры үшін аса маңызды рөл атқарды. Сондықтан да бұл аса қиын да күрделі проблеманы шешу үстінде Алашорданың бұрынғы қайраткерлері мен Кеңес өкіметінің белсенді жақтаушылары да (А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Б. Каралдин және басқалар — бір жақ, С. Мендешев, С. Сейфуллин, Ә. Жангелдин тағы басқалар — екінші жақ) өздерінің идеялық және саяси келіспеушіліктерін ұлт мүддесі үшін ысырып қойып, бар жан-тәндерімен жұмыс істеді.
Құрылтай съезі өзінін күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша (жер мәселесі, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру, қаржы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау және басқалар бойынша) бірқатар шешімдер қабылдады.
Съезд құжаттарында жер туралы саясатқа қатысты қазақ кедейлері мен шаруалардың (қоныс аударушы. — К.Н.) мүддесін қамтамасыз ету мәселесі «әсіресе Қырғыз (қазақ) еңбекшілерінің қалың бұқарасын - патша үкіметі мен Ресей буржуазиясынынң тонағандары» атап көрсетілді.
Жерге қоныстандыру мәселесінде «патша үкіметі отарлау саясатынын қалдықтарын және ол тудырған әділетсіздік атаулының бәрін жою» шаралары қарастырылды.
Кеңестердің Құрылтай съезі 1920 жылғы 12 қазандағы қорытынды мәжілісінде Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетін (ҚазОАК) 76 мүше мен 25 кандидаттан сайлады. ҚазОАК-і Президиумының құрамына С. Мендешев (төраға), В.А. Радус-Зенькович, Ә. Жангелдин, И.А. Акулов, С. Сейфуллин, И.Ф. Киселев, Б. Алманов, А. Досов, Г.А. Коростелев, П.И. Ступпелер енді.
ҚазОАК-і Республика үкіметі — Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамын 14 адамнан бекітті және оған республиканың бүкіл атқару билігін тымен берді. Қазақ АКСР-і ХКК-нің төрағалығына В.А. Радус-Зень-тағайындалды.
49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж.26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР) – 1936 – 91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды (қ. Қазақ АКСР-ы). 1937 ж. наурызда респ. Кеңестерінің төтенше 10-съезі өтіп, Қ. к. с. р. конституциясы қабылданды. ҚКСР-нің мемл. өкіметі – Жоғ. Кеңес пен республика үкіметі – ХКК құрылды. Республиканың әнұраны, елтаңбасы, мемл. туы бекітілді. 1937 ж. маусымда өткен съезінде өлкелік партия ұйымы Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) болып қайта құрылды. Бұрынғы 6 облысқа қосымша жаңадан Қостанай, Солт. Қазақстан (1936), Гурьев, Қызылорда, Павлодар (1938), Жамбыл, Семей, Ақмола (1939) облыстары қосылды. 1937 – 38 ж. елде жаппай қуғындау науқаны жүргізілді (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941 – 45) Қазақстанда ондаған әскери құрамалар жасақталып, 1 млн-нан астам адам соғысқа қатысты. Соғыс жылдары ҚКСР өнеркәсібі КСРО-ның батыс аудандарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың есебінен едәуір ұлғайды. 142 кәсіпорын қысқа мерзім ішінде іске қосылды. Кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерінен басқа 1 млн-нан астам адам ҚКСР-на орналастырылды. Олардың ішінде депортацияға ұшыраған халықтар да болды (қ. Депортация). ҚКСР-ның а. ш. майдан мен тылды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ер-азаматтардың майданға кетуіне байланысты а. ш-нда негізгі жұмысты әйелдер атқарды (қ. Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында). 1944 ж. жаңадан Көкшетау, Талдықорған облыстары ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары ҚКСР-да экономика мен мәдениетті көтеру шаралары іске аса бастады. ҚКСР соғыс кезінде жаудан босатылған 12 қала мен 45 ауданды өз қамқорлығына алып, оларға арнаулы мамандар аттандырып, құрал-саймандар, азық-түлік, киім-кешек тиелген эшелондар жөнелтті. 1946 ж. Қазақ КСР ҒА ашылды. 40 – 50 ж. бас кезінде кеңестік цензура қоғамның дамуын қатаң бақылауға алды. Орталықта “Ленинград ісі”, “Дәрігерлер ісі”, ҚКСР-де қолдан жасалған “Бекмаханов ісі” бойынша бір топ жетекші ғалымдар қудаланды. И.В. Сталин өлгеннен кейін (1953 ж., наурыз) 1953 – 54 ж. жоғарғы билікте өзара айтыс өрістеді (қ. Кеңес одағы коммунистік партиясы). Қазақстанда Орталықтың шешімімен ҚКП-ның 1-хатшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынып, П.К. Понамаренко жіберілді. 1954 ж. орт-тың шешімімен тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. РКФСР, Украина, Белоруссия, т.б. республикалардан тың игеруге 640 мың адам келді. Егістік көлемі 27 млн. га-дан асып, 1950 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Тың игерумен бірге өнеркәсіп те қауырт дамыды. 200-ден аса ірі өнеркәсіп орындары ашылды. Мойынты – Шу (438 км), Ақмола – Павлодар (428 км), Өскемен – Зырян (171 км) т. ж-дары салынды. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті көтеріліп, 1958 ж. желтоқсанда Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Тың және тыңайған жерлерді игеруден қазақ халқы экон., әлеум., мәдени зардаптар да шекті. Жергілікті халықтың үлес салм. 29%-ға дейін азайды. Қазақ а-дары шалғайда оқшауланып, мектептері жабылып қалды. Есепсіз көп жыртудың салдарынан жер эрозиясы пайда болды, мал жайылымына пайдаланылатын жерлер тарылды. 60-жылдардан бастап экономикаға ғыл.-тех. прогрестік жетістіктері кең көлемде енгізіле бастады. ҚКСР-дің жетекші кәсіпорындары соңғы технологиямен жарақтанып, дүние жүзіндегі таңдаулы мекемелер дәрежесіне жетті. Автоматика, телемеханика, электронды есептеу техникалары енгізілді. Автопарктер едәуір өсті әрі жаңарып отырды. Бірақ, экономика өндіріс алаңдарын кеңейту, жаңа шикізат көздерін тарту, кадрлар санын көбейту есебінен дамып, өнеркәсіптің шығарушы және өңдеуші салалары арасында сәйкессіздік ұлғая түсті. 1970 ж. республикада әкімш. өзгерістер болып, жаңадан Торғай, Маңғышлақ, Жезқазған облыстары құрылып, облыстар саны 19-ға жетті. 70 – 80 ж. ҚКСР агр.-өнеркәсіпті республикаға айналды. Экономиканың жалпы көрсеткіші жағынан республика одақта 3-орынға (РКСФР мен УКСР-дан кейін) көтерілді. Түсті металлургия (мыс, никель, боксит, қорғасын, мырыш, т.б. сирек кездесетін металдар қорыту), көмір, химия, жеңіл (жүн, былғары өндіру), тамақ (ет, балық, май өндіру, тұз өндіру) өнеркәсіптері және астық пен мал ш. бойынша ҚКСР одақтағы жетекші республикаға айналды. Дегенмен, КСРО-ны құрайтын, толық тең құқылы 15 республиканың қатарында саналғанымен, ҚКСР үкіметінің билігі шектеулі болды. Көптеген аса маңызды өндіріс орындары Мәскеуге тікелей бағынды. Ел басшылары шетке тікелей өзі шыға алмады. Қарулы Күштер орталықтың қолында болды. Кеңес қоғамында кеңінен орын алған келеңсіз құбылыстар (теңгермешілік, көз бояушылық, жеке адамдарды көтермелеу, т.б.) ҚКСР-да да кеңінен орын алды. Оған орталықтың жергілікті халықпен есептеспей, республика басшылығын өзі тағайындауы қосылды. 1986 ж. 16 желтоқсанда СОКП ОК-і Қазақстан компартиясын ұзақ жылдар басқарған Д.А. Қонаевты орнынан алып, орнына республикада бұрын болмаған Г.В. Колбин жіберілді. Нәтижесінде, Алматыда студент және жұмысшы жастардың бас көтеруі болды (қ. Желтоқсан көтерілісі). Экономикадағы келеңсіздіктер, одақтас республикалардың орталыққа ашық наразылығының күшеюі Кеңестер одағының тарауына алып келді (қ. Беловеж келісімі). 1991 ж. КСРО тарады да, ҚКСР тәуелсіз республикаға айналды;
50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
1918 ж. мамыр айында өткен Түпкістан өлкесінің Ү съезінде Түркістан кеңестік Автономиясы жарияланды. Түркістан республикасының құрамына Түркістан өлкесінің бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары кірді. Осы жылдың қазан айында Түркістан өдкесі Кеңестерінің ҮІ съезінде Түркістан КСР-нің конституциясы бекітілді. Бұл конституцияны қабылдауда 1918 жылы шілде айында Кеңестердің бүкілресейлік Ү съезінде қабылданған РКФСР-дің конституциясы негізге алынды. Интервенция мен азамат соғысы Түркістан республикасының РКФСР-дің құрамына енуін мемлекеттік-құқықтық түрде рәсімделуіне кедергі келтірді. Тек 1920 жылдың қыркүйек айында өткен Түркістан кеңестерінің 1Х съезінде Түркістан КСР-нің РКФСР құрамына кіруін заңды түрде рәсімдеді. 1921 жылғы 11 сәуірде БОАК Түркістан Автономиялы Кеңестік социалистік Республикасының құрылуы туралы декрет қабылдады. Түркістан АКСР-нің құрылуы мен дамуын Орта Азияда кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылымының алғашқы кезеңі деп қарастыруға болады. Бұл экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі сатысында тұрған әртүрлі тұрмыстық ерекшеліктері бар жиырмадан аса Орта Азия халықтарының басын біріктірген территориялық автономия болды. Түркістанды ұлттық-территориялық межелеу мәселесі 1921 жылдың 11 сәуіріндегі декрет қабылданғанға дейін көтерілді. Алайда, межелеуді жүргізу үлкен дайындықты талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай шиеленісе түсті. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үздіксіз соғыстар мен көтерілістердің нәтижесінде қиындай түсті. 1920 жылдың басына дейін Закаспийде ағылшындар мен ақгвардияшылардың және біріккен Хиуа және Қоқан хандықтарына қарсы соғыс жүріп жатты. Ферғанада басмаш құрылымдары белсенділік танытса, 1920 жылдың сәуіріне дейін Жетісу майданы жойылмаған еді. 1920 жылғы маусымда Верныйда антикеңестік бүлік шықты. Тек Хиуа мен Бұхараны алғаннан кейін ғана Орта Азиядағы жаңа ұлттық-территориялық бөліністері мен қайта құрылған Қазақ АКС Р-нің шекарасын анықтау мәселесін шешуге нақты мүмкіншілік туды. Бұрынғы Бұқара мен Хиуа хандықтарының орнына жаңадан Хиуа және Бұқара республикалары құрылды./1/1920 жылғы қазандағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде, Түркістанның қазақ облыстарын Қвзвқ АКСР-нің құрамына қосу мүмкіндіктері талқыланды. Аймақтағы саяси-экономикалық жағдайдың күрделі болуынан, Орталық Азияда мемлекетердің шекараларын ұлттық құрамына қарай бөлу тек 1924 жылы ғана іске асты. 1921 жылы Түркістан, Бұқара және Хорезм ұлттық республикаларын экономикалық біріктіру ісі жүзеге асты. 1920 жылдың 25 қыркүйегіндегі Жанкелдин, Әлібеков, Меңдешев және т.б. қатысқан Облбюроның мәжілісінде КССР кеңесінің съезінде республиканың шекарасын анықтауға қатысты жасалған баяндаманың тезисі тыңдалды. Мәжілістің шешімі бойынша Қазақ АКСР-іне қазақтардың Сырдария облысының Торғайға көшкенге дейінгі мекендейтін жерлері қосылсын деген шешім қабылданады. Ал осы Сырдария облысының берілетін бөлігін нақты анықтау әкімшілік бөлу секциясына жүктелді. 1922 жылдың басына қарай Түркістандағы жер-су реформасы жүргізіліп болған еді. Қазақ АКСР-і үкіметі Ұлттық Халық комиссариатына, Түркістан Орталық Атқару Комитетіне Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақ АКСР-нің қоластына беруі туралы нұсқау беруін өтінді. Ұлттық Халық комиссариаты коллегиясы осы мәселеге байланысты Қазақ АКСР-і өкілінің баяндамасын тыңдап, 1922 жылғы 21 наурызда «РКП(б) –ның Х1 съезінде мәжілісте аталған мәселені жан-жақты талқылап, дұрыс шешім қабылдау үшін Қырғыз республикасы мен Түркістан республикасының өкілдерін шақыру туралы шешім қабылдады. 1922 жылғы 4 сәуірде Москвада РКП(б)–ның Х1 съезінің Қазақстан мен Түркістаннан келген делегатарының Сырдария мен Жетісу облыстартын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселесі қарастырылған мәжілісі өтті.Мәжілісте:«Түркістан республикасының екі облысын (Сырдария және Жетісу облыстарын) Қырғыз республикасына қосу туралы мәселені шешу Түркістан Коммунистік партиясының Орталық комитетіне және Қырғыз РКП(б) Облыстық комитетіне алдын-ала талқыланып, шешілсін) деген шешім қабылдады /2/. Түркістандағы екі қазақ облысын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселе.ұлттық-территориялық межелеуді жүргізудің Орта Азия халықтары үшін де ортақ мәселе болды. Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу күрделі мәселе болды.Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы, мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономиңкалық орталықтармен елді мекендерді бөлу мәселелері тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейімен, халықтың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметердің аздығы жағдайды одан әрі қиындатты. 1924 жылғы 16-қыркүйекте Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасының Орталық комитетінің Ш-ші Төтенше сессиясы Өзбек КСР-і мен Түркмен КСР-інің қазақ аудандарын Қазақ АКСР-іне беріп, Қара-қырғыз және Тәжік автономиялы облыстарын құру туралы шешім қабылдады. Осы жылғы 25-қыркүйекте РКП(б) ОК саяси бюросы бұл шешімді мақұлдады, бірақ РКФСР-дің құрамында болатын Қара-қырғыз автономиялы республикасын құруды қажет деп тапты. Сонымен қатар Ходжейлі, Қоңырат аудандарын және ТАКСР-нің Амудария облысының Шымбвай уезін Қара-қырғыз автономиялы облысына қосып, Қазақ АКСР-інің құрамына енгізу туралы ұсыныс жасады /3/. «Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-территориялық межелеу» туралы маңызды құжат 1924 жылғы 14 қазанда өткен 11-шақырылымдағы БОАК-нің П сессиясында қабылданды. Бірінші тармақ бойынша өзбектерге ТАКСР-нің құрамынан шығып, Өзбек КСР-ін құруға құқық берілді. Екінші тармақ бойынша осындай құқыққа түркмен халқы да ие болды. Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-территориялық межелеу Мәскеудегі орталықтың, соның ішінде РКП(б) Орталық Комитетінің тікелей басшылығымен, бақылауымен өтті. Осы мақсатта РКП(б) Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы жанына және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды. 1924 жылы 31 қаңтарда РКП(б) Орталық Комитетінің ұйымдастыру бюросы (Оргбюро) РКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы, әрі РКП(б) ОК-нің Орта Азия бюросының төрағасы Я.Э.Рудзутакқа Ташкентте ТүркАКСР-нің, Бұқар және Хорезм КСР-ларының жауапты қызметкерлерімен Орта Азияны болашақта ұлттық принциптеріне қарай мемлекеттік межелеудің мүмкіндігі және мақсаттары туралы кеңес өткізу туралы тапсырма берді./4/ Кеңес 1924 жылы наурызда өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан коммунистік партиясының оргалық комитетінің хатшысы А.Рахымбаев баяндама жасады./5/. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. ТуркЦИК-тің төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық межеленуін және Түрікмен халқының біртұтас Кеңес республикасына бірігуінің қолайлы екенін атап айтты. 1924 жылы 23-24 наурызда Ташкентте ТКП-ның ОК пленумы болды, онда ұлттық-территориялық межелеу туралы мәселе қарастырылды... Межелеудің дер кезінде көтеріліп отырғандығы, сонымен қатар межелеу туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Осы пленумда республикадағы тұрғын халықтар арасындағы қайшылықтарды шешуде ұлттық-мемлекеттік межелеуді іске асыру керек екендігіне тоқталды. Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе болды. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы үлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. ондай-ақ, экономикалық орталықтармен ірі елді-мекендерді бөлу мәселелері көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейімен, халықтың ұлттық қүрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты. Осының бәрі үлкен дайындықпен көптеген жүмысты талап етті. Осы мақсатта арнайы (б)РКП ОК Орта Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды. РКП(б)-ның XII съезінен кейін Орта Азия республикаларының партия және Кеңес органдары РКП(б) орталық комитетінен Орта Азияны ұлттық территориялық жағынан межелеуді жүргізу мәселесін қарауды сұрап тілек білдірді. Қазақ АКСР үкіметі кеңестердің IV - съезінде 1924 жылы қаңтарда берген есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы Қазақ аудандарын қосу туралы мәселе орталық партия және мемлекет органдарының алдына іс жүзінде қойылды. үркістан кеңестерінің XII-съезінің делегаттары өздерінің сөйлеген сөздерінде межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті. Жергілікті ұйымдардың пікірлері анықталғаннан кейін мәселені талқылау РКП(б) орталык, комитетінің Орта Азия бюросы мен орталық партия органдарына көшірілді. онымен қатар, С.Қожанов 1924 жылғы 10 наурызда өткен ұлттық-территориялық межелеуге байланысты мәжілісте Орталық Азияны федерацияға, онда да экономикалық жағынан емес, саяси әкімшілік жағынан біріктіру туралы ұсыныс жасады. Ал 1924 жылы 26 тамыздағы РКП Киробком Президиумының мәжілісінде Меңдешев ТүркАКСР-і мен арадағы шекараны межелеуге байланысты баяндама жасайды. Меңдешев республикалар арасындағы шекараны анықтауға әр елден үш адамнан өкіл қатысқан комиссияның күрделі және келісімді жүмыс атқарып жатқандығы жайлы хабардар етіп, біраз қарама-қайшылықтар тудырып отырған мәселелерге ерекше тоқталып, комиссияның ұлттық-территориялық межелеуге қатысты шешімдерінің қорытындысымен таныстырды. 1924 жылы 9-сәуірде РКП орталық комитетінің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, ұлттық мемлекеттік межелеудің жүргізілуін негізінен мақұлдады. Орта Азияның жаңадан құрылатын республикалары мен облыстарының этнографиялық, саяси және экономикалық карталарын қосып, барлық материалдарды әзірлеп, партияның орталық комитетінің қарауына беру РКП(б) орталық комитетінің Орта Азия бюросына тапсырылды. 1924 жылы сәуірдің соңында РКП(б) орталык, комитетінің Орта Азия бюросы мен Түркістан компартиясы орталық комитетінің бірлескен мәжілісінде Орта Азияны межелеуді әзірлеу және жүргізу жөнінде жұмыс барысы қаралды /6./ Орта Азияны межелеуді әзірлеу және жүргізу жөнінде қазақ, өзбек және түрікмен қосалқы үш комиссия құрылды. Орта Азияны межелеу туралы комиссияның материалдарын қарап, РКП(б) орталық комитетінің Орта Азия бюросы 1924 жылы 12-мамырда одақтық екі республика-Өзбек пен Түрікмен және автономиялы екі облыс- Қара-қырғыз және Өзбекстан құрамында болатын Тәжік автономиялы облыстары құрылсын,ал Түркістанның қазақ аудандары Қазақ АКСР-і құрамына қосылсын деғен шешім қабылдады. Комиссияның шешімдері мен РКП(б) комитеті Орта Азия бюросының шешімі партияның орталық комитетіне тапсырылды. 1924 жылы 27 қыркүйектегі РКП(б) Киробком Президиумының мәжілісінде қарақалпақ халқы атынан келген делегацияның өтініші тындалды. Мәжілісте қарақалпақ делегациясы өкілдері Досназаров пен Бекімбетов баяндама жасайды. Баяндамашылар бұрын патша заманында қарақалпақтардың жапа шеккенін және оның Кеңес билігі орнаған күннің өзінде тоқтамай отырғанын баяндайды. Олар өкіметтің межелеу басталғанға дейін олармен санаспай келгенін өкінішпен еске алып, Орталық Азия ОК бюросы Қарақалпақ автономиялы облысын құру жөнінде мәселе көтергенін, бірақ оны қай республикаға бөлетіні жайлы нақты шешім қабылдамағанын айтады. ¥лттық территориялық межелену негізінде ТАКСР-ның бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының көптеген жерлері Қазақ АКСР-не қарайтын болды. 1924 жылы қарашадан бастап бұл облыстарды басқару ісін республика үкіметі құрған революциялық комитет жүргізді. Қазақ АКСР-не қосылған жеке уездері мен болыстарының шекарасын анықтау бірнеше айға жалғасты. Межелеудің қорытындысы бойынша Қазақстанға Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері және Әулиеата уезінің көпшілігі, Сырдария облысындағы Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің көшпелі алты болысы ауысты. Жетісу облысынан Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Бішкек уезінен Георгиев, Шу, Қарақоныс болыстары қосылды /7/. РКП(б)-ның (1925 ж.1-7 желтоқсанда) өткен У Қазақстандық конференцисы атап өткендей, оңтүстік аудандарының республиканың басқа аудандарымен қосылуы, Орынбор губерниясында негізінен орыс халқы орналасқандықтан республика орталығын қазақ халқының тығыз қоныстанған елді мекеніне көшіру қажеттігі туындады. ҚАКСР-нің жаңа астанасын таңдау кезінде Ақтөбе, Ақмола, Шымкент, Семей, немесе Алматы қалалары ұсынылды. Таңдау Ақмешіт қаласына түсті. 9 ақпанда ҚАКСР-інің ОАК осы мәселе бойынша шешім қабылдап, 1925 ж.6-сәуірде Бүкілресейлік ОАК-нің Президиумы Орынбор губерниясының ҚАКСР-нің құрамынан шығарылуы туралуы қаулы қабылдап, арнайы құрылған комиссияға олардың шекарасын белгілеуді тапсырды. /8/ 1925 ж. 15-19 сәуірінде жаңа астанада Ақмешітте Қазақ Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. «Кеңестердің Бесінші съезі Қазақ Республикасы ғұмырындағы елеулі бетбұрыс болды. Мүнда ең алғащқы рет республиканың барлық аудандарынан өкілдер жиналды. Арнайы шешіммен халықтың нақтылы тарихи «қазақ» атауы қалпына келтіріліп, Қазақ республикасы деп аталды. Сонымен қатар республика астанасы Ақмешіттің аты өзгертіліп, Қызылорда деген жаңа атқа ие болды. Осы күндері мерзімді басылымдар, тіпті ғылыми басылымдардың өзі одақтас республикалар арасындағы шекара орталықтың басқаруымен белгіленді деп жазып жүр. Орталық мемлекеттік мұрағат, Республика Президенті мұрағаттарының құжаттарына сүйенсек, бұл мәселелермен БОАК-нің арнайы құрылған әкімшілік комиссилардың , атқарушы және заң орындарының айналысқанын көреміз. Болашақ шекараны белгілеудегі жергілікті билік органдарының және тұрғылықты халықтың пікірімен санаса отырып қабылдаған шешімдері жиі-жиі «делимитизация» терминімен белгіленбесе де, хаттамалар, актілер, шекараны көрсетулері бұл заңды терминің бүкіл белгілерін айқындап берді. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-інің құрамына Сырдария және Жетісу облысы, Қара-Қалпақ автономиялы облысы, Самарқанд облысы және көптеген уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелеріне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсіп, 1926 жылы санақ бойынша 6,6 млн адам болса, оның 3,6 млн қазақтар еді, яғни, қазақтар республика тұрғындарының 61%-құрады, орыстар - 1,2 млн. (18%), украиндықтар - 0,8 млн. (12%) /9/.
51.1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясының қабылдануы
Қазақ КСР – інің құрылуы. 1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады.
Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.
1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері: - Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды. 1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды:кеңеші Т.Кузембаев, мұнайшы С.Зурбаев, комбайнер И.Логвиненко, сауыншы С.Онгарбаева. 1938 жылғы маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
Қазақ КСР құрылуының тарихи маңызы. 20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы: Тиімді жағы: 1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті. 2. Индустриясы жедел дамыды. 3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті. Тиімсіз жағы: 1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. 2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. 3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
52. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени құрылыс.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған “Қалың мал” романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров “Айқап” журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде “Қамар сұлу” романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары “Топжарған”, “Гүлкашима” поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің “Шахнамасынан” “Рұстем-Зұхраб” поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол “Айқап” журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — “Қырық мысал” болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда “Маса” атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз “Қазақ” газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - “Бақытсыз Жамалдың” авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде “Абай” журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің “Шолпан” атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
1925 жылы желтоқсанда өткен XIV съезінде Кеңес Одағың индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздіктінгін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, корғаныс және басқа да ірі өнер-қәсіптері бар жүйе күру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын, соның негізінде техникалық қайта жарақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру Үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнер-қәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шетелдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, әрі күрделі максат еді. Кеңес Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Оның біржақты жүргізілгенің дәлірек айтканда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғаның атап айтқан жөн. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы Ұш жылда өнер-қәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы, негізінен алғанда, Ресей аумағындағы ескі өнер-қәсіп орындары ң қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларың салуға жұмсалды. Соған карамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархалдықфеодалдық қатынастарды, яғни достүрлі шаруашылық жүйесін біржолада жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқыңмен өту сияқты үрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері былайша жаңа науканмен ұласты. 1926 жылы 27-30 сөуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнерқәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелген аймақтардағы жазба байлыцтарың кең турде барлау қажеттігі кәрсетілді. қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнер-қәсіптік аудандастыру мен өнер-қәсіптің, ең алдымен, түсті металлургияның дамуының келешек жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ Қазақ АКСР-і жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнерқәсіпті кец тұрде әрістету” өмірлік қәжеттілік ретінде атап кәрсетілді. Осы негізде өңдеу өнер-қәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқыңдалды. Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі қәсіпорындар Үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа кызмет еткізу бағытыңда басталғаның кәрсетеді.Бірнеше жылға созылған революция мен азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен қәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал-Ембі аймағындағы бірнеше мұнай қәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру қәсіпорындары қайта жанданды. Әйтсе де, Қазақстан экономикасыңда олі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болып қала берді. Осыңдай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияга топтастыру саясаты жалғаса берді.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар қазақстан экономикасының шикізат көзі ретінде дамуың одақ көлеміндегі еңбек бөлінісімен байланыстырып, мұндай бағыттағы даму Қазақстан Үшін да тиімді екендігін дәлелдеуге тырысты. Екінші бағыт бойынша Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екені, мұндағы индустрияландыруды жоғары жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып өнерқәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды. Үшініші бағыттағылар қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір-қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқыңды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысың бүзады, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.Келесі, тәртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқыныңа ілесе алатыныңа күмән келтірді. Қазақтармен “өнерқәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға кашады” сияқты тұжырымдарды келтірді. Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощёкин мен оның төңірегіндегілер үстанды. Олар Сталин мен ортальщтағы кейбір ұкімет мҰшелерінен қолдау тапты. Сондьщтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар (Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов т.б.) ой-тұжырымдарының терендігімен ерекшеленді. қазақстанда “Кіпті Қазан” науқанын жүргізуге үмтылған Голощёкин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнерқәсіп орындары ң салуды жақтамады. “Өнерқәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, кайта оны жергілікті үсақ және орташа (жарма тартатың, жұн жуатың, май шайқайтың орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығыңа байланысты және оны неғұрлым пайдалы ететін дегейде үстау”, — деп мәлімдеді олар. Голощёкин бұл бағытты 1927 жылы үсыңып, 1930 жылы мамыр-маусым айларыңда Алматыда өткен VII Жалпықазақтық партия конференциясыңда тағы да кайталады. Орталық Комитеттінің Саяси бюросьшың мҰшелігіне кандидат А. Андреев VI Жалпықазақтық партия конференциясыңда: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясың күру, әрбір республиканы басбасьша индустрияландьфу жолымен жүрмейміз”,деп, Кеңес үкіметінің шет аймактарды орталықка бағыңдыру, тәуелді ету саясатың ашық білдірді.
1928 жылдың 1 қазаныңан шартты түрде басталатың бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақпай, Риддер сиякты қәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтың кені және т.б. қайта қалпыңа келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сиякты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле аеаиі тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қоргасың, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гуръевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорганда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі, негізінен, шағың аумақты қамтамасыз етуге бейімделген қәсіпорындар еді.Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде карады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарың табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым Академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дөлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай қәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай қәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырян, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнерқәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар, негізінен, руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізат ретінде орталықтағы ірі өнерқәсіп орындары ңа жәнелтіліп отырды. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі қәсіпорындарды қамтамасыз етті. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыңы да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Түрксіб темір жолың салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс темір жолың салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскеристратегиялық мақсатта орынбор Ташкент бағытыңда темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта үстауды және Қазақстан мен Орталық Азия байлығыңа қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі аркылы Сібірмен косу ісі аяқталмай калған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол патша заманындағы Түркістан Сібір темір жолы атауыңа кайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 жылы қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мөн беріп отырды. Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. РКФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РКФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқулов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысыжазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана темір жол салынса, Кеңес заманында ол 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни Ұш жылда салынып бітті. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың каңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 шақырымға созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Сонымен бірге мыңаны да ескерген жөн. Патша заманындағы сияқты кеңестік темір жол да, негізінен, еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. қазақстан соныңмен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді. Ал салынған өнеркөсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржакты саясатының жемісі болып шықты.
