Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Спут Тех Даулет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

5.5 Қабылдағышпен жұмыс істеу

GR құрылғысы келесі жолмен басқарылуы мүмкін:

  • түймені басу арқылы;

  • дисплейге (тек GR25);

  • веб-интерфейс арқылы;

  • Leica GNSS Spider; немесе Leica Binary 2 (LB2) интерфейсі арқылы.

Құрылғы қалыпты тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын қалыпты икемдеуді теру арқылы қойылады. Веб-интерфейс немесе Leica GNSS Spider арқылы икемдеуді өзгертуге болады.

Веб-интерфейсті қолдайтын USB жүйелер:

  • Windows XP SP2 и SP3 (32 bit);

  • Windows Vista SP2 (32 bit);

  • Windows Server 2008 SP1 (64 bit);

  • Windows 7 (32 bit и 4 bit).

Веб интерфейсті қолдайтын бірнеше браузерлерді көрсетуге болады (кесте 5.2).

Кесте 5.2

Қолдайтын браузерлер

Браузер

Нұсқа

Internet Explorer

7 және одан жоғары

Firefox

3.5 және одан жоғары

Opera

10 және одан жоғары

Safari

4 және одан жоғары

Google Chrome

7 және одан жоғары

GNSS Spider төмендегідей сипатқа ие:

  • икемдеу және байланысты бір уақытты бірнеше құрылғылармен байланысты қолдау;

  • мониторингті икемдеу мүмкіндігі және жүйенің негізігі параметрлерінің өзгерісі: қоректену қуаты, мәліметтерге арналған бос орын, құрылғының ішкі температурасының өзгерісі туралы хабарлау;

  • бақыланатын серіктердің визуализациясы;

  • құрылғыдан шикі мәліметтерді мәліметтерді сақтау лоталығына автоматты түрде жіберу;

  • автоматтандырылған немесе файлдардың RINEX өлшеміндегі файлдың әр түрлі ұзындығын өлшемнің уақыты мен дискреттілігі бойынша орнатумен тұтынушылық конвертациясы;

  • FTP мұрағатты әр түрлі ресурстарға жіберу;

  • қалыптасқан RINEX файлдарының сапасын автоматты бақылау;

  • түзетулерді бір базалық станциядан немесе RTK торынана бір уақытта бірнеше тұтынушыларға жіберу, байланыстың әр түрлі әдістерін қолдану : Ntrip және басқалар;

  • RTK түзетулер сервисіне Spider Business Center арқылы қорғалған қол жетімділік.

5.6 Бағдарламалық қамтамасыз ету

Барлық құралдарға бір БҚ концепциясы қолданылады (кесте 5.3).

Кесте 5.3

Серияны бағдарламалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз етудің түрі

Сипаттамасы

GR

(GR10_FW_WinCE_x.xx.xxx.fw)

(GR25FW_WinCE_x.xx.xxx.fw) арналған микробағдарламалар

Құрылғылар сериясына арналған микробағдарламалық қамтамасыз ету GR RefWorx деп аталады. Бұл БҚ құрылғының барлық мүмкін функцияларын жабады. Микробағдарламада жойылмайтын орнатылмалы веб-интерфейсы бар. Интерфейстің ағылшын тілі жүйелік БҚ құрамына кіреді және жойылуы мүмкін. Барлық микробағдарламалар Windows CE базасы бойынша өтеді. Орнатылған RefWorx микробағдарламасымен бірге ылғи Windows соңғы нұсқасмы орнатылады.

Тілдік қамтамасыз ету

(REF_LANG.sxx)

Веб сервер үшін локализация барлық тілде қол жетімді. Тілдік қамтамасыз етуді жүйенің тілі деп те атайды. Бағдарламаның жадысында сақталынатын үш тілге дейін таңдауға болады: ол ағылшын және тағы екі тіл. Интерфейстің ағылшын тілі жүйелік БҚ құрамына кіреді және Жойылуы мүмкін емес. Ал белсенді ретінде бір тілді таңдау қажет.

Жүйелік БҚ барлық бағдарламалары RAM қабылдағышты сақталады. Микробағдарламаның файлын құрылғыға жүктемес бұрын SD картаға жазып алған дұрыс. Файлды жазуға болады:

  • интерфейс арқылы;

  • БҚ арқылы SD көшіру арқылы;

  • FTP арқылы SD картаға қол жетімділік.

Микробағдарламаны орнату үшін Leica GNSS Spider да қолданылады. Микробағдарламаны SD картаға жүктеу және оны GNSS Spider көмегімен құрылғыға орнату бір қадамда орындалады.