Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Спут Тех Даулет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Сурет 5.2 Базалық станцияның құрамдас бөліктері

Үнемі жұмыс істейтін серіктік референцтік станциялар серіктік сигналдарды қабылдау мүмкіндігі қолайлы орындарда орнатылады және өзінің радиусында қолданушылар GNSS қабылдағышпен тасымалданатын түзетілетін мәліметтермен тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн бойы сенімді қамтамасыз етеді. Бір базалық станция кеңістіктік координаталарды нақты уақыт режимінде сантиметрлік дәлдікте, 25 - 30 км аспайтын радиуста анықтауды қамтамасыз етеді. Ровердің базалық станциядан алыстығы үлкен болуы мүмкін, мысалы 300 км. Бір жүйеге біріктірілген үнемі жұмыс істейтін референцтік станциялар өте үлкен территорияларда жұмыс істеуді қамтамасыз ете алады.

5.3 Leica gr10/gr25 жұмыстық жиынтығы

Leica GR10/GR25 базалық станциясының GNSS қабылдағышының ұрпағы болып табылады. Ол өзіне технологияның соңғы өнімдерін біріктіреді.

Leica GR10/GR25 қарапайым, сенімді әрі өнімді құрылғы. Оның жұмыстық жиынының құрамына: GNSS антенна, SD карта, антенналық кабель, Internet кабелі немесе USB, қоректену блогы, веб интерфейсті компьютер немесе Leica GNSS Spider кіреді.

Сурет 5.3 gr10/gr25 жұмыстық жиынтығы

Құрылғы SD картасыз жұмыс істейді, бірақ мәліметтер ағынын қайта бағыттау керек. Негізгі құрамдастары туралы мәліметті кестеден көруге болады (кесте 5.1).

Кесте 5.1

Негізгі құрамдастары

Құрамдас

Сипаттамасы

1

2

GR10/GR25

шикі мәліметтерді сақтау мен жіберуді қамтамасыз ету үшін

Антенна

жаһандық навигациялық серіктік GNSS жүйелердің сигналдарын қабылдау үшін

Веб интерфейс

GR құрылғыларды икемдеуге арналған веб-құрал. Сонымен қатар GR25 дисплей және түймелермен жабдықталған, ол арқылы икемдеу жүзеге асырылады.

Leica GNSS Spider

базалық станцияларға арналған БҚ құрылғыны икемдеуге, жүктеуді орындау және файлдарды басқаруға мүмкіндік береді, Leica GR сериясының құрылғылармен жұмыс істеуін қолдайды. Бір немесе бірнеше құралдарға бір уақытта қосылуға мүмкіндік береді.

5.4 Тахеометрдің құрамдастары

Тахеометрмен GPS-құрылғыны байланыстыру оптималды далалық комплекті болып табылады. Бұндай байланыс далалық бригаданың жұмыс өнімділігі мен мобильділігін арттыра түседі:

  • өлшеу станцияларының саны азаяды;

  • тірек нүктелері қажет емес;

  • тірек жүрістерін салып керек емес;

  • құрылғы кез келген орныда орналаса алады;

  • кедергілері маңызды емес;

  • бөлу жұмыстары жеңіл орындалады;

  • нәтижелердің дәлдігі жоғары;

  • жұмыс жеңіл әрі жылдам орындалады;

GR 10 және GR 25 құрамдастарының тахеометрмен жұмыс істеуге қажетті компоненттері төменде көрсетілген(сурет 5.3).

a)тұтынушының интерфейсі; b) USB мен SD картаның қақпағы; c) алдыңғы қорғаныс бампері; d) артқы қорғаныс бампері; e) GNSS-антеннаның порты; f) осцилятордың алдыңғы порты; g) Сериялық порт (P1); h) Internet қорғалған порт; i) қоректену порты; j) антеннаның коммуникационды слот-порты (P3); k) антеннаның коммуникационды слот-порты (P3);

Сурет 5.4 GR 10 құрауыштары

a) батарея қақпағы; b) индикаторлар; c) алдыңғы қорғаныс бамперы;

d) USB мен SD картаның қақпағы; e) дисплей; f) түймелер; g) артқы қорғаныс бамперы; h) GNSS антеннаның порты; i) Bluetooth-антенна; j) PPS порты; k)сериялық порт пен әрекеттер порты(P2); l) сериялық порт (P1); m) Internet қорғалған порты; n) осцилятордың сыртқы порты; o)қоректену порты; p)антеннаның коммуникационды слот-порты (P3); q)антеннаның коммуникационды слот-порты (P3)

Сурет 5.5 GR 25 құрауыштары