Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Спут Тех Даулет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Сурет 3.2 глонасс жерсеріктері

Осы кезде жаңа жүйелерде нүкте координаталарын анықтау дəлдігін күрт жоғарылатуға, сондай-ақ навигациялық мəселелердің бүкіл кешенін нақты уақыт аралығында шешуге мүмкіндік туады. Бұл ЖРНЖ деректерін тұтынушылар санының едəуір өсуіне алып келді. Навигациядан бөлек, координаталарды анықтау дəлдігін жоғарылату, жер серігінің технологияларын геодезияда, геодинамикада, топографияда, жерді қашықтықтан зондтауда, геоақпараттық технологияларда, т.б. пайдалануға мүмкіндік береді.

4 Garmin навгиациялық GPS қабылдағыштары

4.1 еТrex-тің навгиациялық GPS қабылдағышы

еТrex-тің навгиациялық GPS қабылдағыш сериялары (12 каналды GPS-тары), шағын, жайлы және қолдануға қолайлы. Қабылдағыштың басқару батырмалары қабының қырында орналасып, бір қолмен жұмыс істеуге қолайлы және қол мен дисплейге кедергі жасалмайды. АА типті екі батареясы үздіксіз 18 сағат бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. еТrex сериялы барлық қабылдағыштар “Trac Back” функцияларымен қамтылған. Ол қажет жағдайда кері бағытта маршрут жасап, бастапқы нүктеге қайтып оралады. 12 параллельді каналдар тұрғылықты жерде тез бағыттауға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Стандартты жинаққа: 12 каналды қабылдағыш, енгізілген портативті антенна және қолдану нұсқаулары кіреді.

еТrex Legent қабылдағышының Etrex және Etrex Summit модельдерінен айырмашылығы, аспаптың іске қосу бөлігі 5 Click Stick – қалыпты жағдайынан тұрады да, онымен жұмыс істеуде аспап өте қарапайым, әрі қолайлы.

Қабылдағыштың ішкі жадында әлем картасының ақпараты орнатылған. Оның құрамын жалпы бағыттағы ақпараттар құрайды: өзен, көл, теңіз, қалалар, саяси шекаралар, негізгі жолдар.

Сонымен қатар, etrex Legent картографиялық ақпараттарды енгізуге арналған қосымша 8 Мб жадымен қамтылған.

а) 1 - растау пернесі; 2 - маршрутты бағыттау; 3 - меню; 4 - бір түсті дисплей және маршрутты көрсету көрінісі; ә) GPSMAP 176C: 1- іске қосу және жарықтандыру пернесі; 2 - навигациялау пернесі; 3 - маршрутты бағыттау; 4 - дисплейдегі көріністі жақындату; 5 - дисплейдегі көріністі алыстату; 6 - антенна; 7 - көрініс беттерін парақтау; 8 - функцияны растау; 9 - дисплей және ондағы карта көрінісі

Сурет 4.1 Жерсеріктік Garmin навигаторлары

Алғашқы кездері GARMIN GPSmap 176C қабылдағыштарын теңізге ғана арнап шығарған еді. Қазіргі кезде бұл GPS навигаторларының танымалдығы автомобилист араларында біршама артты. Сонымен қатар, GPS қабылдағышын портативтің навигатор ретінде де қолдануға болады. Ол пішіні жағынан өте ыңғайлы, қалтаға салып жүруге болады (4.1 сурет). GPSmap 176 навигаторларының сериясы өте әмбебап.

GPSmap 176 навигаторларының сезімталдығы GPS V қабылдағышына ұқсайды. Бірақ GPS II Plus және GPS III Plus навигаторларына қарағанда жұмыс істеу қабілеті, мүмкіндігі төмен.

Кесте 4.1

GARMIN GPSmap навигаторының тхникалық сипаттамасы

Қабылдағыш түрі

12 канал

Нүкте саны (Waypoints)

3000 атымен 10 символдан, икондар және ақпаратпен

Маршрут саны (Routes)/маршруттағы нүкте

50/50

Сақталған траевториялар (Tracks) саны

15 +

Жол журналындағы нүкте сыйымдылығы (Tracklog)

2500

Картографиялық деректер базасы

Енгізілген әлем картасы, Еуропаның 10-мильді автожол картасымен (сонымен қатар РФ батыс жағы), Mapsource CD пайдалану және BlueChart картридж

Қосымша картографиялық опциясы

Тек 8, 16, 32, 64, 128 немесе 256 МБ жады картриджын салған соң

Жады, Мб

8, 16, 32, 64, 128 немесе 256 МБ жад картриджы қосымша алынады

Экран түрі

LCD 16 түс

Экран пішіні (биіктік х ені), пикс.

240 *320

Экранды жарықтандыру

Көп деңгейлі

Қосымша антенна қосу мүмкіндігі

Сыртқы антенна немесе BNC тетікті антенна

Кері жолды іздеу функциясы TrackBack

+

Судан қорғануы

IPX7

Автономды жұмыс істеу уақыты, сағ

2-16 (4 АА типті батарея)

еТrex-тің навгиациялық GPS қабылдағышымен жұмыс істеу барысында әр түрлі 5 пункттен 5 реттен есеп алынды, яғни 25 биіктік анықталды. Әр пункттің N, E және Н биіктік координаталары алынды (кесте 4.1 Алынған биіктіктердің орташасы табылып, айырмашылығы анықталды. Биіктіктердің айырмашылығын келесі формула бойынша анықтауға болады:

. (4.1)

Кесте 4.2

Әр пункттің N, E және Н биіктік координаталары

1-ші пункт

2-ші пункт

3-ші пункт

4-ші пункт

5-ші пункт

1-ші

рет

Н

299 м

284 м

287 м

290 м

285 м

N

49˚57΄41″

49˚57΄40″

49˚57΄42″

49˚57΄43″

49˚57΄42″

E

82˚37΄44″

82˚35΄40″

82˚35΄31″

82˚35΄23″

82˚35΄21″

2-ші рет

H

300 м

286 м

286 м

289 м

286 м

N

49˚57΄41″

49˚57΄40″

49˚57΄42″

49˚57΄43″

49˚57΄28″

E

82˚35΄43″

82˚35΄40″

82˚35΄31″

82˚35΄23″

82˚35΄21″

3-ші рет

H

299 м

286 м

288 м

287 м

287 м

N

49˚57΄41″

49˚57΄40″

49˚57΄42″

49˚57΄43″

43˚57΄43″

E

82˚35΄43″

82˚35΄40″

82˚35΄42″

82˚35΄23″

82˚35΄21″

4-ші рет

H

295 м

286 м

288 м

287 м

288 м

N

49˚57΄11″

49˚57΄40″

49˚57΄42″

49˚57΄43″

49˚57΄42″

E

82˚35΄40″

82˚35΄40″

82˚35΄31″

82˚35΄23″

82˚35΄21″

5-ші рет

H

294 м

286 м

288 м

288 м

287 м

N

49˚57΄41″

49˚57΄40″

49˚57΄42″

49˚57΄43″

49˚57΄43″

E

E

82˚35΄40″

82˚35΄40″

82˚35΄41″

82˚35΄23″

82˚35΄21″

м

8,6-3,2-1,4-0,8-2,2 = 1 м

Қорытынды: 5 пункттің биіктік айырмашылығы 1 м-ге тең.

Сурет 4.2 еТrex-тің навгиациялық GPS қабылдағышымен жұмыс істеу барысында

Сурет 4.3 еТrex-тің навгиациялық GPS қабылдағышымен жұмыс істеу барысында

5 LEICA GR08 құрылғысымен алынған есеп

5.1 LEIСA GR10/GR25 жүйесінің сипаттамасы

GNSS-қабылдағыш Leica GR10 жоғары дәлдікті серіктік өлшеу құралы болып табылады. Ол GPS және ГЛОНАСС серіктік позициондау жүйесінің сигналдарымен жұмыс істейді, Galileo (Еуропа ғарыш агенттігі) және Compass (Қытай) жүйелерінің сигналдарымен жұмыс істеу үшін модернизация мүмкіндігі бар. Ол қарапайым GPS-қабылдағыштармен салыстырғанда үлкен артықшылықтары бар. Leica GR10 қабылдағышы жоғары сапалы түзетілмеген серіктік мәліметтерді кез-келген жағдайда алуға мүмкіндік береді. Бұл оның базалық станцияларды құру кезінде теңдессіз етеді. Сонымен қатар онда серіктік сигналдарды бақылаудың және позициондау нәтижелерін алудың жаңа технологиялары SmartTrack+ және SmartCheck+ орнатылған.

SmartTrack+ технологиясы GPS және ГЛОНАСС серіктік сигналдарын санаулы секундтарда тіпті қалалық жағдайда серікті көру мүмкіншілігі шектеулі болған жағдайда да, тек GPS-қабылдағыштарды қолдану қиындатылған жерлерде де сенімді алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар GPS және ГЛОНАСС мәліметтерін нәтижелерді RTK режимінде сантиметрлік дәлдікте, 50 Гц жиілікте базалық станциядан 30 км және одан жоғары қашықтықта алу үшін бір уақытта өңдеуге мүмкіндік береді. Инициализация бірнеше секунд ішінде орындалады. Түсірісті серіктік сигналдарды қабылдау мүмкіндігі қиын жағдайда орындауға болады.

Осылайша, серіктер сигналдарын бақылау SmartTrack+ технологиясы келесі артықшылықтарға ие:

  • сигналды санаулы секундтарда қамту;

  • сигналдың асқан көбеюі;

  • өрдің аласа бұрыштарында сенімді бақылау;

  • фазалық және кодтық көпсәулеленуді басу;

  • сигналдардың бұрмалануына тұрақтылық;

  • GPS және ГЛОНАСС өлшеу 50 Гц жиілікте жоғары сапалы;

  • жұмыс істеуде сенімділік;

  • энергияның төмен шығыны.

Leica GR10 қабылдағышы нақты геодезиялық түсірістер үшін RTK және GIS қозғалмалы қабылдағыштардың кез келген түрін бірге қолдануға қажет барлық ақпаратты береді.

Әрбір GR10 қабылдағышы бір уақытта бірнеше функция атқара алады. Қабылдағыш сигналдарды бақылау кезінде «шикі» өлшеулердің мәліметтер ағынын қабылдауға, мәліметтерден ішкі жадыдан жүктеуге және RTK, DGPS түзетулерді немесе RINEX мәліметтерді трансляциялауға болады.

L1+L2 GPS серіктік және ГЛОНАСС мәліметтерді RINEX форматында сығылусыз 1 Гц жиілікте 3,5 тәулік ішінде және мәліметтердің сығылуымен 13 тәулік шамасында жазу үшін жадының 1 GB көлемі жеткілікті. SD-карталардағы жады негізгі және буферлік (ring buffer), файлдарды әр түрлі ұзындықта жүктеу үшін және әр түрлі интервалда жазу үшін деп бөлуге болады. Файлдар «шикі» түрінде немесе RINEX форматында сыртқа шығарылуы мүмкін.

Leica GR10 серіктік геодезиялық қабылдағышы қосымша функцияларды қосу жолымен модернизацияға мүмкіндігі бар.

Leica GR10 қабылдағышы серіктік базалық станцияларға қойылатын техникалық талаптарды толымен қанағаттандырады, кейбір жағдайлада асып түседі. Leica GR10 GNSS-қабылдағышының мүмкіншіліктері:

  • мәліметтерді 50 Гц жиілікте жазу;

  • өлшеудің дәлдігі мен сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін SmartTrack+ технологиясы;

  • жазуды 10 сессияға дейін және мәліметтерді жіберудің 20 ағынына дейінгі қамтамасыз ету;

  • 32 Гб көлеміне дейінгі мәліметтерді сақтау мүмкіндігі, сонымен қатар жадыны тазарту функцияясы Smart clean-up;

  • Мәліметтерді жіберудің форматының кең шығарылымы: Leica, Leica 4G, RTCM 2.x,3.x, LB2, BINEX, CMR, CMR+;

  • заманауи, түсінікті GUI веб-итерфейсінің болуы, бірнеше тілдерді демеу;

  • Leica GNSS Spider БҚ (ПО)-мен интеграцияның қарапайымдылығы;

  • жеңіл әрі берік металл корпус;

  • IP67 дәрежесіндегі қорғанысы, соның ішінде Internet портының қоғанысы;

  • станцияны шатырда, кеңседе, ғимараттың қабырғасында орнатуға мүмкіндік беретін қарапйым бекіткіш;

  • Slot-in орнатылған байланыс порты;

  • сыртқы қосылған құрылғыларды басқару модулі;

  • қорек қуатының диапазоны 10,5 бастап 28 В дйін;

  • энергиярың аз шығымы: 3.0-3,5 Вт;

  • Internet арқылы Web интерфейс: http және secured https демеу;

  • DHCP, DNS, DynDNS және мобильді интернетті қолдау;

  • байланыс қорғанысының жоғары дәрежесі: IP бойынша фильтрлеу сүзу, селективті қол жетімділік, HTTPS мен SSL;

  • қосылудың сыртқы модулі plug and play;

  • мәліметтерді жазу: өлшеу файлдарын RINEX форматында генерациялау мүмкіншілігі мәліметтерді өшірілген FTP серверге шығару.

5.2 GNSS - базалық станцияның құрам бөліктері

Үнемі жұмыс істейтін серіктік референцті (базалық) станция – серіктік навигациондық және геодезиялық қабылдағыштардың көмегімен алынатын мәліметтердің түзетілуіне арналған ақпараттарды беру жолымен объектілердің кеңістіктік орнын анықтау және өлшеулерді орындауға арналған аппаратты-бағдарламалық кешен.

Үнемі жұмыс істейтін базалық (референцті) станция құрамына: ГНСС қабылдағыш, серіктік антенна, үзілмейтін қорек көзі, байланыс құралы, арнайы дайындалған орындарға стационарлы түрде орнатылатын нөсерден қорғану және найзағайды әкету жүйелері кіреді (сурет 4.1.).

Базалық станцияның серіктік антеннасы геодезиялық пунктке ұқсас қозғалмайтын негізге орнатылған арнайы пилонның төбесіне мықты бекітіледі. Антеннаның координаталары тірек негіздерінің пункттерінің координаталарымен бірге және бірдей дәлдікте анықталады. Осылайша, серіктік базалық станция дәстүрлі геодезиялық тірек пункттерімен бірдей құрылыс объектісінің жүйесінің тасушысы болып табылады.