- •1 Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
- •2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
- •3. Ғылым дегеніміз не?
- •4)Абиогенез және биогенез дегеніміз не? Көзқарастарды қолдаушылардың еңбектері мен тәжірибелері.
- •5 .Генетика негіздері. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері
- •6)Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері
- •9) Мутация және мутаген деген не. Мутацияның түрлері қандай?
- •10. Тіршіліктің жерде пайда болуы жөніндегі негізгі гипотезалар туралы айтыңыз
- •11.Бүкіл тірі дүниенің негізі болып табылатын клетканың қызметі мен құрылысын ашып көрсетіңіз.
- •12. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі мен клетка теориясына тоқталыңыз.
- •14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.
- •15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары
- •16. Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидаларын жазыңыз
- •17. Биологиялық эволюцияның принциптері мен тіршіліктің пайда болуының концепцияларына тоқталыңыз. А.И. Опарин теориясының мәні неде?
- •18. Тірі зат, биосфера, биоценоз және биогеоценоз ұғымдарының байланысы мен айырмашылықтары.
- •19.Биосфераның дамуы мен эволюцияның сипаты қандай мысал келтіріңіз.
- •21.Тірі зат- биосфера жүйесін түзуші фактор ретінде
- •22. Вернадскийдің биосфера мен ноосфера концепцияларына тоқталыңыз.
- •23 Вернадскидің биосфера мен ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі деңгейін түсіндіру үшін маңыздылығына тоқталыңыз
- •24 Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін жазып беріңіз
- •1.Молекулалық деңгей
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •29 Homo туыстастығының эволюциясы
- •32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
- •33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
- •34.Адам миының құрылысы мен қызметін жазып беріңіз
- •35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
- •38 Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- •30. Қазіргі заманғы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың мазмұны мен себептеріне тоқталыңыз.
- •37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
- •36. Панбиология және пансоциология деген не?Олардың кемшілігі неде? Сипаттаңыз.
- •41.Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •46. Жердің Электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •47. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар
- •49 Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисфарция, поляризация.
- •50. Ядролық физиканың рөлі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер
- •53. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы
- •55. Салыстырмалылық теориясы. Уақыт деген не және жүйеде оның орны неге байланысты
- •56. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы. Жалпы салыстырмалылық теориясы
- •57. Кванттық механиканың пайда болуы. Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі
- •58. Атомдық физиканың дамуы. Атомның Томсон және Резерфорд бойынша моделі. Бор постулаттары
- •48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
- •42.Электр ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Элдектр тогы
- •51. Радиоактивтіктің ашылуы.
- •52.Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация
- •54. Табиғаттағы элементар бөлшектер
- •59. Кванттық физиканың пайда болуы. Гейземберг.
48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
Молекулалық физика – физиканың әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың физикалық қасиеттерін олардың молекулалық құрылысы негізінде зерттейтін саласы. Молекулалық физиканың ең алғаш қалыптасқан бөлімі – газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы. Бұл теория 1858 – 60 жылдары Дж.Максвеллдің, 1868 жылы Л.Больцман және 1871 – 1902 жылдары Дж.Гиббс еңбектерінің нәтижесінде классикалық - статистикалық физика болып қалыптасты. Молекулалардың өзара әсері (молекулалық күштер) жөніндегі сандық мәліметтер капиллярлық құбылыстар теориясында: 1743 жылы А. Клероның, 1805 жылы Т.Юнгтың, 1806 жылы П.Лапластың,С.Пуассонның, т.б-дың классикалық еңбектерінде дамытылып, беттік құбылыстар теориясының жасалуына негіз болды. Голланд физигіЯ.Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен сұйықтықтардың физ. қасиеттерін түсіндіру үшін молекула аралық өзара әсер ұғымын (1873) пайдаланып нақты газдардың күй теңдеуін (Ван-дер-Ваальс теңдеуі) қорытып шығарды. 1906 жылы француз физигі Ж.Перрен мен швед ғалымы Т.Сведбергтің, 1904 – 06 жылы поляк физигі М.Смолуховский мен А.Эйнштейннің микробөлшектердің броундық қозғалысына және заттардың молекулалық құрылысына арналған зерттеу жұмыстары кез келген заттың молекулалардан тұратындығының айғағы болды. Кванттық механикада молекула аралық өзара әсер туралы ілім 1927 жылы Ф.Лондонның, 1927 жылы В.Гейтлердің, 1930 жылы П. Дебайдың, 1937 – 39 жылы М.Борнның еңбектерінде дамытылды. 19 ғасырда Я.Ван-дер-Ваальс пен У.Томсон (Кельвин) байқаған және Дж.Гиббс пен 1937 жылы Л.Ландаудың еңбектерінде дамытылған бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге ауысу теориясы фаза түзілудің қазіргі теориясына айналды; сөйтіп ол молекулалық физиканың маңызды жеке тарауы болып қалыптасты. Я.И. Френкельдің, Дж.Берналдың, т.б. еңбектерінде статистик. әдістің заттардың құрылымы жөніндегі көзқараспен біріктірілуі сұйықтықтар мен қатты денелердің молекулалық физикасының дамуына үлкен әсер етті. Молекулалық физика нені қамтиды ? Мұнда газдардың, сұйықтықтардың және қатты денелердің құрылысы, олардың сыртқы әсерлердің (қысым, температура, электр және магнит өрістері) нәтижесінде өзгеруі, тасымалдау құбылысы (диффузия, жылуөткізгіштік, ішкі үйкеліс), фазалық тепе-теңдік және ауысу процестері (кристалдану және балқу, булану және конденсация, т.б.) заттардың кризистік күйі, әр түрлі фазалардың бөліну шекараларындағы беттік құбылыстар қарастырылады. 20 ғасырда молекулалық физиканың жедел қарқынмен дамуы нәтижесінде одан статистикалық физика, физ. кинетика, қатты денелер физикасы, физ. химия тәрізді ірі, өз алдына дербес салалар бөлініп шықты. Қазіргі ғылым мен техниканың жаңа заттар мен материалдарды кеңінен пайдалануының нәтижесінде заттар құрылысын зерттеудің сан алуан әдістері пайда болды. Заттардың және олардың зерттеу әдістерінің әр түрлі болуына қарамастан молекулалық физика заттар құрылысының микроскопиялық (молекулалық) сипатына негізделе отырып, олардың макроскопиялық қасиеттерін зерттейді. Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т - температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.
Изопроцестер үшеу: изотермалық, изобаралық, изохоралық.Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изотермалық процесс ( көне грекше: ἴσος - бірдей және көне грекше: θέρμη - жылу) деп атайды.Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изобаралық процесс (грек. көне грекше: ἴσος - бірдей, көне грекше: βάρος - ауырлық салмақ) деп аталады.
Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін Изохоралық процесс (грек. көне грекше: ἴσος - бірдей және көне грекше: χώρος - көлем) деп атайды.Барлық газ заңдары Менделеев-Клайперон теңдеуінен жеңіл алынады.
