- •1 Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
- •2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
- •3. Ғылым дегеніміз не?
- •4)Абиогенез және биогенез дегеніміз не? Көзқарастарды қолдаушылардың еңбектері мен тәжірибелері.
- •5 .Генетика негіздері. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері
- •6)Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері
- •9) Мутация және мутаген деген не. Мутацияның түрлері қандай?
- •10. Тіршіліктің жерде пайда болуы жөніндегі негізгі гипотезалар туралы айтыңыз
- •11.Бүкіл тірі дүниенің негізі болып табылатын клетканың қызметі мен құрылысын ашып көрсетіңіз.
- •12. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі мен клетка теориясына тоқталыңыз.
- •14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.
- •15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары
- •16. Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидаларын жазыңыз
- •17. Биологиялық эволюцияның принциптері мен тіршіліктің пайда болуының концепцияларына тоқталыңыз. А.И. Опарин теориясының мәні неде?
- •18. Тірі зат, биосфера, биоценоз және биогеоценоз ұғымдарының байланысы мен айырмашылықтары.
- •19.Биосфераның дамуы мен эволюцияның сипаты қандай мысал келтіріңіз.
- •21.Тірі зат- биосфера жүйесін түзуші фактор ретінде
- •22. Вернадскийдің биосфера мен ноосфера концепцияларына тоқталыңыз.
- •23 Вернадскидің биосфера мен ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі деңгейін түсіндіру үшін маңыздылығына тоқталыңыз
- •24 Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін жазып беріңіз
- •1.Молекулалық деңгей
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •29 Homo туыстастығының эволюциясы
- •32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
- •33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
- •34.Адам миының құрылысы мен қызметін жазып беріңіз
- •35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
- •38 Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- •30. Қазіргі заманғы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың мазмұны мен себептеріне тоқталыңыз.
- •37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
- •36. Панбиология және пансоциология деген не?Олардың кемшілігі неде? Сипаттаңыз.
- •41.Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •46. Жердің Электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •47. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар
- •49 Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисфарция, поляризация.
- •50. Ядролық физиканың рөлі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер
- •53. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы
- •55. Салыстырмалылық теориясы. Уақыт деген не және жүйеде оның орны неге байланысты
- •56. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы. Жалпы салыстырмалылық теориясы
- •57. Кванттық механиканың пайда болуы. Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі
- •58. Атомдық физиканың дамуы. Атомның Томсон және Резерфорд бойынша моделі. Бор постулаттары
- •48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
- •42.Электр ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Элдектр тогы
- •51. Радиоактивтіктің ашылуы.
- •52.Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация
- •54. Табиғаттағы элементар бөлшектер
- •59. Кванттық физиканың пайда болуы. Гейземберг.
37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.Фенотип ағзаның тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол ағзаның дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминін алғаш рет дат ғалымы В. Иогансен (1857 – 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотиптің өзгеруімен қатар жүрмейді (немесе керісінше). Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса, олардың арасында айтарлықтай үлкен Фенотиптік айырмашылықтарды байқауға болады. Микроэволюция барысында сұрыпталу дарабастардың фенотип тері бойынша жүріп отырады. Соның нәтижесінде популяцияда генотип арқылы бақыланатын қажетті деген фенотип тері бар даралар сақталып отырады. Популяцияда генотипі әр түрлі дарабастар болған жағдайда фенотип бойынша сұрыпталу генотип бойынша сұрыпталуға алып келеді. Генотиптік өзгергіштік болмаған жағдайда, фенотип бойынша сұрыпталу ешқандай нәтиже бермейді. Мұны Иогансен таза линияларға жүргізген сұрыптау тәжірибелері арқылы көрсетіп берді.Фенотип — бір ағзаның барлық көрінісі мен қасиеттерінің жинағы. Генотиптің сыртқы ортамен қарым-қатынасынан туады.
Генотип (ген және гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы.«Генотип» терминін 1909 жылы даниялық генетик В.Иогансен ұсынған. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады.Генотип ағзадағы тұқым қуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде, фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы Генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады, сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байланысты.[2]Мысалы, өсімдік жапырағына жасыл түс беретін пигмент хлорофилдің түзілуін белгілі бір ген анықтайды. Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған қолайлы жағдай, яғни жарық қажет. Сонда ғана жапырақ жасыл түске боялады. Егер өсімдікті қараңғы жерде өсірсе, ол бозарып кетеді, себебі, ген өзінің қызметін толық атқара алмағаны.
40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
Раймонд Линдеман-( 1915-1942) американ биологы.Ол энергия берілудің 10 пайыздық заңын ашқан. Оның осы заңы ол 1942 жылы өмірден өткеннен кейін барып, мақаласында жарияланады.
Заттар мен энергия тасымалдануының әрбір кезеңінде шамамен 90 %- і жоғалады және олардың 1/10 бөлігі ғана келесі тұтынушыға көшеді. Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р.Линдеман ашқандықтан, кейде оны «Линдеман заңы» деп те атайды.
Нақты бір қоректік тізбектерде өсімдіктер қорегінде жинақталған энергияның мөлшерін және берілуін есептеуге болады. Өсімдік фотосинтез кезінде шамамен 1% күн энергиясын байланыстырады. Осы өсімдікпен қоректенген жануарлар, онда жинақталған энергияны толығымен пайдалана алмайды. Қоректің бір бөлігі қорытылмайды және экскременттер түрінде бөлінеді. Әдетте өсімдіктер жемінің 20-60%-ке дейінгі мөлшері меңгеріледі. Меңгерілген энергия жануарлардың өсу, көбею т.б. тіршіліктеріне жұмсалады. Мүшелер мен клеткалардың жұмысы кезінде жылу бөлінеді, өйткені қоректің энергиясының біразы қоршаған ортаға таралады. Қорытылған қоректің тек шамалысы ғана жаңа ұлпаның түілуіне, майдың қорға жинақталуына жұмсалады. Жас организмдерге бұл үлес ересектерімен салыстырғанда бірнеше есе көп. Сондықтан алғашқы кезеңнен бастап қоректік тізбектен энергияның көп жоғалуы байқалады.
Егер өсімдіктердің органикалық алғашқы өнімділігі 1000 Дж болса, онымен қоректенетін шөп қоректі жануарлардың денесінде бұл мөлшерден 100 Дж қалады. Ал осы шөп қоректі жануарлармен қоректенген жыртқыш денесіне барлығы 10 Дж өтеді, кейін бұл жыртқышпен басқасы қоректенсе, оның үлесіне тек ғана 1 Дж тиеді. Сонымен жасыл өсімдіктен жинақталған энергия қоры қоректік тізбектерде тез таусылады. Сондықтан қоректік тізбек әдетте, барлығы 4-5 звенодан аспайды.
39.Қазіргі кездегі тіршілік ететін тірі организмдердің негізгі топтарының пайда болуына себептер мен болған процесстердің теориялық реттілігіне тоқталыңыз.Биотаның түзілу реттілігін схема түрінде көрсетіңіз.
Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалымтасқан. Оның біріншісі - тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас - биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайлы бұл екі көзқарас арасындағы келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды мазмұнддарына сәйкес 5 топқа біріктіруге болады. Олар: креационистік тұжырымдама, тіршіліктің өздігінен пайда болғаны туралы тұжырымдама, тіршіліктің мәңгілігі туралы тұжырымдама, метеориттер мен тіршіліктің байланысы туралы тұжырымдама, материалистік тұжырымдама.
Биота –белгілі бір аумақта тіршілік ететін әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың тарихи қалыптасқан топтары. Биотаның биоценоздан айырмашылығы биота құрамына бір-біріне ешқандай байланысы жоқ түрлер де кіреді (мысалы, аю мен балық, бақа мен жылан, т.б.).
Сандық мөлшермен алғанда биотаның құрамына кіретін химиялық элементтердің жалпы құрамы теңіз суының құрамына жақын. Биотаның құрамында тек тірі жәндікке ғана тән бір де бір элемент жоқ, сондай – ақ бейорганикалық материяда кездеспейтінде бір де бір элемент жоқ. Биотаның құрамындағы заттардың химиялық құрылысы гидросфера, атмосфера және литосфераның жоғарғы қабатының химиялық құрамынан сұрыптау мен негізгі компоненттерді ұйымдастыру бойынша өзгешеленеді. Қазіргі кездегі белок молекулаларын құрайтын 20 амин қышқылдары миллиондаған жылдар бойы эволюция процесінің барысында сұрыпталып, қалдырылған. Басқа амин қышқылдарының жиынтықтарының кодтары жойылып, оларға сәйкес эволюциялық линиялар бірте-бірте жойылып кеткен.
биотаның түзілуі химиялық процестердің кейіннен биохимиялық процестерге айналғанынан басталады. Бұл процестердің реттілігін схема түрінде төмендегіше беруге болады: амин қышқылдары белок молекулалары күрделі көмірсулар ферментация фотосинтез тыныс алу. Тыныс алу – фотосинтезге кері үрдіс – оның нәтижесінде өсімдіктерге қажетті көмірқышқыл газы бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар өте көп мөлшерде энергия бөлінеді.
