- •1 Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
- •2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
- •3. Ғылым дегеніміз не?
- •4)Абиогенез және биогенез дегеніміз не? Көзқарастарды қолдаушылардың еңбектері мен тәжірибелері.
- •5 .Генетика негіздері. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері
- •6)Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері
- •9) Мутация және мутаген деген не. Мутацияның түрлері қандай?
- •10. Тіршіліктің жерде пайда болуы жөніндегі негізгі гипотезалар туралы айтыңыз
- •11.Бүкіл тірі дүниенің негізі болып табылатын клетканың қызметі мен құрылысын ашып көрсетіңіз.
- •12. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі мен клетка теориясына тоқталыңыз.
- •14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.
- •15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары
- •16. Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидаларын жазыңыз
- •17. Биологиялық эволюцияның принциптері мен тіршіліктің пайда болуының концепцияларына тоқталыңыз. А.И. Опарин теориясының мәні неде?
- •18. Тірі зат, биосфера, биоценоз және биогеоценоз ұғымдарының байланысы мен айырмашылықтары.
- •19.Биосфераның дамуы мен эволюцияның сипаты қандай мысал келтіріңіз.
- •21.Тірі зат- биосфера жүйесін түзуші фактор ретінде
- •22. Вернадскийдің биосфера мен ноосфера концепцияларына тоқталыңыз.
- •23 Вернадскидің биосфера мен ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі деңгейін түсіндіру үшін маңыздылығына тоқталыңыз
- •24 Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін жазып беріңіз
- •1.Молекулалық деңгей
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •29 Homo туыстастығының эволюциясы
- •32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
- •33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
- •34.Адам миының құрылысы мен қызметін жазып беріңіз
- •35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
- •38 Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- •30. Қазіргі заманғы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың мазмұны мен себептеріне тоқталыңыз.
- •37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
- •36. Панбиология және пансоциология деген не?Олардың кемшілігі неде? Сипаттаңыз.
- •41.Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •46. Жердің Электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •47. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар
- •49 Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисфарция, поляризация.
- •50. Ядролық физиканың рөлі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер
- •53. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы
- •55. Салыстырмалылық теориясы. Уақыт деген не және жүйеде оның орны неге байланысты
- •56. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы. Жалпы салыстырмалылық теориясы
- •57. Кванттық механиканың пайда болуы. Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі
- •58. Атомдық физиканың дамуы. Атомның Томсон және Резерфорд бойынша моделі. Бор постулаттары
- •48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
- •42.Электр ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Элдектр тогы
- •51. Радиоактивтіктің ашылуы.
- •52.Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация
- •54. Табиғаттағы элементар бөлшектер
- •59. Кванттық физиканың пайда болуы. Гейземберг.
35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
Этология — жануарлардың мінез-қылығының биологиялық заң-дылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ал мінез-қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын қимыл-әрекетінің жиынтығын айтады. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез қылықтар мен дағдылы әрекеттерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын айқындап, организмнің турлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал, физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің нервтік механизмін зерттейді.
Жануарлар мінез-қылығы туа біткен және жүре пайда болган болып екі топқа бөлінеді. Туа біткен мінез-қылық (қоректік, жыныстық, сақтық т.б.) құрамалары тұқым қуалайды, ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады, олар белгілі бір жағдайда атқарылатын дағдылы әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Физиологиялық тұрғысынан дағдылы әрекеттер эволюция барысында қалыптасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Жүре қалыптасқан мінез-қылықтың ең жақсы зерттелген түрі — шартты рефлекстер.
Қазіргі кезде этологияның жаңа бағыты — адам мінезін зертгеу саласы дамып келеді. Оның негізін әлеуметтік психология мен білім проблемалары құрайды.
Этология бағыты қарастыратын негізгі мәселелер шеңберін Н.Тинберген нақты көрсетіп берді. Оның пікірінше, жануарлар әрекет-құлық актілерін талдау мынадай 4 сұраққа жауап беру негізінде жүзеге асады:
Белгілі бір әрекет-құлықты қандай факторлар түзейді?
Әрекет-құлықтың онтогенездегі қалыптасу тәсілдері қандай?
Филогенездегі әрекет-құлықтың пайда болу жолдары қандай?
Әрекет-құлықтың бейімделгіш функциялары қандай?
Бұл әйгілі “Тинбергеннің 4 сұрағы” әрекет-құлық туралы ғылымның теориялық негіздерінің қалыптасуына әсер етті. Бұл сұрақтарға толық жауап беру үшін салыстырмалы түрде сандық мәліметтер талдауына сүйену қажет, сондай-ақ филогенетикалық және онтогенездік талдау ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Этологиядағы негізгі жағдайлар.
Этологтар ұсынған концепциялардың дамуына негіз болып әрекет-құлықтардың кейбір актілерінің қалыптасу ерекшеліктері болып табылады. Олардың кейбіреулері әрекеттердің стереотиптік кезектілігін білдіреді. Бұл кезектілік “әрекет жиынтықтарының тіркелуі” деп аталып, инстинкттік құлықтың сапалық бірлігі ретінде ұсынылды. Сонымен, әрекет жиынтықтарының тіркелуі (ӘЖТ) – бұл өзгермелі ( әрбір жануарлар түрлеріне байланыстылығы), тұқымқуалаушылық ( “дайын” түрде пайда болатын) , шаблондық (орындау формасы мен тәртібіне байланыстылығы), қимылдық әрекеттер болып табылады.
К.Лоренц оларды “тұқымқуалайтын координациялар” немесе “эндогендік қозғалыстар” деп атады.
Этологтар құлықтың қалыптасуын қарастырғанда әрекет актілерінің құрылысы туралы пікірлерге сүйенеді, яғни бұл актілерінің құрылысын 20-жылдары американдық зерттеуші Уоллес Крэг ұсынған.
Жануарларда нақты бір кезеңде бір немесе басқа спецификалық мотивациялық жағдай дамиды (қоректік, жыныстық т.б.). Бұлардың нәтижесінде “іздену әрекеті” қалыптасады, одан кейін “негізгі қоздырғыш” реакциясы пайда болады.
Этологтардың пікірінше, жануарлар құлығы дегеніміз – сыртқы қоздырғыштарға қайтарылатын реакциялар болып табылады.
