Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
концепция сессия 5555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.61 Кб
Скачать

2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.

1. Ғылым пайда болғаннан бергі 2,5 мың жыл бойы ол ұдайы дамуда, өйткені ол адамның үздіксіз дүниетану процесінің, бүгін білмегенді ертең білуге бағытталған практикалық іс-әрекетінің нәтижесі, қорытындысы. Ғылым мазмұны жағынан тереңдей түсіп, көлемі жағынан ұлғая түседі. Бірақ ғылымның даму процесі әрдайым біркелкі жүре бермейді. Ғылымның пайда болуы біздің эрамызға дейінгі VI-Vғғ.деп есептеледі. Өйткені оның тууына қажетті тарихи-әлеуметтік жағдайлар осы кезде қалыптасты. Ғылымның даму логикасын ашу дегеніміз ғылыми прогрестің заңдылықтарын, оның дамытушы күштері, себептері мен тарихи байланыстарын анықтау деген сөз.

. Оның ғылыми жолы- салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Әдістеме дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.

Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал бұның өзі барлық зерттеушілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді.

Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды жатқызуға болады:

1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме – бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау – объективті жағдайдың құбылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау – объектілер тәралы мәліметтерді тіл құралдары арқылы жеткізу; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) – құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларды зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:

1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;

2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір тұтас жүйеге біріктіру;

3) астракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;

5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;

9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі жаратылстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.