- •1 Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
- •2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
- •3. Ғылым дегеніміз не?
- •4)Абиогенез және биогенез дегеніміз не? Көзқарастарды қолдаушылардың еңбектері мен тәжірибелері.
- •5 .Генетика негіздері. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері
- •6)Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері
- •9) Мутация және мутаген деген не. Мутацияның түрлері қандай?
- •10. Тіршіліктің жерде пайда болуы жөніндегі негізгі гипотезалар туралы айтыңыз
- •11.Бүкіл тірі дүниенің негізі болып табылатын клетканың қызметі мен құрылысын ашып көрсетіңіз.
- •12. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі мен клетка теориясына тоқталыңыз.
- •14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.
- •15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары
- •16. Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидаларын жазыңыз
- •17. Биологиялық эволюцияның принциптері мен тіршіліктің пайда болуының концепцияларына тоқталыңыз. А.И. Опарин теориясының мәні неде?
- •18. Тірі зат, биосфера, биоценоз және биогеоценоз ұғымдарының байланысы мен айырмашылықтары.
- •19.Биосфераның дамуы мен эволюцияның сипаты қандай мысал келтіріңіз.
- •21.Тірі зат- биосфера жүйесін түзуші фактор ретінде
- •22. Вернадскийдің биосфера мен ноосфера концепцияларына тоқталыңыз.
- •23 Вернадскидің биосфера мен ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі деңгейін түсіндіру үшін маңыздылығына тоқталыңыз
- •24 Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін жазып беріңіз
- •1.Молекулалық деңгей
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •29 Homo туыстастығының эволюциясы
- •32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
- •33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
- •34.Адам миының құрылысы мен қызметін жазып беріңіз
- •35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
- •38 Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- •30. Қазіргі заманғы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың мазмұны мен себептеріне тоқталыңыз.
- •37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
- •36. Панбиология және пансоциология деген не?Олардың кемшілігі неде? Сипаттаңыз.
- •41.Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •46. Жердің Электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •47. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар
- •49 Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисфарция, поляризация.
- •50. Ядролық физиканың рөлі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер
- •53. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы
- •55. Салыстырмалылық теориясы. Уақыт деген не және жүйеде оның орны неге байланысты
- •56. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы. Жалпы салыстырмалылық теориясы
- •57. Кванттық механиканың пайда болуы. Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі
- •58. Атомдық физиканың дамуы. Атомның Томсон және Резерфорд бойынша моделі. Бор постулаттары
- •48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
- •42.Электр ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Элдектр тогы
- •51. Радиоактивтіктің ашылуы.
- •52.Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация
- •54. Табиғаттағы элементар бөлшектер
- •59. Кванттық физиканың пайда болуы. Гейземберг.
32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жұмысы, білгенін басқаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. Ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.
Әрбір адам белгілі бір әлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде әрбір адам жеке тұлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру мақсатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді
Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке қызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлық тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзаға сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде әсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сыртқы және ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің әсері талданады. Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет еңгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-1650).
Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топқа бөледі. Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) арқылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.
