- •1 Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
- •2. Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
- •3. Ғылым дегеніміз не?
- •4)Абиогенез және биогенез дегеніміз не? Көзқарастарды қолдаушылардың еңбектері мен тәжірибелері.
- •5 .Генетика негіздері. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері
- •6)Тірінің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері
- •9) Мутация және мутаген деген не. Мутацияның түрлері қандай?
- •10. Тіршіліктің жерде пайда болуы жөніндегі негізгі гипотезалар туралы айтыңыз
- •11.Бүкіл тірі дүниенің негізі болып табылатын клетканың қызметі мен құрылысын ашып көрсетіңіз.
- •12. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі мен клетка теориясына тоқталыңыз.
- •14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.
- •15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары
- •16. Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидаларын жазыңыз
- •17. Биологиялық эволюцияның принциптері мен тіршіліктің пайда болуының концепцияларына тоқталыңыз. А.И. Опарин теориясының мәні неде?
- •18. Тірі зат, биосфера, биоценоз және биогеоценоз ұғымдарының байланысы мен айырмашылықтары.
- •19.Биосфераның дамуы мен эволюцияның сипаты қандай мысал келтіріңіз.
- •21.Тірі зат- биосфера жүйесін түзуші фактор ретінде
- •22. Вернадскийдің биосфера мен ноосфера концепцияларына тоқталыңыз.
- •23 Вернадскидің биосфера мен ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі деңгейін түсіндіру үшін маңыздылығына тоқталыңыз
- •24 Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін жазып беріңіз
- •1.Молекулалық деңгей
- •2.Жасушалық деңгей
- •3.Ұлпалық деңгей
- •5.Организмдік
- •6.Популяциялық
- •8.Биосфералық
- •29 Homo туыстастығының эволюциясы
- •32.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды сипаттаңыз(филогенез)
- •33 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды атаңыз (онтогенез)
- •34.Адам миының құрылысы мен қызметін жазып беріңіз
- •35.Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.
- •38 Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- •30. Қазіргі заманғы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың мазмұны мен себептеріне тоқталыңыз.
- •37)Генотип және фенотип деген не? Олардың арақатынасы қандай ?Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •40.Энергия берілуінің 10 пайыздық ережесін сипаттап,мысал келтіріңіз.
- •36. Панбиология және пансоциология деген не?Олардың кемшілігі неде? Сипаттаңыз.
- •41.Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •46. Жердің Электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •47. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар
- •49 Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисфарция, поляризация.
- •50. Ядролық физиканың рөлі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер
- •53. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы
- •55. Салыстырмалылық теориясы. Уақыт деген не және жүйеде оның орны неге байланысты
- •56. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы. Жалпы салыстырмалылық теориясы
- •57. Кванттық механиканың пайда болуы. Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі
- •58. Атомдық физиканың дамуы. Атомның Томсон және Резерфорд бойынша моделі. Бор постулаттары
- •48.Молекулалык физика нені зерттейді. Изопротестер
- •42.Электр ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Элдектр тогы
- •51. Радиоактивтіктің ашылуы.
- •52.Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация
- •54. Табиғаттағы элементар бөлшектер
- •59. Кванттық физиканың пайда болуы. Гейземберг.
29 Homo туыстастығының эволюциясы
Саналы адам -
(лат. Homo sapiens; кейде Хомо Сапиенс деп айтылады - Сүтқоректілер класының Приматтар отрядының гоминидтер тұқымдасының Адамдар тегінің жалғыз биологиялық түрі.
Ислам бойынша Адамды Алла тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде әлі қара-қайшылыққа толы эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.
Адамның табиғаты және жаратылысы осы күнге дейін философиялық және діни атыстың негізгі тақырыбы болып келе жатыр.
Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды», — деп дәлелдеген.
Шебер адам (лат. Homo habilis) — еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға басқан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.
Кәдімгідей тік жүруге байланысты питекантроптардың каңқасында маңызды өзгерістер болды. Аяқ басында күмбезпайда болды. Жамбас пішіні табақка көбірек ұқсас бола бастады. Питекантроптар шапшаң жүріп, алыстау қашықтықка жете алды. Осыған орай питекантроптар homo erectus немесе тік жүретін адам деп аталды.
Австралопитек (лат. «australis» — оңтүстік, грек, «pitekos» — маймыл) — адамның арғы тегі. Австралопитекдің қаңқалары алғаш 1924 ж. Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлінде, Таунгс маңынан табылған. Кейін Шығыс және Ортлық Африканың басқа да жерлерінен бас сүйек қалдықтары табылды. Австралопитектерді ағылшын ғалымдары Р. Дарт (1924 ж.), М. Лики, Л. Лики (1959—1962 ж.), американ антропологтары Д. Джохансон, М. Иди (1959—1962 ж.) зерттеген. Австралопитектің бойлары аласа, бас сүйегі мен миы шағындау (500—600 см³), жақ сүйектері үлкен, көздерінің айналасы шұңқыр, мандайы кең, саусақтары ұстауға икемді болған.
Бұл ретте егер hомо сапиенс биологиялық эволюционизм заңдылықтарының негізінде дамымаған болса, қалайша кроманьондықтар соншалықты морфологиялық түрлі нәсілдерге ажырап кетті деген сауал туындайды. Мәселе мынада: қара тері ультрафиолеттік нұрланудан жақсырақ қорғайды, ал ақ түсті тері – Д витаминнің синтезденуін қамтамасыз етеді. Қара тәнділер мен ақ түсті адамдардың айырмашылықтарын осымен түсіндіруге болады. Дарвин адамдық нәсілдерді қалыптастыруда жыныстық сұрыпталу анықтаушы рөл атқарады деп есептеген. Бұл тұрғыда Я.Я.Рогинский мен М.Г.Левин «алғашқы қауымдық қоғамдағы ең күшті еркектер ең сүйкімді әйелдерді өздеріне таңдап алған. Мұндай ер адамдардың ұрпақтары көп санды болған. Ақырында, жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде тайпа типі қалыптасқан болуы керек» – деп, болжамдайды[3].
Жаңа заманда қоршаған ортаға тәуелді болмастан өмір сүрген адамдардың жиынтықталған нәсілдік белгілерінің бейімделу үшін маңызы болмай қалды. Алайда, этникалық өздік сана мен жыныстық сұрыпталу үдерістері жинақталған биологиялық айырмашылықтардың араласуына жол бермеді. Табиғи сұрыпталу тек мемлекеттік құрылымның қалыптасуына байланысты ғана рөлін жоғалта бастаған. Адамның саналы және мақсатқа қаратылған еңбегінің де маңызы зор болды. Сонымен, зерттеушілер бастапқы замандарда ғана табиғи және жыныстық сұрыпталу әсерінің әжептәуір болғандығын мойындайды. Айта кету керек, адамзат биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, табиғатпен байланысын үзген жоқ. Сонымен бірге адам баласы саналы тіршілік иесі болғандықтан, моралдық қасиеттерін жоғалтпауы тиіс. Табиғат технократтық даңғойлықты кешірмейді. «Бейімділікке қабілет танытпаған нәсілдерді» жоюға қаратылған ресми мемлекеттік саясат та, қанауды ақтау үшін еңбек жазған ғалымдар (Спенсер) да әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасын ту етіп көтеруде.
