Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
концепция сессия 5555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.61 Кб
Скачать

14.Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейіндегі әрекет ету механизмін ашып көрсетіңіз.Популяцияға сипаттама беріңіз.

Биологиялық эволюцияның популяциялық деңгейі:

Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз- бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы. Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.

Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.

Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруыбір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары және динамикалық сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді.

Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:

  • 1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;

  • 2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;

  • 3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;

  • 4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;

  • 5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;

  • 6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;

  • 7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;

  • 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.

Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

15)Эволюцияның негізгі факторларымен қозғаушы күштеріне тоқталыңыз.Ч.Дарвинның көзқарастары

Эволюцияның қозғаушы күштері — деп Ч. Дарвин тұқымқуалаушылық, өзгеріштік және табиғи сұрыпталу деп бөлді. Ол тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік эсерінен пайда болған өзгерштігін организм өзінде сақтап және келесі ұрпаққа бере алады деп түсіндірді. Өзгергіштік организмдердің алуантүрлігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық осы өзгерісті келесі ұрпаққа береді. Сонымен барлық тірі организмдердегі өзгерштік пен шағылыстыру кезіндегі пайда болған өзгерістер тұқымқуалаушылықтың жемісі (гетерогендігі).

Эволюция барысында тірі организмдердің белгілі бір заңдылыққа сәйкес өзгеруін зерттеу барысында, Ч. Дарвин егер белгілі бір қолдан жасалған ортада алынған жануарлардың қол тұқымын және өсімдіктердің сұрпын қолдан сұрыптау деп атады. Ал табиғатта болатын жағдайда тірі организмдердің тұтастығына және өміршеңдігіне, жаңа түрлердің пайда болуына, оның сол ортада сақталуына және жаңа түрлерді шығуын, одан жаңа түрдің пайда болуын және жаңа үлкен жүйеліктің негізін қалауына әсер ететін күшті Ч. Дарвин тіршілік үшін күресі және табиғи сұрыпталу деп тұжырымдады. Тірі организмдер көбейіп, ұрпақ қалдыруға қабілетті, оның бәрі өміршең емес, сондықтан да түр ішінде олар көп ұрпақ қалдыруға тырысады. Артық ұрпақ әртүрлі жағдайларға байланысты тіршілік үшін күрес кезінде өледі. Ч. Дарвин бойынша тіршілік үшін күрес бір түрден екінші түрдің арасында, сонымен бірге түр ішінде болуы мүмкін, соның ішінде түрлер ішіндегі күрес түр арасындағы күрестен де өте қатал болады, себебі олар бір жерде мекендейді, бірдей қорекпен қоректенеді, қауіп-қатерде екеуіне бірдей және т.б. жағдайлар. Осы күрес барысында осы ортаға бейімделгені ғана тірі қалады, яғни организмдердің өмірге бейімделген түрі ғана тіршілік етеді. Сонымен тіршілік үшін күрестің жемісі табиғи сүрыпталу. «Организмдердің өзіне жағымды жеке ерекшілігін және өзгергіштігін сақтауын, сонымен бірге жаман қасиеттерін жоғалтуын Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу немесе қолайсыздыққа бейімдеушілік дейді». Эволюцияның негізгі қозғаушы күші табиғи сұрыпталу деп есептеді Ч. Дарвин.

Эволюцияның жаңару жолдарына Ч. Дарвин белгілердің жойылуы (дивергенциясы) жатады деген қорытынды жасады. Ч. Дарвин бойынша өзгеріп жатқан тіршілікте және табиғи сұрыпталудың нәтижесінде алғашқы белгілерінен қатты өзгеріп, әртүрлі бағыттарға бейімделген түрлер ғана өміршең болады. Осындай өзгеру кезінде қолайсыз жағдайда организм негізгі белгілерін жоғалтады және соның салдарынан бәсекелестік азаяды, яғни осы белгілерді жоғалтуынан организмдер әртүрлі ортаны пайдалануға мүмкіндік алады. Осы белгілердің жойылуы (дивергенция) кезінде әртүрлілік пайда болады да, ол жаңа түрдің пайда болуына қолайлы деп есептеді Ч. Дарвин, яғни дивергенция әсерінен жаңа түр пайда болады. Организмдердің өзгеруі табиғаттың заңдылықтарына сәйкес ғана емес, ол кездейсоқта табиғи сұрыпталудың арқасында болуы да мүмкін деді Ч. Дарвин. Органикалық тұтастық сұрыпталудың жемісі, бірақ ол салыстырмалы жағдайда болады. Осы көзқарасымен Ч. Дарвин метафизикалық қажеттіліктің кездейсоқтылығына қарсы шықты, оған дейін ешкім мұны айта алмаған еді.

Ч. Дарвиннің ілімі жаратылыстану ғылымындағы теңдесі жоқ ілім. Од табиғатты зерттеуді жан-жақты зерделеп, оған тарихи әдістеме енгізіп, эволюция теориясын жасады және ғылымдағы креационизм көзқарасты жойды. Дарвин ілімі барлық таксондарды қамтитын организмдердің үлкен топтарының эволюциясын, ол үлкен уақыт өлшемімен геологиялық өлшем бірлігімен және өте ауқымды аумақтарды қамтиды. Сонымен дарвинизм — макроэволюция туралы классикалық ілім. Бірақ ол генетикалық тұрғыдан толық зерттелмеген. Дарвин түрдің жеке дараларының эволюциясын қарастырды, ал әрбір түр қазір белгілі болғандай популяция ретінде тіршілік етеді.