Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих сурак жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.97 Кб
Скачать
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы мен деректері.

Жауабы: Қазақстан тарихнамасы курсының мақсаты: әртурлі кезеңдердегі Қазақстан тарих ғылымының даму тарихын зерттеу; оның дамуының өлшемдерін анықтау; әртурлі программалар бойынша түбегейлі шешімдерді айқындау. Кеңестік тарихи мектептің дағдарысына байланысты Қазақстан тарихы ғылымының қaзipгi даму кезеңі бүгінгі күн талаптары тұрғысынан тарихшылардың түбегейлі тұжырымдарын, бүгінгі күн талаптары тұрғысынан қайта зерделеп, олардың еңбектеріне принциптік және обьективтік баға 6epyi тиіс. Жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихнамасының жеке пән ретінде оқытылуы осындай қажеттіліктен туындайды. Қазақстан тарихнамасы курсының міндеттері:

  • отандық тарихнаманың кезеңдерін анықтау;

  • ежелгі және ортағасырлық тарихтағы тарихи білімнің даму деңгейін көрсету;

  • Қазақстан тарихын зерттеуде XVIII ғасырдағы орыстың тарихи ой мектебінің негізгі бағыттарының мазмұнын ашу;

  • Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі тарих ғылымының даму ерекшеліктерін анықтау жоғарғы мектеп тындаушыларының бойында оқып үйреніп отырған мәселелерге қатысты сыни көзқарас қалыптастыру;

  • XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасынынң шығармашылық мұрасын оқып үйрену: Ш. Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, М. Дулатов және т.б.

  • Қазақстан тарихы ғылымының қазіргi кезеңдегі даму деңгейін көрсету;

  • Зерттеу жұмыстарында тарихнамалық талдау әдістерін тиімді пайдалануды, зерттеп отырған мәселе бойынша өзінің жеке бағдарын айқындауға үйрету;

  1. 1917 Ж Қазан төңкерісі Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.

Жауабы:

1917 жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Қазан төңкерісі —Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды. 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жіне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контррнволюциялықкүштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 ж қарашада Петропавлда Уақытша рев Комитет(төрағасы Дубинин) құрылды.Осы жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, үкңмет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басыр алды. Ең алғаш рет кеңес үкіметі 1917 ж 30 қазанда Перовскіде орнады. 1 қарашада Ташкентте кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады. 1917 ж аяғында торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде: 1918 ж 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен кеңес орнады. 8 қаңтарда Ақтөбеде орнады. 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. Оралда кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал өңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы сол жылы 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес үкіметін құлатты. Кеңес үкіметі осындай өиыншылықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный Кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж 2-3 наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1917 ж қазан 1918 ж наурыз аралығы Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті

  1. .Қазақстанда Кеңес үкіметінің алғашқы қадамдары.

Жауабы:

1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер – Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік “Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!” деген үндеу, “Бітім туралы”және “Жер туралы”декреттер қабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін – Владимир Ильич Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды.

Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]