- •1.Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары
- •2. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі
- •3. Табиғи ортаны қорғау қажеттілігі және басты бағыттары
- •4. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі
- •6. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі
- •7. Табиғатты пайдаланудың принциптері мен міндеттері
- •8. Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
- •9. Табиғи және экономикалық табиғи ресурстарды бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10.Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау қағидалары, ерекшеліктері
- •11. Минералды шикізат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері, ерекшеліктері
- •12. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау уақыт факторын екеру қажеттілігі
- •13. Табиғат ресурстарын экономикалық мақсаты, атқаратын міндеті
- •14. Табиғат ресурстары үшін төлемдер. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру
- •15. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік табиғатты пайдаланудың басқару органдарың олардың құрылымы атқаратын міндеттері.
- •16. Жергілікті басқару органдарының жауапершілігі және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •17. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •18. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғатты қорғауды, пайдалануды жоспарлау,нормалау, ережелер, тәртіптерді бекіту
- •19. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі
- •20. Экологиялық сараптаулар. Басқарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер
4. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы (жер шарының кабығы) жекелеген қүрылымдық элементтерден — табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің аумағын физико-географтардың аудандастыруларымен қорытындыланады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы біртектестігімен сипатгалады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес және уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне байланысты табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс техноло-гиясы мсн техникасының жетілген шағында оған қоғатмдық қажеттілік пайда болған кезде ресурсқа айналуы мүмкін. Қүрамында орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай қорғасын, мырыш кені осы гасырдың басында бос жыныс деп есептелді. Қүрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі кезеңге дейін Чили силитрасы, Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық сияқты жаңа салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.
Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша, "...табиғатга пайдалы және пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне айналдырады. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зертгелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз. Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну өнімдері, еңбек қүрал-жабдықтары.
Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір бөлігі, екіншіден — табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейінде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, "табиғат ресурсы" түсінігінің озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді пайдаланумен байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды.
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен философтар мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер, мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың" өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл алатынын баса жазып отырды. Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын көрсетті, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола алады. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер коғамның дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.
Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады. Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз
етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Мысалы, казіргі заманғы радиоэлектроника, термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы, ракета жасау, ғарыштық техника, тусті металлургияның, сирек металлды өнеркәсіптің өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы болады. Үшіншіден,бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы, сапасы, коғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері — еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.
Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай, табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің объектісі ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.
Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет. Сондықтан табиғат ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айналады. Табиғат қорғау тұргысынан алғанда, табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз етілстін экологиялық тепе - тендік сақталуы қажет.
Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және табиғат жүйесі жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелсрін дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші ксзектегі мәселеге айналады.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның әр түрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зертгейді. Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл сала табиғат пайдалану ғылымынын пәні болып табылады. Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және техникалык ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін, ең әуелі, экономика ғылымының өкілдері қарастырады.
Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты іс жүзіндс бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы жағына біржақты шешілді. Бүл мәселенің анық-канығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халық-шаруашылықтық нәтижеге жету үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің өнімділігін арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп елдің үлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде болмасьн табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің козқарасымыз бойынша, бүл жағынан академик Н.П.Феодоренконың айтқанында негіз бар. Ол "Өндірістік ресурстардың негізгі түрі — табиғат байлықтарына экономикалық баға берілмеуі және социалистік басқару механизміне тән шаруашылықты тиімді жүргізуді экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда, қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды" — деп жазды. Бірақ та, біздіңше, табиғат ресурстары
5. Дүние жүзінденгі экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу жолдары.
Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар — глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен Ү Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы — ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады. Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы - биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi. Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады. Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас. Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде: -табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы. -табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы. Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ. Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты. Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ. Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған. Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған. Оларға: 1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау; 2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту; 3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi; 4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi; 5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.]. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр. Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI — ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi. Қорытынды Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз. Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.
