- •1.Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары
- •2. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі
- •3. Табиғи ортаны қорғау қажеттілігі және басты бағыттары
- •4. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі
- •6. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі
- •7. Табиғатты пайдаланудың принциптері мен міндеттері
- •8. Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
- •9. Табиғи және экономикалық табиғи ресурстарды бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10.Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау қағидалары, ерекшеліктері
- •11. Минералды шикізат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері, ерекшеліктері
- •12. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау уақыт факторын екеру қажеттілігі
- •13. Табиғат ресурстарын экономикалық мақсаты, атқаратын міндеті
- •14. Табиғат ресурстары үшін төлемдер. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру
- •15. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік табиғатты пайдаланудың басқару органдарың олардың құрылымы атқаратын міндеттері.
- •16. Жергілікті басқару органдарының жауапершілігі және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •17. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •18. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғатты қорғауды, пайдалануды жоспарлау,нормалау, ережелер, тәртіптерді бекіту
- •19. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі
- •20. Экологиялық сараптаулар. Басқарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер
3. Табиғи ортаны қорғау қажеттілігі және басты бағыттары
Бұл түрғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау түсініктерін ажырата білу керек. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, көп жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дүрыс. Табиғи ортаны қорғау деп - табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық, шаруашылық, үйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз. Табиғат байлығын корғау -оны тиімді пайдалану болып табылады.
Табиғи орта өндіріс түрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу көзделеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын орасан зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мүмкіндік береді. Соның әсерінен табиғи ортаның теңдестігі бұзылып, жалпы нашарлауына әкеп соғады. Осыдан табиғат байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны қорғау мәселелерін қатар шешу қажеттігі, сондай-ақ қоғамның экологиялық қауіпсіздігі мәселесі туындайды.
Табиғат байлықтары, табиғат күштері экономикалық жағынан - пайдалану тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан - өмір сүруге, шаруашылық ұйымдастыруға қолайлығы бойынша қарастырылады. Табиғат негізі екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта және табиғат байлықтары.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиги күштерді айтамыз. Мысалы, күннің қызуы, сәулесі, атмосфералық ауа, гидросфера, литосфера, т.б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай болып табылады.
Табиғат байлығы деп - адамзат пайдаланатын немесе пайдалану мүмкіндігі бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын адамзат шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын өндірістік материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры немесе табиғи ресурс деп те атайды.
Табиғат пайдалану экономикасында табиғи орта, табиғат байлығы ұғымдары олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен ерекшеленбейді, оларды пайдалану мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Табиғи заттар (күштер) пайдаланылатын табиғи ресурс немесе емір сүруге қажетті жағдай болуы мүмкін, кейде мұның екеуі де болып табылады. Мысалы, жер, су, орман байлықтары әрі табиғат қоры, әрі өмір сүру, шаруашылықты ұйымдастыру ортасы болып табылады.
Табиғат байлығын экология-экономикалық (таби-ғат байлығын қорғау, тиімді пайдалану) түрғысынан сарқылатын және сарқылмайтын деп екі ірі топқа бөлеміз, ал алғашқысын қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғат байлықтары деп ажыратады.
Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарауға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын пайдаланудың ең алғашқы, бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері - табиғат байлығын игеру және үқсату. Соңғылары өндірістік салаларға жатады.
Түптеп келгенде, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады. Сондықтан "табиғатты пайдалану","табиғат байлығын пайдалану" сөзін қолданғанда оған табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәнін береміз.
Қоғамдық еңбек тұрғысынан қарағанда бір жағынан табиғат байлығын игеру, үқсату шаруашылықтың екі тарауына - экологиялық және өндірістік шаруашылыққа бөлінген. Бүлай бөлу шаруашылықты үйымдастыруға, басқаруға, жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, т.б. мақсатқа қажет болады. Бірақ бүл процестің екі жағы өзара тығыз байланыста болғандықтан өндірісті экология түрғысынан, ал экологиялық шаруашылықты ендірістік-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру керек.
