Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.25 Кб
Скачать

20. Экологиялық сараптаулар. Басқарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер

Табиғи ортаның тазалық нормативтері: санитарлық-гигиеналық; санитарлық қорғау; экологиялық; өндіоістік шаруашылық жүйелеріне бөлінеді. Табиғат қорғау, пайдалану нормативтері тұрақты немесе уақытша белгіленеді. Кейбір объективті себептермен тұрақты нормативтер белгілеу мүмкін болмағанда, уақытша нормативтер тағайындалады. Ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп нормативтер ұдайы қатаңдау бағытында өзгертіліп отырады. Өзгерту мақсаты – табиғи ортаға зиянды әсерлерді неғұрлым азайту.

Табиғатты пайдалануды басқарудың тағы бір маңызды тетігі – экологиялық сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, тұжырымдамалар, жобалар, нақты шаруашылық және іс-әрекеттер, техника мен технология, өнімдер, пайдалантын шикізат, материалдар, отын-энергия, шығарылатын қалдықтар міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Қажет болған жағдайда қоғамдық экологиялық сараптама ұйымдастырылады. Сараптамалардың нешізгі мақсаты табиғатқа, адамның денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.

Төлемді табиғат пайдалану принципін жүзеге асыру үшін экономикалық зиянды есептеу көрсеткіштері, әдістері маңызды орын алады. Табиғатқа әрбір зиянды әсер етушілер оның зардаптарын жойып, келтірілген шығынды қайтаруы тиіс және зиянды болдырмау шараларын жүргізуі керек. Өйткені олардың өздеріне зиянды болдырмау, оның зардаптарын жоюдан әлдеқайда тиімді болады.

Табиғи ортаның ластануынан болатын экономикалық зиян қай тұрғыдан қаралуына байланысты әр түрлі мағынаға ие болады. Өнім өндірушілер үшін ол алынбаған немесе жоғалтылған өнім және соған сәйкес экономикалық көрсеткіштердің (пайда, тиімділік т.б) нашарлауы. Жалпы халық шаруашылығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, алынбаған өнімдерді басқа жерде өндіруге немесе шетелден әкелуге мәжбүр боламыз. Сондықтан экономикалық зиян алынбаған (жоғалтылған) өнімдердің орнын толтыру шығындары болады. Яғни экономикалық зиян нақты шығындармен емес, орнын толтыру шығындармен айқындалады. Әдетте орнын толтыру шығындары артық болады.

Экономикалық зиян мәнін толық ашу үшін халық шаруашылығы залалдарының құрамын қарастыру керек. Мысалы, табиғи ортаның ластануынан халықтың денсаулығына келтірілетін зиян емделу шығындарымен және аурудың салдарынан болатын еңбек өнімділігінің кемуінен таза өнімдердің жоғалтылуымен есептеледі. Экономикалық зиянды және төлемдерді анықтаудың үлгілік әдістемесінде халықтың денсаулығының нашарлауынан болатын зияндар тікелей шығындармен емес, алынбаған өнімдердің орнын толтыру шығындарымен есептеледі.

Өнеркәсіпте ластану салдарынан болатын экономикалық зиян алынбаған таза табыстың (пайданың) орнын толтыру шығындармен агықталады. Экономикалық зиянды анықтаудың бірнеше бағыты бар. Олар алынбаған (жоғалтылған) өнімнің бағасымен есептеу; кадастрлық бағалармен орнын толтыру шығындарымен есептеу; алынбаған таза табыс, ұлттық байлық және дифференциялдық рента. Осыған қарап, табиғи ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу мәселесі әлі зерттеулерді қажет ететінін көреміз.

21. Табиғат — бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады. Табиғат пен қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа неғұрлым маңызды міндеттер қоршаған ортаны жақсы жағдайда сақтау қоғамның бірте — бірте көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін әртүрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты адамды қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау жайлы пікірлер туындады.

Адамды қоршаған орта адамға қатысты сыртқы болып табылатын табиғи , табиғи – антропогендік және антропогендік обьектілер , құбылыстар мен процестердің жиынтығын қамтиды, адам олармен өз іс әрекетін жүзеге асыру процесінде өзара қарым –қатынасқа түседі. Бұл ұғымға адамдар өмірінің қамсыздандырылуы мен өнім өндіру әрекетінің аясы кіреді.

Қоршаған ортаның тұрақты жағдайы қамтамасыз ету , оны антропогендік әрекеттің жағымсыз ықпалдарынан қорғау табиғатты қорғаудың маңызды міндеті болып табылады.

Табиғатты қорғау  бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара әрекетін қолдауға бағытталған , табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін , қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.

Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағдайына екі түрлі факторлар тобы шешуші түрде ықпал етеді. Олардың біріншісі ғылыми-техникалық революцияны және оның негізінің адамзат қоғамының өндірістік қызметі алғысындағы көрінісін қамтиды. Екіншісі демографиялық аспектілерді қарастырады және жер бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен урбанизацияны ( қала тұрғындары санының өсуі) қамтиды. Бұл факторлар бірге алғанда өндіргіш күштердің даму қарқынына тікелей ықпал жасайды, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың интенсивті түрде азаюына және онымен байланысты қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады

Табиғи  ресурстар     бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

Таусылатын  табиғи  ресурстар  қорлары  өндіру  әрекетінің  нәтижесінде  таусылуы  мүмкін  табиғи  ресурстар  түрлерін  қамтиды.

Таусылатын табиғи  ресурстар үш  түрге  бөлінеді:

1)Қалпына  келтірілмейтін   жердегі  ұзақ  эволюция  процесінің  нәтижесінде  қалыптасқан  рудалы  және  рудалы  емес   пайдалы  қазбалар, минералды  шикізат  ресурстары

2)Салыстырмалы  түрде  қалпына  келтірілетін – қалпына  келуі  үшін  ұзақ  уақыт аралығы  қажет  ресурастар: оларға  сондай –ақ  жойылып  бара  жатқан   жануарлар мен өсімдіктер  популяцияларын  қалпына  келтірудің  шектеулі  мүмкіндіктері  кіреді

3)Қалпына  келтірілетін  ресурстарға  тірі  табиғат  элементтері, өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі, минералдық  шикізаттың  жекелеген  түрлері  кіреді

Таусылмайтын  ресурстар   жерге  қатысты  алғанда  сыртқы  болып  есептелетін  табиғи процестермен   байланысты  табиғи  ресурстар

түрлерін  қамтиды.

Таусылмайтын  ресурстар  үш  түрге бөлінеді:

  1.  Климаттық  ресурстар —  жер  мен  күннің  өзара   қарым – қатынасына  байланысты: күннің  энергиясы, жел  энергиясы, атмосфералық  ауа.

  2.  Су  ресурстары – дүниежүзілік  мұхит  сулары

  3.  Космостық  ресурстар – жердегі  тау  жыныстары, космостық  сәулелер  мен  метеоиттер  энергиясын  қамтиды

Табиғи  ресурстарды  пайдалану  процесінде  олардың  көпшілігі  ресурстық  цикл  деп  аталатын күрделі  айналымға  түседі. Ресурстық  цикл  дегеніміз  белгілі  бір  заттардың   немесе  заттар топтарының  өзгеруі  мен  оларды  адам  пайдалануының   барлық  кезеңінде  өтетін  кеңістікте  орын  ауыстыруы. Қолданбалы  экология  әдістемесінде  ресурстық  цикл  концепциясы  маңызды  болып  табылады. Ол  неғұрлым  толық ( қалдығы  аз)  өнеркәсіптік  өндірісті  және  осы  кезде  пайда  болатын   қалдықтарды  қайтадан   пайдалануға  тартуды  білдреді. ( мысалы  техникалық  суды   өнеркәсіпті  кәсіпорында  бірінші  рет   пайдалану).Жабық  өндірістік  цикл  дегеніміз  өндірістік  қалдықсыз   немесе  қалдығы  аз  түріне  ұмтылу.

Өндіріс  қалдықтарын   қысқарту, табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын  іс  жүзіне  асыру  процесінде  жүзеге  асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.

22. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер облыстың жер қорының негізгі санаты болып табылады және оның аумағы 9 млн. 944,1 мың гектарды немесе облыстың жер қорының 35% құрайды. Аталған санаттағы жерлер 17647 ауыл шаруашылығы құрылымына пайдалануға берілген.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамына 9 млн. 784,3 мың гектар пайдаланылатын жерлер немесе 98,4%. Пайдаланылатын жерлердің ішінде егістік аумағы 1 млн. 284,7 мың гектар (13,1%), тыңайған жер – 194,7 мың гектар (2%), шабындық – 447,7 мың гектар (4,6%), жайылым – 7 млн. 854,3 мың гектар (83%).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жағдайына және оның пайдаланылуына жасалған талдау, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2008 жылмен салыстырғанда аталған санаттағы жер аумағы 1 млн. 271,5 мың гектарға оның ішінде егістік аумағы 11,3 мың гектарға артқанын көрсетті.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында 2011 жылы аудандар мен қалалардағы жерлерге тексеру жүргізіліп, 575,8 мың гектар жер пайдаланылатыны, оның ішінде егістік жер - 95,7 мың гектар екені анықталды. Түгендеудің нәтижесі бойынша пайдаланылмайтын 331,6 мың гектар жер иесіз жер ретінде есепке қойылды, 152,2 мың гектар, оның ішінде 15,5 мың гектар егістік аумағы жалға беру шарттарын жою арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, 7,2 мың гектар аумақтағы 22 жер телімі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. 80,3 мың гектар аумақтағы175 жер телімі бойынша жер пайдаланушыларға, 2011 жылдың маусымынан бастап аталған жерлер бір жыл бойы пайдаланылмайтын болса, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін аумақтық жер инспекциясына берілетіні туралы ескерту берілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шаруа қожалықтарының минималды мөлшерін бекітпей беру және жерді жалға беру бойынша конкурс өткізбей беру әлі де жалғасуда.

Жер телімдерінің нақты жағдайын, олардың бірдейлендіру сипаттамаларын және оларды шаруашылықтарға пайдалануға беру кезінде топырақ құнарлылығын көрсету үшін паспорттар әзірленіп, берілді. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17172 паспорт берілді, бұл ауыл шаруашылығы құрылымдары санының 97% құрайды. Паспорттар беру жұмысы әлі де жалғасуда.

Топырақ құнарлылылығын сақтау мақсатында 2011 жылы 375 мың тонна органикалық және 8,2 мың тонна минералдық тыңайтқыш себілді, 2009 жылғы деңгейден 2 есе артық.

Облыстың егіс алқаптарында ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғал сақтау ресурстарын пайдалана отырып өсіру тәжірибеге енгізіліп, таратылды. 2011 жылы аталған технология 290 мың гектар алқапта дәнді дақыл өсіру кезінде қолданылды. Бұл аталған дақыл егістігінің 56% құрайды. Озық технологияны қолдану көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Одан басқа, биылғы жылы бұршақ, жарма және мал азығы дақылдары егістігін кеңейту, керісінше күнбағыс алқаптарын қысқарту арқылы егістік құрылымын әртараптандыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде 2011 жылмен салыстырғанда күнбағыс егістігінің аумағын 31,7 мың гектарға (8%) азайту, ал бұршақ, жарма және мал азығы дақылдары егістігін тиісінше 7,5; 14,7 және 11,8 мың гектарға ұлғайту көзделді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында облыста суармалы жер аумағын кеңейту қолға алынды. Егер 2008 жылы облыста 60,8 мың гектар жер суарылған болса, 2011 жылы оның аумағы 75,6 мың гектарға жеткізіліп, 14,8 мың гектарға артты. Соңғы екі жылда облыста суарудың прогрессивті түрлері дамып келеді. Мысалы, 2011 жылы тамшылатып суару тәсілі 339 гектарда қолданылды, 2009 жылы 57 гектарда қолданылған болатын.

Республикамызда ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау

жалпы түрде келесі мақсаттарда жүргізіледі.

1. Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін

пайдалану тиімділігін анықтау;

2. Жер учаскесін кепілдікке беру арқылы банктік несие

алу;

3. Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;

4. Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін

ықтиярсыз алып қою және реквизиция жағдайында төлеу

мөлшерлерін және өтеу бағасын сот арқылы анықтау;

5. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорына

жарна ретінде немесе өндірістік кооперативке пай ретінде

учаскесін беруде және басқа жағдайларда оның бағасын білу;

6. Жер учаскесін немесе жерді пайдалану құқығын сату

кезінде оның бағасын білу.

23. Жер қоры — мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан Республикасы “Жер туралы” (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер;

2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шарушылығы мақсатына арналмаған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер.

Қазақстанның “Жер туралы” заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды дала, дала, қуаң дала, шөлейт, шөл, тау етегіндегі шөлді дала, субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі.

Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:

  • тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  • құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Абсолют жер рентасы – капитал жер рентасынын бір түрі; ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар жасайтын қосымша құнның бір бөлігі. Жерге жеке меншік монополиясы болғандықтан, мұны жер иесі иемденеді.

Дифференциялдық рента — монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.

Дифференциалдық рентаның екі түрі бар:

  • дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.

  • дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.

Екінші дифференциалды рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аграрлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.

24. Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының

таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

8 су шаруашылық алаптары

1. Ертіс су алабы — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.

Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

2. Есіл су алабы — Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2.

3.Тобыл-Торғай

4.Шу-Талас

5.Нұра-Сарысу

6.Орал-Каспий

7.Сырдария арал

8.Балқаш – Алакөл

Суды қорғау жөніндегі міндеттер—Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер

Суды қорғау шаралары бірнеше сатыдан тұрады:

  • Заң, бағдарламаларды қабылдайды.

  • Жергілікті атқарушы орган бағдарламаны жүзеге асырады.

  • Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау органы, яғни прокуратура тексереді

  • Прокурордың актісі негізінде басқа да органдар тексеру мүмкін

Алғашымен заң бағдарламасы парламентте талқыланып, президентке қол қойылғанға беріледі. Ол бағдарламалар жергілікті атқарушы органдарға жеткізіледі.

Жергілікті өкілді органдар осы заңдарды орындайды, оларды халыққа жеткізеді.

Прокуратура жергілікті атқарушы органдардың осы заңдардың орындауын, заңдылық жағдайын қадағалайды.

Егер прокурор жергілікті атқарушы органдардың қызметінде кемшіліктерді немесе құқық бұзушылықты тапса, арнайы акт жазып, осы атқарушы органды басқа құқық қорғау органдар тексереді.

Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.

25. Су қорын экономикалық бағалау. Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.

Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З ) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И ) алынатын суға шығындарды (Q •З ) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q ) қатынасымен анықталады.

З = ,

мұнда: З , З – су әкелетін және су алынатын аудандарда суға шеткі шығын; Q = Q + Q – су ысырабы қоса есептелген тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пайдаланылатын көлеміне тең болады (Q = Q ). Мұндай жағдайда шеткі шығын су алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп анықталады.

З = З ,

мұнда К – су тасымалдаудың пайдалы коэффициенті.

Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем су пайдаланушыларға арналған ставкалар бойынша есептеледi.

Су пайдаланушыларға: тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдар, өнеркәсiп орындары (жылу энергетикасын қоса алғанда), ауыл шаруашылығы*, балық шаруашылығы**, гидроэнергетика, су көлiгi*** жатады.

Ескерту: Ауыл шаруашылығына суды ауыл шаруашылығы өнiмiн

өндiру үшiн пайдаланатын су тұтынушылар жатады.

Балық шаруашылығы су пайдаланушылардың екi түрiне

бөлiнедi: су көздерiнен су алатын тоған

шаруашылықтары және су айдау және суды реттейтiн

құрылғылары бар су көздерiнде балық аулайтын

тұтынушылар.

Су көлiгi - су айдау және суды реттейтiн

құрылғылары бар су көздерiнде жүк тасымалдау

Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем-көлiкпен тартпай ағаш ағызуға, рекреацияға, жер қазу техникасын қолдануға, батпақ құрғатуға, су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтпей және судың жай-күйi әсер ететiн құрылғылар мен техникалық құрылғыларды пайдаланбай жүзеге асырылатын ортақ су пайдалануға тарамайды.

Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем жер бетi көздерiнен олардан суды алып немесе алмай арнайы су пайдаланудың барлық түрiне белгiленедi.

Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем енгiзудiң мақсаты су ресурстарын өндiру мен сақтауға кететiн шығыстарды өтеу, суды ұтымды пайдалануды экономикалық ынталандыруды, су ресурстарын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету, сулардың қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерiн азайту болып табылады.

Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдар, өнеркәсiп (жылу энергетикасын қоса алғанда), ауыл және балық шаруашылығы, гидроэнергетика және су көлiгi үшiн енгiзiлiп отыр.

Жер үстi көздерiнен алынатын су ресурстарын пайдалану үшiн төлем ставкалары республикадағы экономикалық жағдай мен су шаруашылығы ахуалының өзгеруiн есепке ала отырып қажеттiлiгiне қарай су ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленедi.