- •3.Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу. Тұрғын халықтың диспансеризациясы
- •12Жастағы балалар арасында тісжегінің таралу деңгейі
- •12 Жастағы тісжегінің даму тенденциясында бддұ (1980) тістің тісжегісінің белсенділігінің 5 деңгейін ұсынды:
- •6.Ауыз қуысы тазалығының стандартты әдісі .Ауыз қуысы тазалығы
- •7.Емханадағы алдын-алу бөлімінде науқасты тексеру. Тексеру әдістері мен реті.
- •12Жастағы балалар арасында тісжегінің таралу деңгейі
- •12 Жастағы тісжегінің даму тенденциясында бддұ (1980) тістің тісжегісінің белсенділігінің 5 деңгейін ұсынды:
- •12Жастағы балалар арасында тісжегінің таралу деңгейі
- •12 Жастағы тісжегінің даму тенденциясында бддұ (1980) тістің тісжегісінің белсенділігінің 5 деңгейін ұсынды:
- •10.Балаларда пародонт тіндерінің жағдайын cpitn индексінің көмегімен анықтау. Балаларда пародонт тіндерінің жағдайын рма индексінің көмегімен анықтау.
- •11.Балаларда пародонт тіндерінің жағдайын кпи, индексінің көмегімен анықтау. Балаларда пародонт тіндерінің жағдайын пи индексінің көмегімен анықтау.
- •12. Ауыз қуысының тазалығын сақтауда қолданылатын заттар мен құралдар. Ауыз қуысының жеке гигиена заттары
- •15.Тіс тазалаудың жеке түрі .Тіс тазалаудың бақылау түрі. Тіс тазалаудың кәсіби түрі
- •16. Тіс тазалаудың стандартты әдісі
- •17. Қызыл иек үсті және асты тіс қақтарын тазалау әдістері
- •18. Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы
- •19.Ауыз қуысы сұйықтығының тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі ролі, және деминерализациясы.
- •20.Тіс жегіні алдын алу үшін фторидтерді экзогенді қолдану.
- •21.Фторы бар лактар, гелдер жағуға және шайқауға арналған ерітінділер. Көрсеткіштер ,кері көрсеткіштер, тиімділігі. Орындау техникасы, тиімділігі.
- •22.Тістердің фиссуралары мен соқыр шұңқырларын мөрлеу тәсілдері. Тістердің фиссуралары мен соқыр шұңқырларын мөрлейтін материалдар көрсеткіштері, әдістері, тиімділігі.
- •23.Балаларда пародонт ауруларының жергілікті қауіпті факторларды анықтау және жою әдістері.
- •12Жастағы балалар арасында тісжегінің таралу деңгейі
- •29.Окклюзиограмманы анықтау әдістері. Тістерді таңдамалы егеу әдісі.
- •42. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ддұ) ұйымының профилактикалық карталары, толтыру және емдік профилактикалық шараларды қажет етуін анықтау.
- •48.Бағдарламаның тиімділігін, жиілігін бағалаудың критийлері және стоматологиялық ауруларды болжау.
- •54.Жүкті әйелдерге арналған стоматологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасы.
- •55.Ерте жастағы балалар тіс жегінің алдын алу бағдарламасы. Тұрақты тістер шығу мезгіліндегі тіс жегінің алдын алу.
- •56.Балалардың жасыны және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты стоматологиялық аурулардың алдын алу.
- •57.Әрбір жас тұрғындар топтарына байланысты алдын алу шараларының ерекшеліктері.
- •59.Кіреукенің және реминерализациясы механизімнің қазіргі кездегі көзқарастары.
18. Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы
Ауыз қуысы сұйықтығы дегеніміз сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан 3 сілекей безінің , атап айтқанда, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай ақ ауыздың шырышты қабығында бытрай орналасқан ұсақ бездердің сөлі. Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, ол басқа уақытта да үзілмейді: ауыз іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың, сұйық зат. Оның құрамында 0,5-1,5 пайыз құрғақ зат бар, қалғаны су. Сондықтан оның сыбағалы салмағы судан аз-ақ жоғары. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций, магний хлоридтері, сульфаттары, карбонаттар, иодит,бромид, фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер(темір, н кель, литий) бар. Сәлекейдің қышқылдық дәрежесі (рН) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН 5,8-7,4 аралығында болады. Сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль қабатына өтуі, одан шығуы рН мөлшеріне байланысты. Реакциясы қышқылдау болса(рН 6,9) кальций эмальдан ауыз қуысына, ал рН 7,0-8,0 болса эмальға қарай өтеді. сілекей құрамында органикалық заттар(альбумин,глобулин сияқты белоктар, муцингликопротеид, ферменттер) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Онда сондай-ақ амин қышқылы,креатин, аз мөлшерде креатинин қалдықтары, мочевина, несеп қышқылы бар. Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар, сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы мөлшеріне байланысты. Ондағы негізгі фермент а-амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін(мальтоза, лактоза, фруктоза, сахароза) ыдыратады. Ауыз қуысында ас кесегі сәл ғана кідіретіні қарынға да ісер етеді. Қарынға келіп түскен астың ішіне қарын сөліндегі тұз қышқылы сіңіп үлгергенше, яғни ас кезегінің реакциясы (рН) өзгергенше, амилаза полисахаридтерді ауыздағыдай гидролиздене береді. Сілекей құрамында сондай ақ микроорганизмдерді өлтіретін лизлцим ферменті болады. Адам сілекейінде лизоцим өте аз, ал аузында сапрофиттер көп, қоласыз жағдайда олар зиянды микробтарға айналып, ауру тудыруы мүмкін. Муцин-гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қаптайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді. Оның өңешке қарай жылжуын жеңілдетеді.
19.Ауыз қуысы сұйықтығының тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі ролі, және деминерализациясы.
Тіс жегіні шақыратын негізгі факторлардың біріне ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті және құрамының өзгеруі (оның бактерияға қарсы қасиетінің төмендеуі) жатады.
Тісжегінің дамуына сілекейдің қасиетінің маңызы бар екені көрсетілген. Оған-саны, қышқылдығы, буферлік сыйымдылығы, ондағы органикалық емес құрамдардың болуы жатады.
Тексеру үшін сілекейді 15 минут ішінде залалсыздандырылған пробиркаға жинайды. Сілекей бөлінуді ауыз қуысына бірнеше минутқа мақта тампонына малынған 1,0 % пилокарпин гидрохлорид ерітіндісінің 1-2 тамшысын қою арқылы шақыруға болады. Әдетте сілекейдің 2-12 мл мөлшері жұмысқа жеткілікті.
Аралас сілекейді таңертең таңғы асты ішіп болғаннан кейін 1,5-2,0 сағатта алу керек. Сілекейдің жабысқақтығын Освальд ВК- 4 вискозиметрімен анықтап, сантипаузамен белгілейді. Освальд вискозиметрімен ең алдымен дистилденген судың, кейінірек ауыз сұйықтығының өту уақытын анықтайды. Жабысқақтықты сілекейдің ағу уақытының дистилденген судың ағу уақытының қатынасына қарай анықтайды. Дистилденген судың 20 град. С температурадағы жабысқақтығы 1 сантипаузаға тең. Ауыз сұйықтығының қышқылдығының қышқыл жаққа ығысуы. Тістердің тісжегісінің даму белгілері болып табылады. Сондықтан 7,0 төмен РН бар балаларды жоғары қауіп тобына жатқызады. Қалыптыда балалардың ауыз сұйықтығының жабысқақтығы 1,5-3,5 сп. Тексерілгендерде олардың саны жоғарыласа, тістердің тісжегімен зақымдалуы анықталады.
Кіреукенің функционалды жағдайын тістің қатты тіндерінің құрамына, қаттылығына, қышқылдардың әсеріне төзімділігіне ұарап анықтайды.
