Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом алдын алу 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.46 Кб
Скачать

54.Жүкті әйелдерге арналған стоматологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасы.

Жүкті әйелдердің бала көтерген уақытында организмде көптеген өзгерістер болатыны белгілі. Өмірге бет алған сәбилердің қалыптасуына неше түрлі мико-макро элементтер қажет. Бұл зат балаға ананың ішкен тамағымен бірге барады. Дұрыс тамақтанбағандықтан бұл заттарды нәресте ана организмінен алады. Осы себептен көп жағдайда жас аналардың тістері түсе бастайды. Жүктілік кезінде тіс пен қызыл иек қатты зардап шегеді. Жатырда дамып келе жатқан сәби анасының ағзасына түсетін кальций мөлшерінің көп бөлігін қабылдайды. Сол себепті қызыл иектің қан айналымы нашарлайды, сілекейдің химиялық құрамы өзгереді. Стоматологқа жиі барып тұрған жөн. Тісті жүкті болмай тұрып емдеп алса тіптен жақсы. Жүктілік кезінде стоматологқа кем дегенде 4 рет қаралу керек: жүктіліктің 6-8, 16-18, 26-28, 36-38 аптасында. Жүктіліктің ерте кезеңінде стоматолог-дәрігерге жүктілігі туралы ескерту қажет. Жүктілік кезеңінде ауыз қуысын таза ұстау гигиенасы: 1.тісті кем дегенде күніне 2 рет жуу, 2. Әр тістің арасын мұқият тазалап, тағамдардың қалдығын қадағалау, 3. Әр тамақтанудан кейін сумен шаю, 4. Тіспен қатар таңдай, тіл, ұрттарды тазалап отыру және құрамында кальций, фтор, фосфоры мол тағамдарды тұтыныңыз. Жүкті әйелдердің арасында жиі кездесетін қиындықтардың бірі- қызыл иектің қанталауы оны гингивит немесе пародонтоз деп атайды. Бұл әйел бойындағы горманальды өзгерістерге байланысты. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек. Болашақ ана дені сау баланы дүниеге алып келем десе, аурудың алдын ала болдырмаудың қамын ойлау керек.

55.Ерте жастағы балалар тіс жегінің алдын алу бағдарламасы. Тұрақты тістер шығу мезгіліндегі тіс жегінің алдын алу.

Тістер тісжегісі- тісжегі қуысының дамуымен жүретін тістің қатты тіндерінің деминерализациясы мен жұмсаруымен жүретін патологиялық үрдіс.

Тісжегіні шақыратын негізгі факторлар:

Тіс қағы микроорганизмдері (органикалық қышқылдар түзіліп, деминерализация ошағының пайда болуын шақырады.

Дұрыс тамақтанбау (рационда минералды заттар және дәрумендердің жеткіліксіз болуы)

Сілекейдің қасиеті және құрамының өзгеруі (оның бактерияға қарсы қасиетінің төмендеуі)

Ағзаның жалпы жағдайының бұзылуы (бүйрек, АІЖ аурулары, гормоналды ауытқулар және т.б.)

Ас суында фтор және кальцийдің жетіспеушілігі

Ағзаға жедел әсер ету (стресс)

Тұқымқуалаушылық жағдайлар

Жасы (тісжегі ағзаның өсу кезеңінде белсенді)

Қазіргі қозқарастарға қарағанда, тіс жегінің этиологиясы мен патогенезінде инфекциялық фактор орын алады. Тіс қағын түзуімен байланыстырады. Bowden (1985) мәліметтері бойынша, тіс қағында микроорганизмдердің көптеген түрлері болады.

Белгілі әдістердің ішінде “сілекей- тіс қағы –кіреуке” жүйесінің қарым-қатынасын сипаттайтын таңдау керек. Әдебиетте тісжегісінің дамуына сілекей-тіс қағы-кіреуке” жүйесінің қарым-қатынасын сипаттайтын таңдау керек. Әдебиетте тісжегінің дамуына сілекейдің қасиетінің маңызы бар екені көрсетілген. Оған-саны, қышқылдығы, буферлік сыйымдылығы, ондағы органикалық емес құрамдардың болуы жатады.

Тексеру үшін сілекейді 15 минут ішінде залалсыздандырылған пробиркаға жинайды. Сілекей бөлінуді ауыз қуысына бірнеше минутқа мақта тампонына малынған 1,0 % пилокарпин гидрохлорид ерітіндісінің 1-2 тамшысын қою арқылы шақыруға болады. Әдетте сілекейдің 2-12 мл мөлшері жұмысқа жеткілікті.

Аралас сілекейді таңертең таңғы асты ішіп болғаннан кейін 1,5-2,0 сағатта алу керек. Сілекейдің жабысқақтығын Освальд ВК- 4 вискозиметрімен анықтап, сантипаузамен белгілейді. Освальд вискозиметрімен ең алдымен дистилденген судың, кейінірек ауыз сұйықтығының өту уақытын анықтайды. Жабысқақтықты сілекейдің ағу уақытының дистилденген судың ағу уақытының қатынасына қарай анықтайды. Дистилденген судың 20 град. С температурадағы жабысқақтығы 1 сантипаузаға тең.

Қалыптыда балалардың ауыз сұйықтығының жабысқақтығы 1,5-3,5 сп. Тексерілгендерде олардың саны жоғарыласа, тістердің тісжегімен зақымдалуы анықталады.

Аралас сілекейдің қышқылдығын анықтау

Аралас сілекейдің қышқылдығы отандық кәсіпорындар шығаратын стандартты РН- метрлермен анықталды. Бұл мақсатта келесі құралдар қолданады:

Әмбебап ионометр ЭВ-4

РН-метр 430

Сүттің РН басқа да сүт өнімдерін анықтауға арналған РН-метр 2222.2

Лабораториядағы, бірақ өндірістен алынған РН-метр ЛПУ-0

Ауыз сұйықтығының қышқылдығының қышқыл жаққа ығысуы. Тістердің тісжегісінің даму белгілері болып табылады. Сондықтан 7,0 төмен РН бар балаларды жоғары қауіп тобына жатқызады.

Кіреукенің функционалды жағдайын тістің қатты тіндерінің құрамына, қаттылығына, қышқылдардың әсеріне төзімділігіне ұарап анықтайды.

Әдістерді орындағанда көп уақыттың қажеті жоқ. Келесідей жүргізіледі. Алдын-ала дистилденген сумен жуылып, кептілген орталық күрек тістің вестибулярлы бетіне шыны таяқшамен 2 мм диаметрде 1Н тұз қышқылынан 1 тамшы енгізеді: 5 секундөткеннен кейін қышқылды дистилденген сумен шайып, тіс бетін кептіреді. Кіреукенің улануының ақауының тереңдігін 1 % метилен ерітіндісімен бояу арқылы бағалайды.

Тіс бетінен бояғыштар қалдықтарын құрғақ мақта тампонымен бір сыпырғыш қимылмен алады. Уланған аймақ көк түске боялады. Боялу дәрежесі кіреукенің зақымдалу тереңдігіне байланысты және көк түсті эталонды шкаламен бағаланады.

Автор көк түсті 10-жолақты шкаланы қолдануға кеңес береді. Онда әрбір жолақ 10 % болып саналады. Сонда тексерулер нәтижесі пайыз бойынша есептеледі. Кіреукенің уланған аймағының 30 % дейін боялуы тістердің қалыпты қышқылға төзімділігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]