Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДМ экзамен ЖМ- 301.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.36 Кб
Скачать

20. Обсервациялық зерттеудің түрлері, оларға анықтама беріңіз.

Обсервациялық зерттеуде болып жатқан құбылыстарға ешқандай іс-әрекет жасамай, тек бақылау жүргізіледі . Ол 2 түрге бөлінеді:

а) анализдік( сараптау) - оған жағдай бақылау, когорттық зерттеу жатады. Этиология, себеп-нәтиже байланысы және болжам зерттеледі.

Сол сияқты, ауру ағымына ешқандай іс-әрекет жасамай сырттай бақылау жасау арқылы гипотезаның орындалу мүмкіндігі бағаланады.

б) сипаттау- бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау, көлденең зерттеу жатады. Аурудың дамуына бақыланбайтын факторлардың әсері зерттеледі.Әр түрлі гипотезалар жасалады.

Жеке жағдайды сипаттау:

-емдеудің алғашқы сатыларында ғана қызығушылық тудырады

-сирек кездесетін ауру кезінде ақпарат көзі болуы мүмкін

Бірнеше жағдайды сипаттау:

- салыстыру топтарынсыз ашық зерттеу

- емнің нәтижесі жөнінде жақсы сипаттама береді, бірақ оны дәлелдемейді

-ауру ағымының заңдылығын оқытуға мүмкіндік береді

-негізгі кемшілік – салыстыру тобының жоқтығы

21 .Клиникалық зерттеулердің дизайны туралы жазыңыз

КЗ дизайны – клиникада жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәсілі (әдісі), яғни оның ұйымдастырылуы немесе құрылымы.

Дизайн түсінігі ағылшыннан аударғанда - (design) жоспар, жоба, проект, сызба, құрылымы деген мағына береді.

КС дизайн түрі – бұл жіктелген белгілер жинағы, олар:

1) нақты клиникалық жағдайлар;

2) зерттеу әдістері

3 нәтижелерді өңдейтін статистикалық (сандық) әдістер.

Зерттеулердің дизайны бойынша жіктелуі

1. Обсервациялық зерттеулер (бақылау)- бұл зерттеуде бір немесе одан көп науқастар тобы белгілі бір сипаты бойынша бақылауда болады, ал зерттеуші мәліметтерді жағдайлардың тәбиғи үрдісінде, белсенді араласпай жәй бақылау арқылы жинайды;

1. Экспериментальдық зерттеулер – жасалған іс-әрекеттің (препарат, процедуру, ем) нәтижесі бағаланады; бір, екі немесе одан көп топтар қатысады. Жасалатын іс-әрекет бақыланады.

ІІ деңгей

1.Дәлелділік дәрежесіне байланысты зерттеулердің жіктелуі

(дәлелділіктің иерархиясы)

1) Жүйелі шолу және мета-анализ

2) РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер(эффект) шегінен шықпайды

3)РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер шегінен шығады

4) Когорттық зерттеу

5)Жағдай - бақылау

6) Көлденең зерттеу

7)Бірнеше жағдайды сипаттау

8)Бір жағдайды сипаттау

Жүйелі шолу – бұл басқа зерттеулер барысында нәтижелерін бағалау мен сыни талдау жүргізілетін зерттеу, бұл жүйелі қателерді анықтау мүмкіндігін жоққа шығаруға мүмкіндік беретін әдістер көмегімен айқын алдын ала құрылған клиникалық сұрақтарға жауап беру үшін қажет. Бұл үшін осы мәселе бойынша барлық жарияланған және жарияланбаған (РКС) Рандомизирленген клиникалық сынауларға жүйелі іздеу жүргізіледі, оларға сапалы баға беріледі және дәрігерге дайын : дәрігерлік әрекет тиімді немесе тиімді емес, немесе қолда бар ақпараттар дәрігерлік әрекетті пайдалану үшін жеткіліксіз деген шешім ұсынылады.

Мета-талдау – бұл бағалаудың сандық әдісінің көмегімен бірнеше зерттеулердің мәліметтерін талдап қорытынды жасалады, ал қорытынды нәтиже бір орташа таразыланған көрсеткіш түрінде берілетін шолу.

Рандомизирленген клиникалық сынау (РКС) – бұған қатысушылар кездейсоқ тәртіппен негізгі және бақылау тобына бөлінетін алдын алу және емдеу әдісі, диагностикалық тестті зерттеу болып табылады, бұдан соң оларға дәрігерлік әрекет әсерін анықтау үшін бақылау жүзеге асырылады. Жабық (соқыр) зерттеу – бұл науқастың өзінің қай топта екендігін білмеуі. Екі еселенген жабық зерттеу – бұл зерттеу кезінде науқастың қай топта екендігін науқас та және дәрігердің өзі де білмейді. Мысалдар: осы ауру кезінде плацебо немесе басқа әрілермен салыстырғанда дәрінің жақсы немесе нашар екендігін , лапароскопиялық аппендэктомия ашық классикалық тәсілмен салыстырғанда жақсы немесе нашар екендігін бағалау.

Когортты зерттеу (обсервациялық) – бұл аурудың дамуының себебі болып табылатын факторларды проспективті зертеу. Когортты зерттеу барысында клиникалық ақыры зерттелмеген тұлғалардан екі топ құрылады, оның біреуінде қатысушылар зиянды фактордың әсеріне тап болады, ал екіншісінде- ешқандай әсерге тап болмайды. Одан кейінгі бақылау кезінде клиникалық соңының даму жиілігін салыстырады. Мысалы: темекі шегу өкпенің обырының дамуына алып келеді ме, шала туылған мектеп жасындағы балалардың дене бітімінің дамуы мен оқудағы жетістіктері қандай.

«Жағдайлық-бақылауды зерттеу» – мұнда негізгі топта дамыған киникалық ақыры бар науқастар болса, ал бақылау тобында – популяция өкілдері болады. Сонан соң аурудың дамуына мүмкін болатын ықпал етуші факторларға талдау жасалынады. Мұндай дизайн – сирек кездесетін ауруларды зерттеудің іс жүзіндегі жалғыз ғана мүмкіндігі. Мысалдары: ұйқы кезінде баланың денесінің көлбеу жатуы оның кенеттен болатын өліміне апарып соқтырады ма; электрберудің жоғары желілері мен лейкоздың пайда болуы арасында себептік байланыстар бар ма.

Жағдайларды сипаттау – бұл бір науқастың ауруының тарихы. Көбінесе бұл сипаттау бұрын кездеспеген жанама әсер етуді сипаттау болып табылады. Жағдайлар сериясын сипаттау – бұл ұқсас патологиясы бар бірнеше науқас адамдарды сипаттау. Мысал: 1965 жылы аномалиямен туылған балалар жағдайлар сериясын сипаттау негізінде талидомид препаратын сатудан алып тастады, оның тератогенді әсері дәлелденді.