Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДМ экзамен ЖМ- 301.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.36 Кб
Скачать
  1. Көлденең зерттеуге анықтама беріңіз және зерттеудің әдісі туралы жазыңыз.

Көлденең зерттеу- объект бір кезеңде бір рет зерттеледі. Ол- белгілі бір кезеңдегі аурудың таралуын қарастыратын зерттеу. Артықшылықтары: үнемді көп уақыт алмайды қауіп факторларын анықтауға бағытталған бірінші қадам Кемшіліктері: барлық уақытта сенімді, нақты емес аурудың себебі жайында дұрыс түсініктеме бере алмайды диагноз жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді.

  1. Дәлелдік дәрежесінің пирамидасын жазып көрсетіңіз.

(дәлелділіктің иерархиясы)

1) Жүйелі шолу және мета-анализ

2) РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер(эффект) шегінен шықпайды

3)РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер шегінен шығады

4) Когорттық зерттеу

5)Жағдай - бақылау

6) Көлденең зерттеу

7)Бірнеше жағдайды сипаттау

8)Бір жағдайды сипаттау

  1. Клиникалық аудит жүргізуді жомпарлау, қателерді талдау туралы жазыңыз.

Клиникалық, медициналық аудит дегеніміз- пациенттің өмір сүру сапасын, емдеу, зерттеу әдістерінің соңғы нәтижесін ескере отырып, медициналық көмектің сапасына, нәтижесіне жүйелі түрде сыни талдау жасау.Қолданылған іс -әрекетті белгілі стандартпен салыстыру. Жақсы стандартқа жету үшін әртүрлі іс-шаралар және талдау жасау арқылы медициналық көмектің сапасын жақсарту қажет.Көрсетілген медициналық көмектің сапасын бағалау және алға қойылған мақсатқа жету үшін медициналық көмектің нәтижесін немесе белгілі бір іс-әрекет түрін зерттеп білу. Қазіргі кезде аудит- клиникалық зерттеулердің ажырамас бөлігі. Аудиттің мақсаты- медициналық көмектің сапасын жақсарту. Аудиттің түрлері. Осы аудитті жүргізушіге және оның инициаторына байланысты клиникалық зерттеулер аудиттерін бірнеше үлкен топтарға бөлуге болады. Егер аудит сол мекеменің қызметкерлерімен жүргізілсе, мұндай аудит « ішкі» деп аталады. Егер аудит, бұл мекеменің жұмысы мен ұйымдастырылуына қатысы жоқ , үшінші жақ сарапшылармен жүргізілсе, мұндай аудит «сыртқы» деп аталады. Аудитті «жоспарлы» және «жоспарсыз» (белгілі бір себеппен) деп бөледі. Аудит кезінде жалған клиникалық зерттеулерді және зерттеу кезіндегі әртүрлі қателіктерді анықтауға болады. Аудит – көмек көрсетудің нәтижесін немесе процесін тексереді және олардың арасындағы байланысты жақсы ажыратады. Кездейсоқ аудиторлық тексеріс (наугад) мысалы: аудиттің бұл түрі аурулар туралы жазылғандарды тексеру арқылы бұрын қарастырылмаған стандарттарды бір жобаға келтіруге көмектеседі. Жағдайды тексеру немесе эпизодты аудиторлық тексеру (болмауға тиісті жағдай, бірақ болды)мысалы: стационарлық емнің сәтсіз болуы, стационарда инфекциялық ауруларды жұқтыру, дәріден улану,кенеттен өлімнің болуы. Аудиторлық тексерісті жүргізу үшін мынаны білу қажет: Сәйкес тақырыпты қалай таңдау керек Нәтижеге бағытталған мақсатты қалай құру керек Аудитті өткізудің әр кезеңінде қандай қолдаулар қажет Әдістемелік көмекті қалай құрастыру керек Аудит Аудит- сапа, медицина мамандарының пікірінше, клиникалық әрекеттің нәтижесімен анықталады (медициналық іс-әрекет немесе процедураның тиімділігі ).Мысалы: қаражатты тиімді пайдалану Аудиттің мақсаты: медициналық көмектің сапасын жақсарту. Бізге аудит неге керек? - басқару жұмысында - ауруды анықтауда - аурудың алдын -алуда - емдеуде қажетті өзгертулер енгізу үшін -командадағы өзара қарым - қатынасты жақсарту үшін Мысалы: медбикелермен,пациентпен. Аудит- белгілі бір бөлімді жүйелі зерттеу: мысалы: емдеуге, науқасты күтуге, диагнозды анықтауға қажетті іс-шараларды және ем науқастың өмір сүру сапасына қалай әсер еткенін зерттейді. Аудит неге қажет? кәсіби біліктілікті жоғарлатуға медициналық көмектің сапасын жақсартуға санақтын мүмкіндігін жақсартуға командада жұмыс істеуді жақсартуға ізденіс жұмыстарын жаксартуға Аудиттің кезеңдері немесе сатылары: 1.------- стандартты құру,өңдеу 2. мәліметтерге жүйелі түрде шолу жасау 3. іс әрекеттің орындалуын стандартпен салыстыру 4.қажетті өзгертулерді жүргізу 5.нәтижесіне, тиімділігін1е мониторинг жасау Мәліметтерді жинау проспективті және ретроспективті түрде орындалады және оларды жинайтын дереккөзін анықтау қажет.Бұлар амбулаторлық карталар, сұрақнамалар, тіркеу журналдары т.б. болуы мүмкін. Мәліметтерді бағалау: жеке бақылаулар бойынша басқалардың тәжірибесімен салыстыру арқылы әдебиеттердегі мәліметтерді үйрену,оқып білу.