Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДМ экзамен ЖМ- 301.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.36 Кб
Скачать

І деңгей

  1. Дәлелді медицинаның анықтамасын, мақсатын, міндетін жазыңыз.

Дәлелді медицина – бұл нақты бір науқасқа сапалы ғылыми зерттеулерде тиімділігі дәлелденген, яғни дәлелді негізі бар іс-әрекеттерді пайдалануымен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір бөлігі. Мақсаты: нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану; бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығыме ерекшеленетін, дәрігерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағытын таңдау; медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы табу; ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу; Міндеті: науқасқа көмек көрсету барысында клиникалық маңызды ақпаратты алуға, диагностикалауға, болжам жасау, емдеу, алдын алу және т.б проблемалардың шешіміне сұраныс пайда болып отыратын өзін-өзі оқытудың үздіксіз процесін қалыптастырады.

  1. Дәлелді медицинада шешім қабылдаудың кезеңдерін жазыңыз.

І кезең: Сұрақты немесе мәселені анықтау. Әрбір науқасқа байланысты нақты сұрақты құру маңызды, себебі бұл мәселені жақсы түсінуге және шешу үшін қажетті мәліметтерді анықтау үшін керек. Қойылған сұраққа жауап алу үшін дәлелдеулердің типін анықтау қажет. Егер сұрақ нақты қойылса, ізденістерді қолайлы ететін терминдерді алуға болады. Нәтижесінде нақты науқасқа сәйкес қажетті дәлелді мәліметтерді табу ықтималдылығы жоғарылайды. ІІ кезең: Қойылған сұраққа жауап ретінде ең күшті дәлелдеулерді іздеу. Бұл үшін сәйкес келетін мәліметтер көздерін анықтау және іздену бағдарламаларын жоспарлау. ІІІ кезең: Дәлелдеулердің дұрыс және бұрыстығына сыни баға беру. Дәлелді мәлімет әртүрлі формада болады, ондаған орталықтарды алатын кеңкөлемді РКЗ-ден бастап, кіші көлемді медициналық қызмет көрсету зерттеулеріне дейін. Мәліметтің сапасына баға беру өзгеруі мүмкін, бірақ кез келген жағдайда 3сұраққа жуап беру қажет: Бұл нәтижелер нені білдіреді? Осы нәтижелерге сенуге бола ма? Біздің тәжірибеде олар қолданылады ма? ІV кезең: Нәтижелерді нақты науқасқа қолдану. Зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелік қолданысқа енгізудің нұсқаулары болады. Осы нұсқаулардың ішінен нақты жағдайға ең тиімдісін таңдау. Vкезең: Істелінген істің нәтижелерін бағалау: қойылған сұрақтың жауабына қарап жүргізіледі. Өзгерістер күтілетін нәтижелерге әкеледі ме? Ғылыми дәлелденген тәжірибе үрдісінен қандай пайда аламыз?

  1. Дәлелді медицинаның қағидаларына тоқталыңыз.

- Ғылыми мәліметтерді жинауында, сараптауында, қорытындылау мен дұрыс қолдануындағы жаңа әдіс, бағыт;

- Қазіргі уақыттағы жетістіктерді жауапкершілікпен, түсінікті және мағыналы негізі бар шын пейілмен пайдалану, яғни жеке тәжірибе мен жүйелі шолулардан алынған (сырттан) жоғары дәрежелі дәйектемелерді біріктіріп нақты белгілі әр бір жеке науқасты емдеуге қолдануды қарастыру.

  1. Дәлелді медицинаның әлемде және Қазақстанда алатын орны туралы жазыңыз.

-Дәйектемелі медицинаның бастамасы 17 ғасырда салынған – Джон Сноу - ағылшын дәрігері Лондондағы эпидемия холерасы кезінде басқа су құбырынан пайдаланған көрші ай-мақтың тұрғындары холерадан аман екенін байқап су беру жолын өзгерткен.

-Француз хирургі Листер – бақылаудағы 2 топ науқастардың операциядан кейінгі асқынулар деңгейі қолдардың, операция аймағының және таңу құралдарының тазалығына байланысты екенін дәлелдеп – тазарту әдістерін еңгізді.

-Атақты микробиологтар мен вирусологтардың көп деген жұқпалы аурулар себебін анықтаудағы әлемге әйгілі жетістіктері.

Дәрігер жұмысын бағалауда немесе дәрілік заттардың әсерін болған нәтижеге сүйену керектігі туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырға жатады, содан бері, 19 ғасырдың аяғына дейін ем тәсілінің тиімділігі беделді пікір мен жалпы пайдаланудағы теориямен сәйкестігіне негізделген (басқа пікір қабылданбаған).

Медицина әр қашанда ғылым болған, бірақ «ғылым», «ғылыми негізділген» деген көзқарас уақыт өткен сайын өзгеріп тұрған. Кейіннен, ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана емдік және диагностикалық әдістер тиімділігін бағалау үшін «қандай ғылыми тәжірибе» (эксперимент) тәсілдерін қолдану керектігі туралы пікір айқындала бастады.

Медицинаның дәлелді болуының маңыздылығы – бұл тек қана дәрігер қолданған іс-әрекеттердің дұрыстылығын негіздеуге тікелей ғылыми дәйектемелер, яғни сапалы жүргізілген клиникалық тексерістердің қорытындылары қажет екендігінде.

ДМ Қазақстандағы даму тарихы

• 1995 ж., қазан – 1996 ж., мамыр – «ҚР медициналық көмек сапасы» атты бірінші құрылтайына арналып АДБЖИ оқытушылары ТМД елдерінде кеңінен тараған, бірақ басқа елдерде пайдаланбайтын екі ем түрі бойынша – жоғарғы қысымды оттегі емі және лазер сәулесі емі - мәліметтерді жинап, оларға сараптама жүргізді:

-жоғарғы қысымды оттегі емі бойынша 589, лазер сәулесі емі – 1040 басылымдар табылды, бірақ бұл емдер бойынша тиімділігі мен қатерсіздігі туралы дәйекті мәліметтер табылмамады.

• 1998ж., қараша - ДМ оқытудың басталуы – алғашқы рет АДБЖИ курсында жанұялық медицинасының кафедра оқытушыларына ДМ туралы дәріс оқылды.

• 1999 ж. АДБЖИ жанұялық медицинасының кафедрасының әр оқыту кезеңінің бірінші күні ДМ дәрісінен басталып әрі қарай клиникалық мақалалар тәжірибе түрінде талданады.Бүгінгі күнде БМСК дәрігерлерінің 1867 оқыды.

• 2000ж., қараша – ДМ еңгізудің екінші әрекеті – ДСМ ауруханалық емге арналған стандарттық хаттамалар дайындалу шешіліміне байланысты ДСМ сарапшы тобына ДМ қағидалары таныстырылды.

• 2000 ж. –ДМ бойынша 5 маман - методолог оқытылды.

• 02.2001-2003жж – ДМ 5 маманы жұмысын бастады – ДСМ мен «Денсаулық» мекемесі қызметкерлеріне көмек ретінде клиникалық тәжірибе деректемелер жоспарын, аурухана науқастарына арналған диагностикалақ пен емдік стандарттық хаттамаларын дайындау үшін клиникалық мәліметтерді бағалау мен іздеп табу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ұсынылған мәліметтер қабылданбады және пайдаланбады.

• 2003ж. – ДМ мамандары ҚРЖДҰ мүше болды.

• 2001ж.- АДБЖИ ЖМ кафедрасы ДМ бойынша арнайы 3 – жетілік «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану» атты оқыту бағдарламасын еңгізді. Осы бағдарлама бойынша БМСК мен ауруханалардың, ЖОО мен медициналық колледждердің 122 дәрігерлері және оқытушылары дәріс алды.

• 2003ж. – Семей мед.академиясы жанұялық дәрігердің дипломнан кейінгі дайындығына ДМ бойынша 3 - күндік бағдарлама еңгізді - 200 дәрігер және 5-6 курс студенттерінен 340-ы дайындық курсынан өтті.

• 2003 ж. Караганды мед. академиясында – ДМ курсы клиникалық фармакологиясы кафедрасының оқу бағдарламасына еңгізілді.

• 2003ж. – Орталық Азия Аймағының дәрігерлерін оқыту үшін Англияның Императорлық колледжі мұғалімдері бейімдеп дайындаған 4-күндік курсы еңгізілді – ОАА 110 маманы оқып шықты.

• 2001-2003жж. – Англияның Императорлық колледжі мен Проект ЗдравПлюс мұғалімдері бірігіп ДМ бойынша мамандар мен оқытушылар 3-жылдық дайындықтан өтті. ОАА елдерінің 130 оқытушысы дайындалды.

• 02.2004ж. – Ресей мен Қырғыз елдері оқытушыларының қатысуымен ДМ курсы бейімделіп, қайта өңделді.

• 2004 ж., қараша – алғашқы рет ДМ оқуы Өскемен аймағында өткізілді - ҚР ДС мекемелерінің әр түрлі деңгейдегі 45 бас мамандары оқып шықты.

• 2004ж., желтоқсан – ҚР ДМ бойынша дипломнан кейінгі дайындық бағдарламасы ретінде 2-жетілік оқыту курсы өңделіп, еңгізіліп бекітілді.