- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
Ғылым тарихы мен философиясында ғылымды ерекше құбылыс ретінде қарастыратын екі қарама-қарсы көзқарас қалыптасқан - интернализм және экстернализм.
Интернализм ғылыми білімнің ішкі табиғатымен байланыстыратын дәйектерге сүйенеді. Олар парадигмалар, әдістемелік бағдарламалар және ғылыми мәселелерді шешуге арналған тағы да басқа бағдарламалар, басқаша келтірсек, ғылымның даму факторы ол - өзіндік танымдық инструментарийлар. Сондықтан, ғылымды зерттеудегі басты мәселеде интернализм жақтастары өзіндік танымдық үрдістерді сипаттауға бағыттайды.
Экстернализм көзқарасы бойынша ғылымның туындауы оның сыртқы жағдайларына қатысты - әлеуметтік, экономикалық, саяси. Сондықтан, ғылымды зерттеудің басты мақсаты ғылым дамуының нақты кезеңдерінде әлеуметтік мәдени жағдайлар мен ғылыми-танымдық әрекет бағдарларын қайта қарастыру. Осы шарттар мен бағдарлар ғылым туындауы мен дамуын, оның құрылымын, ерекшеліктерін, эволюцияға бағытын тікелей анықтайтын басты фактор болып танылады.
Интернализм де, экстернализм де ғылым дамуының маңызды жағдайларының мәні мен орнын шын мәнінде біржақты асыра сілтейді, ал мәселе ғылым дамуының ішкі және сыртқы шарттарын олардың байланысы мен бірлесіп әрекеттенуін қамтамасыз етуде.
Ғылыми танымның ерекшеліктері. Особенности научного познания. Features of scientific knowledge.
Ғылыми таным ерекшеліктері:
- ғылыми танымның басты мақсаты болмыстың объективті заңдарын ашу;
- ғылыми танымның тікелей мақсаты және ең жоғарғы құндылығы - объективті ақиқатқа жету;
- ғылыми таным болашақты көру мүмкіндігін ғана бермейді, сонымен қатар оны қалыптастырады;
- ғылым тілі (шынайы және жасанды);
- ерекше инструментарий (ғылыми жабдық);
- ғалымның ойлау мәдениеті.
Қазіргі таңда ғылымилықтың басқа да өлшемдерін ерекше атап өтеді, мысалы, қатаңдық, жүйелілік, қайшылықта болмау, верификацияланатыны, сынға ашық болу қайта жасалуы ж.т.б.
Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі. Мировоззренческая роль философии в развитии науки. Worldview's role in the development of the philosophy of science.
Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
Философия, ғылым әдістемесі бола тұра ғылыми танымның тұғыры болып табылады. Ғылымның философиялық негіздемесінің бірнеше түрлері бар. Ғылымның онтологиялық негіздемесі - әлем бейнесі, қызмет ету және даму заңдылықтары жайында түсініктер. Ғылымның эпистемологиялық негіздемесі - ғылыми таным үрдісінің сипаты туралы ережелер. Ғылымның логикалық негіздемесі - ғылымда қабылданған абстракциялау, түсініктер мен тұжырымдар туындауы жайлы ережелер.
Ғылымның әдістемелік негіздері - дәлелдеу тәсілдері, жаңалықтар ашылу әдістері және білім алу тәсілдері жайында түсініктер. Ғылымның аксиологиялық негіздемелері - толықтай бір ғылым немесе жеке ғылымдардың жалпы ғылыми жүйедегі ғылым мақсаты, ғылыми прогресс жайлы практикалық және теоретикалық маңыздылығы туралы түсініктер.
Дүниетанымдық негіздемелер, сонымен қатар, ғылымның философиялық негіздемесінің бір түрі болып табылады, өйткені философия ғылымға қатынасында дүниетанымдық интерпретация қызметін атқарады. Философия пікірлерді негіздеуге, жеке көзқарасты қайта қарауға итермелейді және адамда стихиялық жағдайда туындаған көзқарастарды мұқият ойланған, негізделген дүниені түйсінуге көмектеседі.
Ғылымның адамның рухани шығармашылығының басқа да түрлерімен ара-қатынасы. Взаимодействие науки с другими формами духовной деятельности человека. The interaction between science and other forms of spiritual activity of man.
Ғылым және өнер Наука и искусство. Наука и искусство. Science and Art.
Мәдениет тарихында ғылым ерекше орын алады: оның мәдени үдерістердің мазмұнына да, олардың сапалық ерекшеліктеріне де қалыптастырушылық ықпалы зор.Бірақ ғылымның мәдениетке соншалықты қарқынды ықпал ететінін түсіну үшін, шамасы, алдымен мәдениеттің не екенін еске түсіру керек шығар. Жаңа философиялық энциклопедия бұл ұғымға: – Мәдениет (латынның cultura – жер өңдеу, тәрбие, білім беру, да-мыту, құрмет тұту деген сөзінен) – қоғамдық өмірдің барлық негізгі көріністерінде әлеуметтік өмірдің ұдайы өсуі мен өзгеріп тұруын қамтамасыз ететін адамның тіршілік қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) тарихи дамитын жоғары биологиялық бағдарламаларының жүйесі деген анықтама береді (4 томдық Жаңа философиялық энциклопедия. 2-том. – М.: Мысль, 2001. – 341-бет). Бұл анықтамаға жете ойланып қараңыз! Көпшілік жағдайда оны толықтай ғылымға жатқызуға болады ғой, өйткені ғылымның жал-пылама мәдени маңыздылығы мен құндылығының орасандығы соншалық, оны мәдениетпен теңестіруге негіз болады. Кез келген нақты бір мазмұннан алдын ала арылған және ұшқары логикалық идеяға айналған, жалпыға ортақ және жан-жақты мәдени даму фор-масын Ғылымнан көре білген неміс классикалық философиясының өкілдері дәл осылай еткен.
«Мәдениет» ұғымы «өркениет» түсінігімен аса тығыз байланысқан. Қазақшалағанда «өркениет» деп қолданылып жүрген «цивилизация» (латынша civis – азамат, civilis – азаматтық, мемлекеттік) деген сөз әлдебір форма мен өмір тәртібі тағылыққа қарсы қойылған антика дәуірінен таныс. «Мәдениет» сөзімен арақатынасы белгіленген дербес термин ретінде сөздік қорға және ғылыми түрде пайдалануға XVIII ғасырда енгізілді. «Цивилизация» термині бүгінгі таңда қоғамды са-палы сипаттау үшін ғана емес, сонымен қатар адамзаттың қалыптасуы мен дамуының тарихи үдерісіне деген ерекше көзқарас пен өлшем ретінде де кең пайдаланылады. Өркениеттік дамудың тұрпаттары мен формаларының көпвекторлы түсіндірілуі де осыдан келіп шығады. Бір дау тудырмайтын нәрсе мынау: «цивилизация» түсінігі «адам тегі дамуының тек әлеуметтік кезеңдерінің бастамасын, оның алғашқы тағылық күйден шығуын; еңбектің қоғамдық бөлінуінің және ақпараттық инфрақұрылымының даму серпінін, «үлкен қоғам» аясындағы әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік ұйымның басым фор-масын белгілеуге мүмкіндік береді (4 томдық Жаңа философиялық эн-циклопедия. 4-том. М.: Мысль, 2001. – 332-бет). Танымал ағылшын әлеуметтанушысы, философ және тарихшы Ар-нольд Джозеф Тойнби (1889-1975) мәдениеттердің тарихи дамуы мен ары қарайғы байланыстарының ғаламдық өзгерістері мәселелерін зерттей келе, 21 өркениетті бөліп алып, сипаттап шықты. Француз та-рихшысы Люсьен Февр Тойнбидің дүниетанымын әзілдей «ғарыштық оптимизм» деп атады. Алайда жекелеген өркениеттерге пессимистік көзқараспен қарауы – кейбір әріптестерінің Тойнбиді «өркениеттерге көр қазушы» деп атауына себеп болды. Ал, шындығында, ғалымның назары өркениеттің дүниеге келуінен бастап, оның құлдырауына, сілесі қата діңкелеуіне және құруына («көр қазушы» деген ат соған бола қойылған, шамасы) дейінгі қатерлі айналысқа ауған еді. Оның үстіне, ол Еуропаның өз өркениетін өркениет атаулымен теңбе-тең санау сезімін жоғалтқанына қатты қынжыла отырып, Батыстың дағдарысын өзгеше қиын сезінді.Тойнбидің идеялары басқа атақты ғалым, неміс тарихшылдығының, сондай-ақ өмір философиясының өкілі, сол заманғы мәдениет философиясының негізін салушылардың бірі Освальд Шпенглердің (1880-1936) көзқарастарымен тығыз астасып жатыр. Оның негізгі кітабы «Еуропа күнінің бітуі» («Закат Европы») авторды әлемге паш етті (екі томы 1918-1922 жж. басылып шықты).XX ғасырдың басына қарай археология, этнография, салыстырмалы тіл білімі және басқа да ғылымдар арқылы жинақталған кең көлемдегі материалдарға сүйене отырып, Шпенглер Батыстың дәстүрлі та-рихи ғылымының ауқымын кеңейте түсуге әрекет етті. Ол аталған ғылымның: еуроцентризм, панлогизм, историцизм, «тарихи үдерістің «сызықтық» бағыттылығы сияқты негізгі постулаттарын (дәлелдеусіз қабылданатын негізгі пікірлерін) қатаң сынап, Батыс Еуропаның басқа мәдениеттердің тарихи алаңындағы шынайы орнын айқындап беруге тырысты. Нәтижесінде, ол әлем тарихында сегіз мәдениетті, яғни, оның пікірінше, пісіп-жетілген: мысырлық, үнділік, вавилондық, қытайлық, «магиялық» (араб-византиялық), «апполондық» (грек-римдік), «фаус-тық» (батысеуропалық) және «майя» мәдениеті деген мәдениеттерді ажыратты. Ары қарай Шпенглер талқылау нысанасына болашақ орыс-сібір мәдениетін айналдырмақ болды.Аталған мәдениеттердің әр уақыттарда Планетаның ең алыс түкпірлерінде өмір сүргені, Шпенглердің ойы бойынша, әлемдік тарихтың біртұтас үдерісіне дәлел болмайды, бірақ Ғаламдағы өмір көрінісінің тұтастығын дәлелдейді. Тарих қозғалысы, оның логикасы – бұл барынша жинақталған мәдени-тарихи формалардың дамуы және заңды өзгеріп отыруы (бастамасы, кемелденуі, түгесілуі).Өркениет – бұл мәдениеттің дамуы мен қайта тууының кеш кезеңі. Нақ сол ғана мәдениеттің құрығанын дәлелдейді. Бұл – ағза сияқты тұтас дүниенің өлуінің белгісі мен көрінісі, оны жандандырған мәдениеттің өшуі.Алайда енді Тойнби мен оның өркениеттеріне оралайық. Олардың барлығын да өркениеттік: дәстүрлі және техногендік өрлеудің тұрпаттарына сәйкес екі үлкен топқа бөлуге болады.Дәстүрлі және техногендік өркениеттердің арасындағы айырма-шылықтың түбегейлі сипаты бар. Дәстүрлі қоғамдар әлеуметтік өзгерістердің баяу қарқындарымен сипатталады. Әлеуметтік ұйымның бұл тұрпаты, – бұл жерде Батыстың қазіргі заманғы (техногендік) өркениетімен тоқайласу, ерте ме, кеш пе, адамдар мен мәдениеттің түпкілікті өзгеруіне жеткізетін болғанмен, – бүгінгі таңда да орын алып отыр.Техногендік өркениет, – оны пайда болған аймағына қарай, кең жайылған ұғыммен «батыстық өркениет» деп те атайды, – айқындаушы белгілері көп өлшемдер бойынша дәстүрлі өркениетке қарама-қайшы келетін әлеуметтік дамудың ерекше тұрпаты. Техногендік өркениет радио, телевидение және компьютерлер, тіпті әуелі бу машиналары шықпастан көп бұрын-ақ басталған. Көптеген ғалымдардың ойынша, оның бастамасы антикалық мәдениеттің, ең алдымен, адамзатқа екі ұлы жаңалық: демократияны және алғашқы үлгісі Евклидов геометриясы болған теориялық ғылымды сыйға тартқан полистік мәдениеттің дамуы болып табылады. Әлеуметтік байланыстар саласындағы және әлемді танып білу тәсіліндегі бұл екі жаңалық өркениеттік өрлеудің болашақ, түбегейлі жаңа тұрпаты үшін маңызды алғышартқа айналды.
