Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды баылау сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать

2. Энергетика және машинақұрастыру:

а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:

- қуаттың жаңаратын және альтернативті көзі және өнеркәсіптік пен тұрмыс қалдықтарын энергетикалық пайдалану;

- жылу және электроэнергетика және энерго тиімді технологиялар;

- ядерлы және сутектік энергетика;

- энергетикалық сектордың қоршаған ортаға ықпалы;

- энергетикалық және автомобильды машинақұрастыру;

- ауылшаруашылық және өндіріс машинақұрастыру;

- мұнай газдық машина жасау;

- таулы-кен және металлургиялық машина жасау;

- машина жасау, автоматизация және робототехника.

в) іргелі ғылыми зерттеулер:

- қуат және машина жасау аумағындағы іргелі ғылыми зерттеулер.

3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар:

а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:

- ақпараттық технологиялар;

- телекоммуникациялық жүйелер және технологиялар;

- интеллектуалды жүйелер және технологиялар;

- ақпараттық-техникалық кешендер және жүйелер;

- геоақпараттық жүйелер мен технологиялар;

- зияткерлік робототехникалық жүйелер;

- ғылым және білім беру үрдісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялар.

в) іргелі ғылыми зерттеулер:

- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аумағындағы іргелі ғылыми зерттеулер:

- технологиялық үрдістерді математикалық үлгілеудің теоретикалық негіздері.

4. Өмір туралы ғылым

а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:

- қартаю мен адам өмірін ұзарту мәселелерін шешуге арналған жаңа технологиялар;

- тірі жүйелердің молекулярлы, биохимиялық, ағзалық негіздері;

- өсімдіктер мен жануарлардың тұрақталуы мен өнімділігін арттырудың ғылыми негіздері;

- медицина мен ауыл шаруашылығына қажет жаңа биопрепараттар;биомедицина-және гендік инженерияның дамуы.

в) іргелі ғылыми зерттеулер:

- химия мен биология аумағындағы іргелі зерттеулер.

5. Мемлекеттің зияткерлік әлеуеті:

а) әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық аумақтағы іргелі зерттеулер:

- экономиканың бәсекеге қабілетті өндірісінің дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын зерттеу;

- қазіргі жағдайдағы еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру аумағындағы зерттеулер;

- пәнаралық зерттеулер және әлеуметтік пен қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың актуалды мәселелері.

- табиғи-ғылыми аумақтағы іргелі зерттеулер:

- математика, механика, физика аумағындағы іргелі зерттеулер.

  1. The philosophical ideas as the basis of ontological postulates of science, epistemological standards of scientific research and axiological systems Философиялық идеялар ғылымның онтологиялық постулаттары, ғылыми ізденістің гносеологиялық нормативтері және аксиологиялық мақсаттары.

  1. The concept of the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі.

Әлемнің ғылыми бейнесі - ғылыми түсініктер мен принциптердің жинақтау және синтездеу нәтижесінде құрылған ақиқат заңдылықтары мен сипаттары туралы түсініктер жиынтығы.

Ғылым даму үрдісі барысында білімдер, идеялар және концепциялардың әрдайым жаңартуы жүріп жатыр, одан әрідегі түсініктер жаңа теориялардың жеке жағдайы болып қала берді. Әлемнің ғылыми бейнесі догма да абсолютті ақиқат та емес. Соынмен бірге, ғылыми түсініктер ақиқатқа жақын, өйткені олар дәлелденген дәйектерге және тұрақталған себепті-салдарлы байланыстар жиынтығынан құралған. Нәтижесінде ғылыми білім біздің әлемнің ерекшелігі жайында қорытындылар мен болжамдар айтуға мүмкіндік береді және адамзат өркениетінің дамуына үлесін қосады. Ғылыми концепциялар арасындағы қайшылықтар жаңа дәйектердің шығуымен және оларды басқа теориялардың болжамдарымен салыстыру арқылы жеңіске жетеді. Бұл даму - ғылыми тәсіл мәні.

Әлемнің ғылыми бейнесі әлем туралы пайғамбарлар авторитетіне, діни дәстүрлерге, қаисетті мәтіндер ж.т.б. секілді діни түсініктерден ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан, діни түсініктер ғылымилықтарға қарағанда соғұрлым консервативті және ол жаңа дәйектер шыға берген сайын өзгеріп отырады. Өз кезегінде әлемнің діни концепциялары өз заманының ғылыми көзқарастарына жақындау мақсатында өзгерулері мүмкін.

Әлемнің ғылыми бейнесі сонымен қатар, әлемнің күнделікті немесе көркем қабылдауына тән дүниетанымнан ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, өнер әлемнің көркем бейнесін өзінің субъективті (эмоционалды қабылдау) және объективті (ынтық емес) жетістіктер синтезінің негізінде құрайды, ал ғылым тек объективті қабылдауда шоғырланған және сыни ойлаудың көмегімен зерттеулер нәтижелерінің субъективтілігін алып тастайды.