- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде - бұл өзіндік әрекеттесу, зерттеу еңбектерінің бөліну түрлерін, ғалымдардың санасында ойлау негізін қалыптастырған рухани мәдениеттің, адамзат өркениетінің ұзақ мерзімді дамудағы тарихи өнім ретінде көрініс беретін қоғамдық сананың өзіндік формасы және адам іс-әрекетінің аумағы.
Ғылым институциализациясы үрдісі бұл оның дербестігін, ғылым ролін қоғамдық еңбек бөлісуіндегі орнын, материалды және адами қорларды орналастырудағы ғылым талабын куәландырады. Ғылым әлеуметтік институт ретінде өзіндік бағытталған құрылымға ие және когнитивты, сонымен қатар, ұйымдастырушылық, моральдық қорлары бар. Әлеуметтік институт ретінде ғылымның өз ішіне бірнеше компоненттер енеді:
- білім және оны таратушы жиынтығы;
- ерекше танымдық мақсаттар мен міндеттердің бар болуы;
- нақты қызметке қатысты ерекшеліктерінің бар болуы;
- өзіндік таным және ұйымдар құралдарының бар болуы;
- ғылыми жетістіктерді бағалау, сараптама жасау, бақылау формаларын өндіру;
- нақты шаралардың болуы.
Қазіргі ғылыми практика тек әлеуметтік институт ретінде түсінетін ғылым аумағында іске асады. Қазіргі ғылым институционалдығы рационалдылық идеалын күштеп таңады, ол толықтай әлеуметтік және институционалды талаптарға және ұйғарымдарға тәуелді болып келеді. Институционализация үрдісі өз ішіне төмендегідей бірнеше құрамдас бөліктерді кіргізеді:
- жаңа білімді өндіруге жауапты академиялық және университеттік ғылым;
- ғылыми жаңалықтар мен оларды ендіруге қажет қорлар шоғырларын;
- банк жүйесін және қаржыландыру;
- жаңалықтарды заңдастыратын өкілдік және заң органдары, мысалы, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру барысындағы ғылыми кеңестер, жоғарғы аттестациялаушы комиссиялар;
- баспа институты;
- ұйымдастырушы-басқарушылық институт;
- ішінара ғылыми қақтығыстарды шешетін немесе тоқтататын сот институты.
Қазіргі таңда институционалды көзқарас ғылым дамуындағы басымдылық танытып келе жатқан саты. Дегенмен, оның да өз кемшіліктері бар: немқұрайлы сәттерді асыра сілтеу, адамдар әрекетінің психологиялық және әлеуметтік мәдени жақтарына немқұрайлы қарау, ғылыми іс-әрекеттің қатаң жазылған сипаты, дамудың дәстүрлі емес мүмкіндіктеріне мән бермеу.
Мәдениеттегі ғылымның орны мен ролі: сциентизм және антисциентизм. Место и роль науки в культуре: сциентизм и антисциентизм. The place and role of science in culture: scientism and anti-scientism.
Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
Ғылым және ғылыми-техникалық прогресс адам өмірінің жақсартып және нақты игіліктерге ғана әкелген жоқ, сонымен қатар, адамзат өміріне қауіп төндіріп келе жатқан қауіпті қиратушы күштерді тудырды. Сондықтан, қазіргі мәдениет және философияда ғылымның бағалануы біркелкі емес. Бұл екі қарама қарсы дүниеге көзқарастық тұғырнамада бейнеленеді - сцеинтизи және антисцеинтизм.
Сциентизм көзқарасы бойынша (латынша scientia - ғылым) ғылыми таным ең жоғарғы мәдени құндылық және адамның өмірдегі бағдар алуының жеткілікті шарты. Сциентизмның идеалы болып жаратылыс ғылымдар танымының тәсілдері және нәтижелері табылады. Осының ішінде, әлеуметтік ғылымдар танымдық мағынасы жоққа шығарылып немесе төмендетіледі де, ғылымның гуманисттік мәні теріске шығарылады.
Антисциентизм ғылым мүмкіндігінің шектеулігін көрсетеді, ал өзінің шеткі көзқарасында, тіпті, адамның шынайы табиғатына тән емес, жаугерлік, соның ішінде, мәдениетті қиратушы күш ретінде танылады. Антисциентисттік көзқарастың әдістемелік негізі - ғылым мен техника даму нәтижесінің теріс нәтижелерін абсолюттендіру (экологиялық жағдайдың ушығуы, әскери қауіп--қатер ж.т.б.).
Сөзсіз, екі көзқарас та ғылымға қатынасында бірнеше рационалды түсіндірмелерді қамтиды, ал олардың синтезі ғылымның қазіргі замандағы орны мен ролін нақтырақ анықтауға жол ашады. Осының ішінде, бір жағынан ғылымды шексіз абсолюттендіруге де оны бағаламауға да, тіптен, жалғандығын әшкерелеу де қате болар. Ғылымға, ғылыми танымға объективті қарап, оның қарама қайшы үрдісін көруіміз қажет.
Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм. Феномен науки как предмет особого анализа: интернализм и экстернализм. The phenomenon of science as a subject of special analysis: internalism and externalism
