- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
Әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы ғылыми пәндердің қалыптасуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білім «адам-қоғам» жүйесінің ішіндегі қарым-қатынасты қарастыру аумағында тұйықталады, бұл жерде адам мәдениет контекстіндегі әлеуметтік мәдени феномен болып зерттеледі. Әлеуметтік-гуманитарлық білім пәні жәй адам емес, «адам және әлем», «адам және қоғам» байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік цикл ғылымдарына мынаны жатқызады: экономиканы, саясаттану және құқық, психология және әлеуметтік психология, әлеуметтану, антропология, этнография жатады; гуманитарлы циклға – тарих, лингвистика, өнертану, мәдениеттану, дінтану.
Әлеуметтік-гуманитарлы білім ерте заманның философиялық толғауларынан бастап ғасырлар арасында қалыптасты. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі жүйесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Ол өзін «адамтану кешені» ретінде бейнелейді де әлемнің барлық салаларын қамтиды: табиғат, қоғам және адамның рухын. Ғылым әмбебаптылық, мамандандырылған және пәнаралық байланысы бар сипатқа ие болды. Нақты ғылымдарға қарағанда философия тарихи үрдістегі жалпыламаны зерттеуге арналған.
Әлеуметтік-гуманитарлы циклдағы ғылымдар өте алмайтын шекарадай болмайды. Мысалы, қоғамды экономикалық талдау саяси, мәдени, құқықтық және зерттеліп жатқан құбылыстың басқа да аспектілерін мүмкін етеді.
Пәндердің саны мен мазмұны қоғам дамуының, оның қажеттілігінің, мәдени деңгейіне және нақты қоғамдағы ғылым мен білімнің барлық жүйесінің даму деңгейіне қатысты болады.
The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Ғылыми танымның әлеуметтік-мәдени шарттылығы. Қазіргі ғылымда ғылыми тәсілдердің қалыптасуы мен қызмет етуінде аксиологиялық, құндылықтық бағдарлар ғылыми танымның маңызды факторы болып табылады. Ғылым құндылықтардан биік тұра ала ма деген сұрақ жалғасуда және екі негізгі бағытта көрсетілген: 1) ғылым нейтралды болуы қажет, бұл классикалық ғылыммен мойындалған, дегенмен бүгінгі таңда жеңілдетілген және нақты емес; 2) құндылықтар ғылыми білімнің тұрақталуы мен өсуінің қажетті талабы болып табылады, бірақ, олардың білім мен қызметіне әсер ететінін көрсететін рационалды түрлерн табу керек. Ғылымдағы құндылықтар оның әлеуметтік мәдени шартын бөләнбейтән сипаты ретінде көрсететін екінші бағыт ғылым философиясы мен әдістемесінде, әсіресе, әлеуметтік-гуманитарлы білімде анықтаушы фактор болып саналады.
Әлеуметтік шарттылық – әлеуметтік институт дәрежесіне ие болған қоғамдағы ғылым; ғылым сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған (ғылыми жұмыскер дәрежесі, кадрларды дайындау жүйесі).
Мәдени шарттылық –білім жүйесін, экономикалық саланы, әлеуметтік-саяси болжамдауды, дүниетанымдық іргелі ғылымдарды тудыруды ғылымсыз ойлауға келмейді.
The social and cultural conditioning of scientific knowledge Әлемдік ғылыми қауымдастықтағы әлеуметтік ғылымдар.
The modern global civilization and its specificity Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері.
Өркениеттің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен байланысы. Академиялық ғылымда «өркениет» түсінігі мен күрделі адам қоғамының құрылымы мен дамуында жалпы мәдени-тарихи принциптер құрылымында кеңінен қолданыла бастады. Ол қоғамды зерттеудегі және оның өзгеру динамикасына деген кешенді бағытқа негізделген бірқатар беделді жалпы тарихи, әлеуметтік, мәдени концепцияларда басты мәнге ие болды.
Өркениеттер түрі – адамзаттың мәдени-тарихи дамуын күрделі бөлінуде пайдаланатын әдістемелік түсінік, ол көптеген қоғамдарға тән ерекшеліктерді белгілеуге мүмкіндік береді. Типологизация негізінде төрт басты негізгі өлшемдер жатыр:
1) рухани өмірдің жалпылама іргелі сипаттары;
2) тарихи-саяси тағдыр мен экономикалық дамудың жалпылығы және өзара байланысы;
3) мәдениеттердің бір-бірімен тоғысуы;
4) перспективалық даму көзқарасы бойынша жалпы қызығушылықтар мен жалпы міндеттердің болуы.
Техногенды өркениет – Еуропада XV-XVII ғасырларда қалыптасқан өркениеттік дамудың ерекше түрі, өркениет дамуындағы тарихи кезең.
Өркениеттің осы түрінің мәдениетінде басты орынды ғылыми рационалдылық алады, зерденің ерекше құндылығы және соған негізделген ғылым мен техниканығ прогрессы атап өтіледі.
Тән сипаттар:
1) техника мен технологияның ғылыми білімдерді өндіруде жүйелік қолданыс арқасында техника мен технологияның қарқынды өзгеруі;
2) адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, адамның өндіріс жүйесіндегі орнын ауқымды түрде өзгерткен ғылым мен өндірісті біріктіру нәтижесінде ғылыми-техникалық революция болды;
3) жасанды түрде адамның өзі құрған өмірі өтіп жатқан заттық ортадағы жеделдетілген жаңалықтар. Бұл әлеуметтік байланыстардың өсіп келе жатқан динамикасымен, оның салыстырмалы түрде жиіленген трансформациясымен еріп жүр. Кейбір жағдайда бір екі ғасырлар барысында тұлғаның қалыптасуы және өмір сүру бейнесі өзгеріп отырады. Техногенды өркениет негізінде қоғамның екі түрі қалыптасты – индустриалды және постиндустриалды қоғам.
The historical concept of civilization and their relationship with science Өркениеттердің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен өзара байланыстары.
Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері. Өркениеттік дамудың қазіргі жағдайы жаһандық өркениеттің қалыптасуына әкелді.
Жаһандық өркениет – бірегей жалпыпланетарлық өркениетке айналған, әлемдік қауымдастықтың өсіп келе жатқан бүтіндігімен сипатталған өркениеттік дамудың қазіргі кезеңі.
Жаһандану ең біріншіден, Жер бетіндегі қоғамдық іс-әрекеттің интернационализациясымен байланысты. Бұл интернационализация бойынша қазіргі заманда барлық адамзат әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, және басқа да қатынастар мен байланыстар жүйесіне кіріп жатқанын білідреді.
Жаһандық ара-қатынастың өсіп келе жатқан белсенділігі барлық планетада әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің, білімдер мен құндылықтардың түрлерінің таралуына әсерін тигізіп жатыр, олар жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға соғұрлым тиімді және оғтайлы ретінде қабылданып отыр. Басұаша айтсақ, жер бетіндегі әр түрлі елдер мен аймақтардың әлеуметтік мәдени өмірінің өсіп келе жатқан унификациясы өтіп жатыр. Бұл унификацияның негізі болып еңбектің қоғамдық бөлінісі, саяси институттар, байланыс, ақпарат, көлік ж.т.б. табылады. Әлеуметтік мәдени қарым қатынасының нақты қаруы өркениетаралық тілдесу.
Мәдениеттануда өркениетаралық тілдесудің кейбір анағұрлым жалпы принциптері тіркелген:
1) прогрессивті тәжірибені игеру әрбір қоғамда мәдениеттің, халық менталитетін сақтауда өтіп жатады;
2) әрбір қауымдастық басқа өркениеттер тәжірибесінен өзінің мәдени мүмкіндіктерін игере алатын түрлерін ғана алады.
3) басқа жерге ендірілген бөгде қркениет элементтері жаңа сапаға, жаңа бейнеге ие болады;
4) тілдесу нәтижесінде өазіргі жаһандық өркениет тек бүтін жүйе түріне ие болмайды, сонымен қатар, ішкі кқпбейнелі, плюралисттік сипатқа ие болады. Бқл өркениетте әлеуметтік, экономикалық және саяси формалардың өсіп келе жатқан біртектілігі мәдени көптүрлілікпен байланысады.
Traditionalist and technogenic types of civilizational development and its basic values Өркениеттік дамудың дәстүрлі және техногенды типтері және олардың негізгі құндылықтары.
Formation of the Kazakh civilization identity Қазақстандық өркениеттік бірегейліктің қалыптасуы.
Қазақстандық өркениеттлік бірегейлігінің қалыптасуы. Мәдени көпбейнеліктегі әрбір ұлттық мәдениет теңмәнді, теңқұқылы, байланысқа шығуға дайын және өзі де байланысқа енуге тұрарлық бейнесінде көрінісін табады.2
Жаһандастыру бір жағынан, мәдени бірегейлікке қауіп төндіріп отыр, екінші жағынан, мәдени бірегейліктің тілдесуіне шынайы мүмкіндіктер ашады. Мәдени жаһандастыру адам алдында өзінің мәдени бірегейлігін табу мәселесін қойды. Бірегейліктің әр түрлі модификациясы бар: этникалық бірегейлік, азаматтық бірегейлік, ұлттық бірегейлік, діни бірегейлік. Мәдени бірегейліктің мәні – ол бірегейліктің барлық модификациялық трансформациясын біріктіреді, адамның мәдени коммуникативті кеңістіктегі проекциясына іргелі негіз бола алады.
Қазіргі жаһандану жағдайында өркениеттің жоғарғы көрінісі ретіндегі өзіндік мәдени ерекшелікті сақтау ұстанымы туындап күшеюде. Қазіргі Қазақстанның тарихын және халықтар мәдениетін зерттемей, этникалық даму, қазақ мәдениетінің басты рухани, құндылықтық бағдарларынсыз дамуын елестету мүмкін емес. Арғы қазақ халқының рухани тарихында ұлттық бірегейліктің терең тамырлары жатыр, олар тарихи үрдістің және нақты этноәлеуметтік ақиқаттың құндылықтық-мәндік бағдарларын құрайды. Қазақ мәдениеті дамуының ұзақ уақытында жинақталған рухани құндылықтар қазіргі мәдениеттің тарихи – мәдени негізін құрауы тиіс. Көшпенді өмір салты халық мәдениетінің, оның менталитенің, салттары мен дәстүрінің ерекшелігін анықтады, өз таңбасын қалдырды. Қазақтардың рухани әлемі ғасырлар бойы өзіне көптеген мәдени ықпалдарды өз бойына сіңірді, осылайша оларды өзінің дала дәстүрімен сабақтастыра білді. Бұл дәстүрлердің беріктігі сонша, оларды тіпті саяси қақтығыстар, соғыстар, ұлы көршілеріміздің (Қытай, Ресей) мәдени экспансиясы, араб және моңғол ықпалы, исламдану да түбегейлі түрде өзгерте алмады. Мұндай өміршеңдігінің және өмір тұрақтылығының себебі өркениеттің түрі және шаруашылық түрі көптеген ғасырлар бойы іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Тарихқа көз жүгіртсек ата-бабаларымыздың өз салт-дәстүрін, сенімдерін сақтап қалуға деген талпынысының мықты болғанын байқауға болады. Номадтықтар өз болмысын ерекше қастерлеген: өз діліне қытай және моңғолдар дәстүрлерін ендірмеген. Қазақ ұлтының рухани-құндылықтық бағдары қонақжайлылық, төзімділік, адами тілдесу, кеңпейілділік ж.т.б. секілді ізгілікті қасиеттерді бейнелейді. Бұл қазақтардың генетикалық жадысында сақталған және ұрпақтан ұрпаққа берілетін өзек болып табылады.
The global context of science ылымның жаһандық контексті.
1
2
