Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды баылау сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.74 Кб
Скачать
  1. ​​Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.

Ғылым кәсіп және қызметтің ерекше түрі ретінде. Ғылым күрделі әлеуметтік институтқа ХІХ ғасырдың аяғында айналады, осы кезде ғалымдар жүйелі түрде өз еңбектері үшін жалақы ала бастайды. Ғылыми қызметтің экономикалық пайдасы бары анықталды. Ғылыми дискурсқа енді әрбір адам ене алмайды, ол үшін субъект бірнеше әлеуметтік қойылған талаптарға сай болуы қажет (жоғарғы білім, кандидаттық дәреже, жариялымдар ж.т.б.).

Ғылым өзіндік жеке этосын тудыра бастайды - ғылыми қауымдастықтың мүшесі болып қалу үшін әрбір жеке ғалым ережелер жиынтығын ұстануы қажет.

Макс Вебер өз "Ғылым бейімділік және кәсіп" атты мақаласында былай деген еді: "қазіргі таңда ғылымға кәсіп ретінде қарау ең біріншіден, ғылымның бұрын соңды болмаған мамандандырудың деңгейіне жетуі... жеке индивид ғылым аумағында қатаң мамандандырылған болған жағдайда ғана аяқталған істі бастай алады" (Вебер М. Избранные произведения. М., 1990. Б. 707-708).

Кәсіби ғалым арнайы білімді беруші болғандықтан негіздемеге және сенімді жауапқа жауапты болады. Кәсіп ретіндегі ғалым өз құзіреттілігінің шектерін сезінуі қажет; моральдық, этикалық, философиялық, діни талғамы және ғалым бағасы оның жеке жұмысы болып саналады және қазіргі таңда ғылымға енбейді.

Кәсіпке айналғаннан бастап ғылым әлем мен өмірдің сыртқы талаптарын иемдену техникасына айналды. Ол мына сұраққа жауап береді: нәтижесі максималды тиімді болатындай жасау керек, дегенмен толықтай адам мен әлем әрекетінің мағынасы қарастырылмайды.

  1. The norms and values ​​of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.

Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары. Этос - ұрпақтан ұрпаққа жететін ережелер мен құндылықтар жиынтығы және ғылым адамы үшін қажет болып табылады. Этос ғылымның әлеуметтік институт аумағындағы мүмкін болатын әрекетін көрсетеді. Ғылыми этос ғылыми қауымдастықтағы қатынастарды ұйымдастырумен байланысты, ол айқындайды, интеграцияланады, және ғылыми қауымдастықтың автономиясын қаматамасыз етеді.

Қоғам ғалымдардың ісіне араласа алмайды және араласпауы керек, бірақ, ғалымдар мораль, құдай ілімі, саясат ж.т.б. сұрақтарға араласа алмайды. Ғылыми қауымдастықтың мүшелері өз зерттеулерінің және олардың қорытындыларының ақиқатқа қатысты барабар нәтижесін жасайды. Осылайша, ғылыми этос алғашқы ғылыми қауымдастықтардан бастап жұмыс жасап келеді (ХVIIғ. басы).

Алғаш рет ғылыми этосты Роберт Мертон өзінің "Ғылымның нормативті құрылымы" (1942) атты еңбегінде сипаттап берген еді. Осыдан шыға ғылымның басты құндылығы ақақиат екенін ескере отырып ол ережелердің төмендегідей түрлерін ерекше атап көрсетті:

- әмбебаптылық - ғылыммен зерттеліп жатқан құбылыс барлық жерде бірдей болуда және ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығы жыныс, нәсіл, жасқа ж.т.б. қарамай бағалануы керек деген қағида;

- ұйымшылдық - ғылыми білім еркін түрде жалпының жетістігі болып табылады;

- қызықпаушылық - ғалым әрекетінің алғашқы стимулы ақиқатты риясыз іздеу болып табылады; мойындау, қаражат алу мақсат емес, салдар;

- ұйымдасқан скептицизм - әрбір ғалым өзі және оның әріптесі жасағанына жауапты болып саналады. Бір жағынан сыйластық қажет, дегенмен, сыни көзқарас та орын алуы керек.

Этоста ережелерді ұстану бағам механизмы бар. Ғылыми этоста басты позитивті санкция - әріптестерінің мойындауы, ал негативті - елемеушілік. Мертон бойынша: егер зерттеуші ережелерді ұстанса, онда ол нағыз ғалым.

  1. Универсализм, коллективизм, риясыздық және ұйымдасқан скептицизм ғылыми этостың сипаты ретінде.

  2. Ойлау стилі және оның мәдени-тарихи шарттары.

  3. Қазақстандағы ғылым.

  4. Priority areas of science in the Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасындағы ғылымның басым бағыттары.

Қазақстан Республикасы ғылымындағы басымдылық бағыттар. Ғылым дамуының басымдылық аумағындағы ғылыми зерттеулердің тақырыптар атауы:

1. Табиғи қорларды зерделі пайдалану, шикізатты өңдеу

қолданбалы ғылыми зерттеулер:

а) минералды-шикізат базасы мен су қорларын толтыру тәсілдері мен технологиясы;

- пайдалы қазбаларды игеру технологиясы;

- шикізат пен өнімдерді қайта өндіру технологиясы;

- жаңа материалдарды алу технологиясы;

- экология мен табиғатты зерделі пайдалану мәселелері;

- берілген ерекшеліктер жиынтығы бар көп қызметті материалдарды алудың теоретикалық негіздері.

в) іргелі ғылыми зерттеулер:

- көмірсу шикізатын қайта өндіру мен табиғатты тиімді пайдаланудың теоретикалық негіздері;

- шикізат пен өнімді өңдеу аумағында ғылыми зерттеулер;

- Қазақстанды қоршаған ортаның тиімді экологиялық жағдайын қамтамасыз ету және табиғатты рационалды пайдалану.