Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды баылау сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.74 Кб
Скачать
  1. The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.

Ғылыми зерттеулер тәсілдерінің көптүрлілігі. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігінің бірі оның ұйымдасқандығы және зерттеу тәсілдерінің толықтай қатарын пайдалануында. Тәсіл деп бұл жерде адамдар іс-әрекеттерін қайта құратын теоретикалық және практикалық, танымдық ережелерді, тәсілдерді, амалдардың жиынтығын айтады.

Бұл амалдар, ережелер өз еркімен жасалынбайды, зерттеп жатқан объектілердің заңдылықтарынан шығады.

Сондықтан, ақиқатың өзі секілді тәсілдер де өте көп. Таным тәсілдері мен практикалық әрекет тәсілдерін зерттеу ерекше пән - әдістеменің еншісінде. Тәсілдердің көп түрлілігін ескере отырып оларды негізгі бірнеше топтарға бөлуге болады:

1. Жалпы, философиялық тәсілдер, олардың қолдану аумағы өте кең. Олардың қатарына диалектикалық тәсіл де жатады.

2. Жалпы ғылыми тәсілдер, олар барлық ғылымдарда қолданылады. Бұл тәсілдердің ерекшелігі және өзіндігі - олар таным үрдісінің тек қана кейбір деңгейлерінде қолданылады. Мысалы, индукция эмпирикалық деңгейде, дедукция - танымның теоретикалық деңгейінде маңызды ролді атқарады, анализ - зерттеудің басында қолданылса, синтез қорытынды кезінде ж.т.б.

3. Жеке немесе арнайы тәсілдер, олар практикалық әрекеттің аумағында немесе жеке ғылымдарына тән. Олар химия немесе физика, биология немесе математика, металды өңдеуде немесе құрылыс ісінде пайдаланылатын тәсілдер.

  1. Empirical and theoretical levels, the criteria for discernment Эмпирикалық және теоретикалық деңгейлер, оларды айыру критерийлері.

  2. The concept of the scientific method Ғылыми тәсіл түсінігі.

  3. The method and methodology Әдіс және әдіснама.

Ғылыми таным әдіснамасы – ғылыми-танымдық әрекеттің тәсілдері мен формалары, құрылу қағидалары туралы ілім. Ғылым әдіснамасының мақсаты ғылыми зерттеу кезеңдерін суреттеу мен талдау, ғылым тілін сараптау, жеке тәсілдер мен әдістердің қолданылу аймағын анықтау, зеттеу қағидаларын, тұрғыларды, тұжырымдамаларды талдау.

Ғылым логикасы – ғылыми білім жүйесін талдау үшін қазіргі логиканың техникалық құрылғыларын, ұғымдарын қолданатын пән. Ол ХХ ғасырдың басынданеопозитивистер арқылы пайда болған ілім. Ғылым логикасы термині сондай-ақ, ғылым дамуының заңдарын белгілеу үшін де қолданылады, ол ғылым дамуының логикасы деген сөз.

Ғылым әдіснамасы жалпы философиялық мәселе болып табылады. Сондықтан да, ғылым әдіснамасының өзі философтардың жалпы қортындылар мен тұжырымдар шығаруы арқылы қалыптасқан болатын. Ол кейде, әрине, жаратылыстану ғылымдары арқылы да туындап шығуы ықтимал болғанмен, философия оларды жүйелеп, өзіндік әдіснама ретінде жалпылап, оны қоғмдық ғылымдар мен жаратылыстыну ғылымдарында қалай қолдану керектігіне де жүйелеп береді.

  1. A variety of methods of scientific research Ғылыми зерттеулердің көпбейнелі әдістері.

  2. The dialectic, systematic approach and systematic analysis Диалектика, жүйелі бағыт және жүйелі анализ.

  3. Formation of synergetic paradigm Синергетикалық парадигманың қалыптасуы.

Қазіргі ғылымның парадигмалды теориясы ретінде синергетика алға шығады, ол ашық тең емес жүйелердің әрекетін және өзін өзі ұйымдасу үрдісін зерттейді. Әлемнің теңдік, бірбейнелік, тұрақты құрылымы жайлы классикалық түсініктер түбегейлі түрде келмеске кетті. Әлем тұрақтылық кепілдігінен айырылған, мқнда кездейсоқтық, тұрақсыздық, қайтпастық элементтері ерекше орын алады. Ғылыми зерттеулер объектілері ашықтығымен (жүйенің қоршаған ортамен зат және қуат айналымы қабілеті), біркелкі емес (жүйеде оның эволюцияланатын көптеген жолдарының болуы), когеренттігімен (элементтер ара-қатынасының келісімділігі) және өзін - өзі ұйымдастырушылығымен (өзін өзі ұйымдастыру, өзін реттеуші және еске түсіру үрдістерінің болуы) сипатталатын күрделі жүйелер бола бастады.

Әлемнің синергетикалық көрінісімен бірге қазіргі ғылымға хаос, бифуркация, диссипативті құрылымдар, аттракторлар, фракталдар енеді. Жаңа ғылыми парадигма тұрақсыздық пен кездейсоқтықтың конструктивті ролін түсінуде эволюция жолдарының көп үлгілі және альтернативалы идяеларында көрініс табатын іргелі концепт ретінде біркелікліксіздікті тұрақтауға негізделген. Синергетика арқа сүйетін негізгі идеялар тұрақтылық пен реттілікті хаос арқылы тұрақтау, бифрукациялық өзгерістер, уақыттың қайтпастығы және күрделі жүйелердің тұрақсыздығы болып табылады.

Синергетика өзін - өзі ұйымдастыру үрдісінің жалпы заңдылықтарын игеруге бағытталған білім аумағы болып табылады. Айта кететін мәселе, өзін өзі ұйымдастыру принципі тірі емес табиғатқа, биологиялық және әлеуметтік үрдістердің әмбебап заңдары ретінде қарастырылады. Өзін өзі ұйымдастыру құбылысы жылжып жатқан материяның бастапқы сипаты болып табылады, ол бізге классикалық емес ғылымның бастапқы кемшілігін көрсетіп отырғандай.

Синергетика жаңа ғылыми және ғылыми емес (діни, филсоофиялық, мифологиялық, күнделікті) ойлау тәсілін жаңаша түсіндіруге негіз берді. Антиғылыми болып танылған архаикалық кезеңге тән уақыт және кеңістік, кездейсоқтықтың орны синергетикада өзіндік қайта жаңғыртуға ие болады. И.Пригожин және И.Стенгерс эксперимент пен сандық тұжырымға алғашқы мағынасын беретін батыс дәстүрі мен өзін - өзі ұйымдастыратын аяқ астынан өзгеретін әлем туралы шығыс түсінігін біріктіруге талпыныс жасайды.