- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
- •Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
- •Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері. Компоненты науки как социального института.Components of science as a social institution.
- •Мәдениеттегі ғылымның орны және ролі: сциентизм және антисцеинтизм.
- •Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
- •Ғылыми таным ерекшеліктері:
- •Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
- •Ғылым және дін. Наука и религия. Science and Religion.
- •Ғылымның гуманисттік көкжиектері. Гуманистические горизонты науки. Humanistic horizons of science.
- •Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі. Наука и современная образовательная система. Science and the modern educational system.
- •Heliocentric system of Copernicus. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
- •Background of the experimental method. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
- •Эксперименталды әдіс туындауының алғышарттары.
- •Formation of modern science. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
- •Socialization and institutionalization of science Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
- •The problem of method in science Ғылымдағы әдіс мәселесі.
- •The positivist tradition in the philosophy of science. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
- •The variety of types of scientific knowledge. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
- •Science as a profession and a particular type of activity. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
- •The norms and values of the scientific community Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
- •2. Энергетика және машинақұрастыру:
- •Historical forms the scientific world Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •The global evolution as a modern scientific picture of the world Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
- •Natural and technological development Жаратылыстану және техниканың дамуы.
- •Mathematical methods and the formation of scientific knowledge Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
- •Formation of the scientific disciplines of social and humanitarian cycle Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
- •The phenomenon of social sciences and humanities and civilizational value.Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
Қорытынды бақылау сұрақтары
Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні. Предмет истории и философии науки. Subject of the history and philosophy of science.
«Ғылым тарихы және философиясы» курсының пәні. Ғылым ерекше талдау пәні болып келеді. «Ғылым тарихы және философиясы» пәнінің аумағында ғылым оның тарихи даму тұғырынан, сонымен қатар, ғылым феноменінің талдауына негізделген әдістемелік және дүниетанымдық негіздемелер қырларынан қарастырылады.
«Ғылым тарихы және философиясы» пәнін зерттеу мақсаты кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарды ғылыми білім құрылымымен, ғылыми зерттеулер тәсілдерімен, ғылыми теориялар мен заңдылықтар қызметтерімен таныстыру; дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту; ғылыми зерттеулер және олардың нәтижелеріне сай келетін талаптар мен ғылымилық критерийлері жайында түсініктерді, сонымен қатар, ғылым тарихын зерттеу негізінде ғылыми ойлау стилін қалыптастыру болып табылады.
Пән міндеттері:
- ғылым философиясы және әдістемесінің негізгі идеялары мен нәтижелерін зерттеу;
- ғылыми зерттеу ерекшелігін білу;
- ғылыми таным зерттеулерінің философиялық-әдістемелік мәселелері;
- түпнегіздермен, шет ел және жергілікті ғылым әдістемешілерінің классикалық еңбектеріне талдау жұмыстарын жүргізу;
- жеке және сыни ойлауға жәрдемдесу.
Курс объектісі болып ғылым танымдық қызмет және дәстүр, әлеуметтік институт және мәдениеттің ерекше аумағы ретінде қарастырылады. Курс пәні – тарихи дамуындағы және ауыспалы әлеуметтік мәдени контексттегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтарын зерттеу, сонымен қатар, танымның не екенін түсіндіретін шекті танымдық жорамалын зерттеу.
Ғылыми білім дамуының заңдылықтары. Закономерности развития научного знания. Laws of development of scientific knowledge.
Француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.) барлық дәлелденген білімді – ғылым деп есептеген дедік. Сөйтіп ол білім мен ғылым арасын ажыратпады. Барлық өмірде дәлелденген білім қашанда оңды (позитивті) олай болса, ол ғылым деп дәлелдеді. «Позитивизм» деген алты томдық еңбек жазды. Бірақ, тарих бұл пікірдің қате екенін көрсетті. Әрине, ғылымның бәрі білім. Бірақ, білімнің бәрі ғылым емес. Білімнің ғылым болуы үшін объектінің сыртқы байланысын байқау жеткіліксіз, оның ішкі заңдылығын ашу керек. Заңдылығы ашылмаған тек себеп- салдарға негізделген білім ғылым емес. Ол өткенді талдап, болашақты айқындап айта алмайды. Әрине, бір нәрседен ...бір нәрсе болатынын байқау қиын емес, ол – білім. Бірақ ол әлі ғылым емес. Бәлкім содан болса керек Ю.М. Давид себеп-салдар дүниеде жоқ, ол тек санада қалыптасқан дегені. Бірақ, мәселе олай емес. Себеп-салдар әлемде бар құбылыс. Тек оның заңдылығын ашу қажет. Ол ғылымға тән. Білім оны тек сезеді, бірақ ашпайды. Білім таным арқылы ғылымға ұласады. Ғылым табиғатқа екпінді араласады, оның даму барысында әсер етеді, объектіні өзгертеді, жаңалық ендіреді. Ғылым – шығармашылық. Білім танымнан басталады, таныммен шектелетін болса, ғылым танымнан басталып объектінің ішкі құрылымын ұдайы қарастырып, жаңалық ашады. Бұл мәңгі процесс, ілгеріге ұмтылыс. Ғылым тарихы мен философиясы 75 Сонымен білім үйренуге, есте сақтауға негізделген болса, ғылым байқаудан, таңданудан басталып, тәжірибе жасауға шығармашылыққа негізделген.
