Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labview шшшшшшпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.38 Mб
Скачать

21. Автоиндекстеуді қосып, өшіруді келтіріңіз.

For және While циклдары массивтарды автоматты түрде жинақтап, олардың индексациясын өз шекарасында өткізе алады. Мұны автоиндексация деп атаймыз. Массивтің мәліметтер терминалы мен циклдан шығатын терминалмен қосқанда циклдың әр итерациясы массивтің жаңа элементін тудырады. Иллюстрацияда көріп тұрғанымыздай, массив мәліметтерінің терминалы мен циклдан шығатын терминалын қосатын мәліметтер өткізгіші жуандаған және циклдан шығып тұрған терминал массивтің мәліметтер терминалының түсіне боялған.

Автоиндексацияны циклдан кіріс/шығыс терминалына тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Disable Indexing пунктін таңдау арқылы өшіруге болады.

For циклі циклмен жұмыс істегенде ең көп қолданылатыдықтан, LabView-да оған автоиндексация міндетті түрде қосылған. Ал While циклында автоиндексация операциясы өшірулі күйде болады, яғни қалауымызша қоса аламыз. Оны қосу үшін циклдан кіріс/шығыс терминалына тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Enable Indexing пунктін таңдаймыз.

22. Array Size қызметі туралы жазыңыз.

Массивтармен жұмыс істеу, оларды шығару және басқару операцияларымен жұмыс жасау үшін Function>>Programming>>Array палитрасында орналасқан функцияларын қолданамыз. Массивпен жұмыс істегенде ең көп қолданылатын функцияларға жататындар: Array Size, Initialize Array, Build Array, Array Subset, Index Array функциялары.

Array Size – әр өлшемділіктегі массивтар элементтерінің санын көрсетеді. Егер массив n-өлшемді болса Array Size функциясының шығысында n элементтен тұратын массив болады. Мысалы астыда көрсетілген массив үшін Array Size функциясы 3 мағынасын береді:

7

4

2

23. Initialize Array қызметі туралы жазыңыз.

Массивтармен жұмыс істеу, оларды шығару және басқару операцияларымен жұмыс жасау үшін Function>>Programming>>Array палитрасында орналасқан функцияларын қолданамыз. Массивпен жұмыс істегенде ең көп қолданылатын функцияларға жататындар: Array Size, Initialize Array, Build Array, Array Subset, Index Array функциялары.

Initialize Array – әрбір элементі мәліметтерді енгізу жолдары element мағынасымен инициалданған n-өлшемді массивті шығарады. Массивтің өлшемін үлкейту үшін функцияны созу арқылы, мәліметтерді енгізу жолдарын қосу жеткілікті. Мысалы Initialize Array функциясы үшін келесі параметрлер болса: element жолының мағынасы 4, ал dimension size жолының мағынасы (егер біреу болса) 3 болса, онда шығысында мынандай n-өлшемді массив болады:

4

4

4

24. Build Array қызметі туралы жазыңыз.

Массивтармен жұмыс істеу, оларды шығару және басқару операцияларымен жұмыс жасау үшін Function>>Programming>>Array палитрасында орналасқан функцияларын қолданамыз. Массивпен жұмыс істегенде ең көп қолданылатын функцияларға жататындар: Array Size, Initialize Array, Build Array, Array Subset, Index Array функциялары.

Build Array – бірнеше массивтарды біріктіретін немесе элементті n-өлшемді массивке қосатын функция.

Функцияның өлшемі өзгерту мәліметті енгізу жолдарын көбейтеді, ол өз кезегінде қосылатын элементтердің санын көбейтеді. Мысалы, егер 2 массивті қосатын болсақ, Build Array функциясы келесіні береді:

7

4

2

4

4

4

Кіріс мәліметтерді сондай өлшемді, бірақ ұзынырақ массивке біріктіру үшін функцияны тышқанның оң батырмасымен басып, контекстті менюдан Concatenate Inputs пунктін тандау жеткілікті.

7

4

2

4

4

4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]