Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акт жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

51.Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық түс деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішене екі тіктөртбұрыш тұр, олардың үстінгісі – негізгі түсті, ал астынғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.

Бояулармен жұмыс. Бояуды таңдап алу тышқанның сол жақ бастамасы арқылы іске асырылады. Суретті салу үшін – тышқанның сол жақ батырмасын, ал фондық түстерді өзгерту үшін оның оң жақ батырмасын пайдаланамыз. Қалам түсі негізгі түс деп саналады.Құйғыш (Заливка) құралы тұйықталған сызықтар үшін негізгі түспен бояуға арналған. Бұл үшін құйғышты боялатын аймаққа әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу жеткілікті.Бүріккіш (Распылитель) құралы кез келген бейнені бояулар арқылы өрнектеуге негізделген.Түстер палитрасының кескіні. Түстер палитрасы Paint терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Палитраның сол жақ шетінде бірінің үстінде бірі қабаттасып, орналасқан кішкене екі төртбұрыш көрсетілген, олардың үстіңгісі негізгі түсті, астыңғысы фондық түсті көрсетіп тұрады.Егер бояуға қажетті түс палитрада жоқ болса, онда керекті түсті палитраға шығарып алу үшін сол палитраның кез келген жеріне курсорды алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу керек немесе меню қатарынан Параметрлер-Паоитраны өзгерту (Изменение палитры) командасын таңдау керек. Команда орындалғаннан кейін, экранға «Ищменение палитры» сұхбат терезесі шығады.Пайда болған терезенің Базалық палитра: (Базовая палитра:) қатарынан керекті түсті таңдауға болады, егер керекті түс ол жерде болмаса, онда оны Қосымша түстер: (Дополнительные цвета:) қатарына (керекті түсті) осы терезеде көрсетілген түстер айнасының керекті жерінде тышқанды шертіп, шығарып алып, таңдауға да болады. Егер сурет салу барысында сол суретте бұрын қолданылған түсті таңдап алу керек болса:

-Түс таңдау (Выбор цветов) құралын пайдалануға болады. Ол үшін сол салынып жатқан суреттің қажетті түсі бар жерінде тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу жеткілікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]