- •Электр тізбегінің элементеріне токталыңыз, анықтама беріңіз?
- •2.Тізбек элементтерінің негізгі сипаттамалары ток күші,экқ,кернеу,кедергі,өткізгіштердің қызметін атаңыз.
- •3.Тізбек элементтерін,тізбекті және параллельді жалғауды түсіндіріңіз.
- •4.Киргхорфтың бірінші және екінші заңдарын дәлелдеңіз.
- •5.Сымдардың ауытқуы мен кернеудің жоғалуын есептеңіз
- •6.Токтың жылулық әсері дегеніміз не?
- •7.Сымдардың қызуын есептеуді түсіндіріңіз.
- •10.5 Сурет – Қысқа тұйықталулар кезіндегі сымдардың қызу температурасын анықтайтын қисықтар.
- •8. Электр өрісі дегеніміз не?
- •9.Өріс кернеулігінің ерекшілігін түсіндір.
- •10.Диэлектрлі өткізу тұрғысынан сипаттама беріңіз
- •11.Электрсыйымдылықтың ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •12.Токтың магнит өрісінің негізгі сипаттамалары
- •13. Ферромагнетиктер дегеніміз не?
- •14.Механикалық күштер және магнит өрісінде жұмыс істеу дегеніміз не?
- •16.Индуктивтілік дегеніміз не?
- •17.Өзара индукция дегеніміз не?
- •Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы
- •21.Эквиваленттік генератор әдісі
- •23.Айнымалы тоқтың негізгі сипаттамалары-период,жиілік,толқын ұзындығын талдаңыз?
- •24.Айнымалы тоқтың қарапайым тізбегіне Ом заңының ықпалын түсіндіріңіз.
- •25.Активті қуаттылық,айнымалы токтың қабылдағыштардың параллелді тізбекті қосулары,аралас қосуларды жазыңыз.
- •1.2. Электр тізбегінің элементтерін параллель қосу
- •26.Үш фазалы жұлдызша жүйенің қосылу,үш бұрышты қосылу ерекшеліктерін айтыңыз.
- •27.Радиотехникалық аспаптар мен қондырғылар.
- •29.Осциллографтар тұрғысында жалпы мәліметтер беріңіз.
- •30.Генераторлардың ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •31. Магнитті өрісін сипаттайтын негізгі шамаларды атаңыз?
- •32. Эқк, қорек көзі және тоқ қорек көзі дегеніміз не?
- •33.Тұрақты тоқтағы сызықты емес электр тізбектің есебің дәлелденіз
- •34. Сызықты электр схемаларын түрлендіру
- •Резисторларды тізбектеп қосу
- •35. Резисторларды тізбектеп қосуды дәлелдеңіз.
- •36. Резисторларды қатар немесе параллель қосуды сызып көрсетіңіз.
- •37. Резисторларды аралас қосуды сызып көрсетіңіз.
- •38.Активті екіұштылықтың теоремасын дәлелдеңіз
- •41.Синусоидалды тоқ пен кернеудің амплитудасы жəне фазасы
- •42.Синусоидалды эқк алу
- •43. Синусойдалды тоқ тізбегіндегі резистор дегеніміз не?
- •44.Синусойдалды ток тізбегіндегі инлуктивті катушканы түсіндіріңіздер.
- •45. Синусоидалды тоқ тізбегідегі конденсаторды түсіндіріңіз?
- •46.Электр өрісінің кернеулігі
- •47.Электр әлеуеті және кернеуді түсіндіріңіз
- •48.Электр тізбек элементтерін талдап түсіндіріңіз.
- •49.Ом заңын қорытыңыз
- •50.Эқк қорек көзі және ток қорек көзі дегеніміз не
- •51. Потенциал диаграммасын салыңыз.
- •52.Электр энергисы және электр қуаты дегеніміз не?
- •53.Энергия қорек көзінің пайдалы әсер коэффициентінің ерекшілігін жазыңыз.
- •55.Кедергі үшбұрышын эквивалентті жұлдызға және керісінше айналдыру әдісін талдаңыз.
- •56. Электр энергия қорек көзінің тізбектеліп қосылуын түсіндіріңіз.
- •57. Түйінді әлеуеттер әдісі.
- •58.Түйінді кернеу (екі түйін) әдісін түсіндіріңіз
- •60.Ауа трансформаторы.
4.Киргхорфтың бірінші және екінші заңдарын дәлелдеңіз.
Электр тізбектерін есептеу кезінде Ом заңымен қатар Кирхгофтың заңдары да кеңінен қолданылады. Кирхгофтың екі заңы электр тізбектерінің негізгі заңдары ретінде саналады.
Кирхгофтың бірінші заңы электр тізбегінің түйіндерінде зарядтардың жинақталмайтындығына, яғни токтың үздіксіз жүретіндігіне (үздіксіздік принципіне) негізделеді. Бұл заң тізбектің түйініне қатысты қолданылады.Бұл заңның бірінші тұжырымдамасы бойынша тізбектің кез-келген түйінінде түйіскен токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең. Математикалық түрде жазылуы:
Теңдеу құру үшін түйінге қарай бағытталған токтардың таңбасын «+»,ал түйіннен шыққан токтардың таңбасын «-» етіп алу керек. Мысалы,15-суреттегі түйін үшін:
I1+I3-I2-I4=
Егер I2 және I4 токтарын теңдіктің оң жағына шығарсақ, онда I1+I3=I2+I4 яғни (екінші тұжырымдама бойынша)
түйінге кірген токтардың арифметикалық қосындысы түйіннен шыққан токтардың арифметикалық қосындысына тең.
Берілген тізбек үшін Кирхгофтың бірінші заңы бойынша құрылатын теңдеулер саны (N(1))түйіндер санынан (t)біреуге кем болады: N(1)=t-1
Электр тізбектерін есептеу кезінде Ом заңымен қатар Кирхгофтың заңдары да кеңінен қолданылады. Кирхгофтың екі заңы электр тізбектерінің негізгі заңдары ретінде саналады.
Кирхгоф екінші заңы энергияның сақталу заңына сүйенеді және электр тізбегінің контурына қатысты қолданылады. Бұл заңның бірінші тұжырымдамасы:
Тұйық контурдағы э.қ.к.-тердің алгебралық қосындысы сол контурдағы кедергілердегі кернеулердің түсулерінің алгебралық қосындысына тең. Математикалық түрде жазылуы:
мұндағы n-қарастырылатын контурдағы э.қ.к.-тердің
саны; m-қарастырылатын контурға қатысты тармақтардағы кедергілер саны. Кирхгоф екінші заңының екінші тұжырымдамасы: Кез-келген тұйық контурдың бойындағы кернеулердің алгебралық қосындысы нөлге тең:
Бұл өрнекті қолданған кезде э.қ.к. көзіндегі кернеудің бағыты оның э.қ..к.-інің (Е) бағытына қарсы бағытталатынын ескеру керек. Берілген тізбек үшін Кирхофтың екінші заңы бойынша құрылатын теңдеулер саны(N(2)) тізбектегі тармақтар санымен(к) бірінші заңы бойынша құрылатын теңдеулер санының айырмасына тең, яғни N(2)=к-(t-1). Кирхофтың екінші заңы бойынша теңдеу құрудың реті: а)Тізбектің тармақтарындағы токтардың бағыттарын өз қалауымызша таңдап аламыз);ә) Контурларды айналу бағытын өз қалауымызша таңдап аламыз; б) Э.қ.к.-тердің алгебралық қосындысын тапқан кезде контурдағы э.қ.к.-тің бағыты контурды айналу бағытымен сәйкес келсе, онда оның таңбасы «+», ал керісінше жағдайда «-» етіп аламыз;в) Кедергімен жүретін токтың бағыты контурды айналу бағытымен сәйкес келсе, онда кернеудің түсуінің (IR) таңбасы таңбасы «+», ал керісінше жағдайда «-» болады.
5.Сымдардың ауытқуы мен кернеудің жоғалуын есептеңіз
6.Токтың жылулық әсері дегеніміз не?
Электр тогының жылулық әректін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс физигі Э. Ленц тәжірибе жүзінде зерттеген. Тогы бар өткізгіште бөдініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмсаған жүмысына тең:
Q=Aж= I2RT.(1)
(1) формула Джоуль-Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мқөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және онің өту уақытына тура пропорционал.
Кедергілері R1 және R2 болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде, оларда бөлініп шыққан жылуды былай өрнектеуге болады:
Q1=I2R1t, Q2=I2R2t.
Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (2)
екені шығады. Демек, тізбектей жалғанған кезде әрбір өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері осы өткізгіштердің кедергілеріне тура пропорционал.
Кедергілері R1 және R2 болатын ЭҚК-і жоқ тізбектің екі бөлігін паралель жалғаса, токтың әрбір жеке бөлігінде бөліп шығаратын жылу мөлшері
Q1=U2t/R1, Q2=U2t/R2.
Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (3)
ЭҚК-і жоқ тізбектің параллель жалғанған бөліктерінде токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері осы бөліктердің кедергілеріне кері пропорционал болады.
2 және 3 өрнектерден көріп отврғанымыздай, тізбектей жалғанған кезде ең көп жылу мөлшері кедергісі ең үлкен өткізгіште, ал параллель жалғанған кезде кедергісі ең кіші өткізгіште бөлініп шығарылады.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
1.Өрістің кернеулігі нөлге тең болмауы керек.
2.Өріске әсер етуші күштің бар болуы шарт.
3.Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы болуы керек.
4.Потенцииалдар айырымы нөлге тең болмауы керек.
