Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elektro.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.65 Mб
Скачать

26.Үш фазалы жұлдызша жүйенің қосылу,үш бұрышты қосылу ерекшеліктерін айтыңыз.

Үш фазалы жүйеге қабылдағыштарды жүлдызша схемасымен жалғағанда симметрялы режимде нолдік өткізгішті алып тастауға болады, бірақ міндетті түрде симметрия сақталу керек. Егер нолдік проводы жоқ схемада симметрия бұзыса, бейтарап нүктелердің арсында кернеу пайда болады, ол нейтралдың ығысу кернеуі деп аталады:

(4.5)

Осы себепті фазалардың кернеулері теңдеулерінен көрініп тұрғандай желінің фазалық кернеулеріне тең болмайды да, электр қабылдағыш номинал әлпінде жұмыс істемейді, мұндай жағдайды болдырмас үшін бейсимметриялы электр

Сурет-4.3 Үш фазалық жүйеге қабылдағыштарды нольдік өткізгіші жоқ жұлдызша / жұлдызша схемасымен қосу схемасы

қабылдағыштары үш фазалы кернеу көзіне бейтарап сыммен қосылады, әрине бейтарап сымның кедергісі оны елемейтіндей аз болуы керек: Бейтарап сым бейтарап нүктелерінің потенциалдарын теңестіреді де, желінің фазалық кернеулері электр қабылдағыштың фазалырына өзгеріс жеткізілді: Бұл қабылдағышқа оның номинал кернеуіне тең кернеу белгілеу мүмкіндігін туғызады. Бұл теңдіктер егер бейтарап нүктелердің арасындағы кернеу пайда болса онда электр қабылдагыштың фазалық кернеуінің желінің кернеуіне тең болмайтындығын және өзара да әр түрлі болатындығын көрсетеді. Электр қабылдағыштың фазалық токтары Ом заңы бойынша төмендегі формулалармен анықталады.

теңдігінен бейтарап сымның тоғы (4.6)

Егер фазалық токтардың осы мәндерінің және сымның тоғын теңдігіне қойса, келесі теңдеуді шығарып алуға болады:

Жұлдызшамен жалғанған электр схемасы 3.2.2-ші суретте көрсетілген. Бұдан бейтарап сымның кернеуі:

(4.7)

жұлдызшамен қосқан кездегі үш фазалық тізбектердің векторлық диаграммасы 4.3 а суретте көрсетілген.

Тұтынушылары әрбір үш фазалық қозғатқыш симметриялық қабылдағыш болып табылады. Сондықтан электроқозғалтқышты энергия көзіне қосқанда үш сымдық желі пайдаланылады. Ал жарықтандыру жүйесінде үш фазалық қабылдағышта симметриялы толығымен сақтау мүмкіндігі болмайтындықтан төртінші бейтарап сым керек.

Үш фазалы қабылдағышты үшбұрыш схемасымен жалғау.

Сурет-4.4 Кабылдағышты үшбұрыш схемасымен жалғау

27.Радиотехникалық аспаптар мен қондырғылар.

Радиотехника - радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, радиолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық процесстерді бақылау және басқаруда, тағыда басқа ғылыми-зерттеулерде пайдаланып технология саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар жатады. Радиотехник қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласында қолданады Мысалы:

  • Кез келген қашықтықты радиотелефон байланысын орнату

  • Кескін, чертеж, сурет, газет матрицаларын тарату

  • Тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс жасау

  • Космос объектілері мен Жер, космостық аппараттарының өз арасында тікелей байланыс орнатылады

  • Алыс қашықтықтағы пункттермен радио, телевизиялық байланыс жасау үшін пайдаланатын Жердің жасанды серіктері ретрансляциялық станция ретінде байланыс линиясының құрамына еніп отыр.

Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттелу және информацияны өңдеу жүйелерінің негізін құрайды. Осыған орй радиотехника жетістіктері электронды есептеуші машиналарды жетілдіруге мүмкіндік берді. Мысалы, алғашқы электрондық шамдармен жұмыс істесе, лдан кейінгі кезде машиналар жартылай өткізгішті элементтермен, ал соңғы кездегі машиналар жартылай өткізгішті интегрралсхема негізінде жұмыс істейтін болды. Бұл салада оптикалық электрониканың голографияның, криогендік электрониканың келешегі зор.

Радиотехниканы өнеркәсіп пен халық шаруашылықта қолдануы[

Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары:

  • аса таза металлдарды алуда

  • болат бұйымдарының беттік қабатын шынықтандыру кезінде

  • ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде

  • тамақ өнеркәсібінде

  • медицинада қолданылуда.

Радиотолқындар қолданысы метеорология ғылым саласымен тығыз байланысты. Бұған радиотолқындардың таралуында тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде іске асырылатын радиометеорология тікелей мысал бола алалады. Атмосфералық радиобөгеулерді зерттеу негізінде радиоастрономия пайда болды. Оптикалық телескоптармен байқалмайтын әлем аймақтары радиотелескоп арқылы зерттеледі. Радиотелескоптар арқылы пульсарлар ашылды, біздің Галактиканың көзге көрінбейтін ядросы зерттелді, астрономиялық жаңалықтар ашылды. Радиотехниканың дамуы үшін Халқаралық ғылыми радиоодақ, Халқаралық радио консультативтік комитеті, радиожиілікті бөлу жөніндегі Халықаралық комиссия сияқты ұйымдар да маңызды жұмыс атқарды

28.Түзеткіштердің қызмет ерекшеліктерін атаңыздар.  Түзеткіш құрылғыларда кең тарағандары жартылай өткізгішті клапандар. Олар бірнеше милиамперден бастап жүздеген амперге дейінгі токтарға есептеледі. Тура бағыттағы кедергілері аз. Бірақ бір жаман жері, бұларда кері токтың үлкен маңызы бар және ол температура жоғарылаған сайын өсе береді. Бұл жағдай құрылғының жұмыс температурасының ауқымына шек қояды. Бір ғана диод қолданылатын қарапайым түзеткіште ток жүктеме арқылы тек оң жарты периодта ғана өте алады, теріс жарты периодты диод өткізбейтін болғандықтан, ол жүктеме арқылы өте алмайды, жүктемедегі ток тек қана оң жарты периодтардан тұратындығы қарастырылады. Көбейткіштіңкұрылысы мен жұмысының қандай екендігі баяндалады.Көбейткіш — кернеуді жоғарылататын аспап. Бірақ мұнда трансформатордағыдай ешқандай жүрекше, орам деген жок. Сонда ол кернеуді қалай жоғарылата алатындығы туралы айтылады.  Әр түрлі электрондық құрылғылар мен электрлік жетектердің қорек көзі ретінде тұрақты ток қолданылады. Бірақ электр станцияларындна айнымалы ток қана ендіріледі де, ал электр тораптарымен әдетте айнымалы ток таратылады. Сондықтан аталған қондырғыларды қоректендіру үшін айнымалы токты тұрақты токқа түрлендірудің қажеттігі келіп туады. Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіретіні құрылғыны түзеткіш деп атайды. Әдетте түзеткіш құрылғының құрамына оның номинал кернеуін желінің кернеуімен сәйкестендіру үшін трансформатор, түзеткіштің өзі, түзетілген токтың солықтауын азайтатын (жатықтайтын) сүзгі және түзетілген кернеуді тұрақтандырғыш кіреді Түзетілген кернеуінің шамасы реттелмейтін түзеткіштерді басқарылмайтын, ал кернеуі реттелмелі түзеткіштерді басқарылмалы түзеткіштер деп атайды. Әдетте баскарылмайтын түзеткіштер жартылай өткізгішті диодтардан, ал басқарылмалы түзеткіштер тиристорлардан жинастырылады. Жартылай өткізгішті диод тармен айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіру, басқаша айтқанда айнымалы токтан тұрақты ток алу, олардың кернеуді тура бағытта бергенде кедергісінің өте аздығынан токты өткізетіндігі мен кернеуді кері бағытта бергенде кедергісінің өте үлкендігінен токты өткізбейтіндігіне негізделген. Түзетілетін айнымалы токтың фазалар санына қарай түзеткіштер бір фазалы немесе үш фазалы деп аталынады. Бір фазалы түзеткіштер бір жарты периодты және екі жарты периодты болып, ал үш фазалы түзеткіштер бейтарап нүктелі және көпірлі тізбекті болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]