- •Дальтонның атом-молекулалық ілім туралы негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •6.Элементтердің периодты және периодсыз өзгеретін қасиеттерін айқындаңыз.
- •14.Гиббс энергиясы, энтальпия және энтропия өзара байланысын түсіндіріңіз.
- •17. Үрдістің бағытын анықтайтын энатальпиялық және энтропиялық факторлар.
- •23.Газ тектес және ұшқыш заттардың молекулалық массаларын табу әдістері
- •27. Химиялық реакция жылдамдығына реагенттер концентрациясының әсерін, әрекеттесуші массалар заңын қолдану жағдайларын көрсетіңіз.
- •28.Хим.Тепе-теңдік константасы және Ле-Шателье ұстанымын мысалдар келтіріп түсіңдіріңіз
- •29.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері
- •44.Көмір қандай жағдайда жанғанда негізінен со газы түзіледі? Пештің түтін жүретін жолы жабық болған жағдайда не себепті ыс тию қаупі көмірдің қызуының азаюына сәйкес келеді?
- •47.”Патша сұйығы” деген не? Хим.Қасиеттері қандай? Алтынмен әрекеттесу реакцияның теңдеуі
- •49.Алюминий,алынуы,физ.Және хим.Қасиеттері,қолданылуы,маңызды қосылыстары.
- •51.Табиғи сулардың кермектігі қандай тұздардың әсерінен болады? Кермек суға: а)Na2co3 b)NaOh c)CaOh2 қосқанда қандай реакция жүреді?
47.”Патша сұйығы” деген не? Хим.Қасиеттері қандай? Алтынмен әрекеттесу реакцияның теңдеуі
Азот қышқылында ерімейді деген асыл металдар азот қышқылы (1 көлем) мен тұз қышқылының (3 көлем) қоспасында ериді. Ерте уақытта металдардың патшасы-алтын деп есептейтін заманда, сол «патшаны» еріте алатын сұйықты «патша сұйығы» (орысша «царская водка», латынша – патша суынан дегеннен) деп атаған. «Патша сұйығының» әрекеті былай түсіндіріледі, әуелі азот қышқылы тұз қышқылын тотықтырады; онда бос күйіндегі хлор және нитрозил хлориді NOCl түзіледі:
HNO3+3HCl=Cl2+2H2O+NOCl
Енді, нитрозил хлориді айырылып азот оксиді NO мен хлор Cl2 түзіледі. Осы реакциялардан бөлініп шыққан хлор алтынмен қосылып алтын трихлоридін түзеді, алтын трихлориді суда ерігіш тұз, сондықтан үстіртін қарағанда алтын «патша сұйығында» еріген болып көрінеді, реакцияның нәтижесін былай жазуға болады:
Au + HNO3 + 3HCL = AuCL3 + NO + 2H2O
AuCl3+HCl=H[AuCl4]
49.Алюминий,алынуы,физ.Және хим.Қасиеттері,қолданылуы,маңызды қосылыстары.
Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит.Al2O3*XH2O. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған . Алынуы. Алюминий алудағы технологияның бас міндеті осы қоспалардан арылу. Бокситтен алюминий алудың 2 сатысы бар. 1.Бокситтен глинозем (Al2O3) алу Глиноземнен алюминий алу. Бірінші сатыны өткізу үшін Байер ұсынған сілтілік әдісті қолданады, ол үшін бокситті ұсатып, автоклавка салып, NaOH-не Na2CO3 ерітіндісімен шаяды,сонда: Al2O3+2NaOH=2NaAlO2+H2O реакцияның нәтижесінен Al алюминат түрінде ерітіндіге көшіп, SiO2 мен Fe2O3 тұнбада қалады. Енді алюминат ерітіндісін су араластырып, сұйылтса, ол гидролизденеді: NaAlO2+2H2O=NaOH+AlOH3 тұнба түзіледі. Кристалданған AlOH3 сүзіп алып, айналмалы пеште 1200С-та суынан айырады: 2AlOH3=Al2O3+3H2O қалған NaOH қайтадан процесске қосылады. Балқымада алюминий оксиді диссиоциацияланады: Al2O3=Al3+ + AlO3 3- Катодта алюминий катиондары тотықсызданады: 2Al3+ + 3e= Al Физикалық қасиеттері. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы 2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Химиялық қасиеттері. Алюминий-активті металл, қалыпты темп.галогендермен әрекеттесіп, галидтер түзеді: 2Al+3Cl2=2AlCl3 Ұсақталған алюминийді қыздырғанда: 4Al+3O2=2Al2O3 дельтаH=-1670 кДж Алюминий өте қатты қыздырғанда (800-1000С) 2Al+3S=Al2S3 алюминий сульфиді 2Al+ N2=2AlN алюминий нитриді Өте жоғары темп-да 2000С 4Al+3C=Al4C3 алюминий карбиді Түзілген алюминий карбиді сумен әрекеттесіп, гидролизденіп, метанды бөліп щығарады: Al4C3+12HOH=4Al(OH)3+3CH4 Аl H2-мен тікелей әрекеттеспейді. Ал оның гидридін басқа әдіспен
алуға болады, ол ақ түсті аморфты зат. Ол суда өзгермейді, себебі оның сыртындағы оксид қабаты металды еруден сақтап тұрады, оксидтен тазартылған алюминий сумен қуатты түрде әрекеттесіп сутегін ығыстырып шығарады: 2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2 Алюминий амфотерлі, сондықтан қышқылдармен,сілтілермен әрекеттесіп, тұздар мен сутек түзеді: 2Al+6HCl=2AlCl3+3H2 2Al+6KOH+6H2O=2K3[Al(OH)6]+3H2 Сыртында қорғаныш қабаты түзілетіндіктен, Al суық азот қыщқылында және конц. Күкірт қышқылында пассивтеледі,әрі қарай әрекеттеспейді. Алюминий металл оксидтерімен әрекеттескенде өте көп жылу бөлінеді де темп.-да 1200-2000С дейін жоғарылап, түзілген металл балқып кетеді. Алюминий хромды, марганецті, ванадийді, т.б. Металдарды қосылыстарынан тотықсыздандырады: 2Al+Cr2O3=Al2O3+2Cr Алюминий қосылыстары: Al2O3 суда ерімейтін, ақ түсті кристалды зат. Амфотерлі қасиет көрсетеді. Ол корунд д.а. Минерал түрінде кездеседі. Қоспасы көп корундты наждак д.а. Құрамында Cr2O3 бар, қызыл қоңыр түсті корундтің түрі рубин д.а. Алюминий оксиді суда ерімейтіндіктен, Al(OH)3-ін алюминий тұздарына эквивалентті мөлшердегі сілтімен әрекет ету арқылы алады: Al2(SO4)3+6NaOH=2Al(OH)3+3Na2SO4 Алюминий гидроксиді суда ерімейтін әлсіз негіз. Ол амфотерлік қасиеттері болғандықтан әрі қышқылдарда, әрі сілтілерде ериді: Al(OH)3+3HNO3=Al(NO3)3+H2O Al(OH)3+3KOH=K3- [Al(OH)6] Алюминий гидроксидін сілтілермен қосып балқытқанда орта-алюминаттар немесе металлалюминаттар түзіледі Al(OH)3+3KOH=K3AlO3+3H2O Al(OH)3+KOH=KAlO2+2H2O Алюминий тұздары түссіз болады , өйткені олардың құрамына кіретін алюиминий катионының түсі болмайды, тұздары суда жаксы ериді және судағы ерітінділерінде гидролизденеді Алюминий катионы мен әлсіз қышқылдардың тұздары толықтай гидролизденіп , алюминий гидроксидімен сәйкес қышқылдар түзеді Al2S3+6H2O= 2Al(OH)3+3H2S Al(CH3COO)3+ 3H2O= Al(OH)3+ 3 CH3COOH Алюминийдің практикалық маңызы бар тұздарына алюминий хлориді алюминий сульфаты Al2(SO4)3* 18H2O және алюминий ашудастары Kal(SO4)2*18H2O жатады Қолданылуы : алюминий мен оның құймалары авиация және автомобиль жасау өнеркәсіптерінде , құрылыста , қорғаныс ісінде көпірлер жасауға кең қолданылады Алюминий электр тоғын жақсы өткізеді , одан көп мөлшерде электр сымдарын жасайды Алюминий оксидінің бөгде қоспасы бар басым түрі-наждак заттардың бетін тегістеуге ,тазартуға ал рубин дәл приборлар,сағаттар жасайтын өнеркәсіптерде қолданылады Алюминий сульфаты су тазартуда кейбір кағаздар жасауда қолданылады
