- •Дальтонның атом-молекулалық ілім туралы негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •6.Элементтердің периодты және периодсыз өзгеретін қасиеттерін айқындаңыз.
- •14.Гиббс энергиясы, энтальпия және энтропия өзара байланысын түсіндіріңіз.
- •17. Үрдістің бағытын анықтайтын энатальпиялық және энтропиялық факторлар.
- •23.Газ тектес және ұшқыш заттардың молекулалық массаларын табу әдістері
- •27. Химиялық реакция жылдамдығына реагенттер концентрациясының әсерін, әрекеттесуші массалар заңын қолдану жағдайларын көрсетіңіз.
- •28.Хим.Тепе-теңдік константасы және Ле-Шателье ұстанымын мысалдар келтіріп түсіңдіріңіз
- •29.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері
- •44.Көмір қандай жағдайда жанғанда негізінен со газы түзіледі? Пештің түтін жүретін жолы жабық болған жағдайда не себепті ыс тию қаупі көмірдің қызуының азаюына сәйкес келеді?
- •47.”Патша сұйығы” деген не? Хим.Қасиеттері қандай? Алтынмен әрекеттесу реакцияның теңдеуі
- •49.Алюминий,алынуы,физ.Және хим.Қасиеттері,қолданылуы,маңызды қосылыстары.
- •51.Табиғи сулардың кермектігі қандай тұздардың әсерінен болады? Кермек суға: а)Na2co3 b)NaOh c)CaOh2 қосқанда қандай реакция жүреді?
44.Көмір қандай жағдайда жанғанда негізінен со газы түзіледі? Пештің түтін жүретін жолы жабық болған жағдайда не себепті ыс тию қаупі көмірдің қызуының азаюына сәйкес келеді?
Көмір, не көміртекті қосылыстар, оттек жетімсіз, бірақ жоғары температура жағдайында жанса, көміртек II оксиді түзіледі:2C+O2=2CO
(төмен температурада көміртек диоксиді түзіледі), жоғарыда айтқандай көміртек диоксидін қызған көмірдің реакциясынан да:
CO2+C=CO дельтаH=172кДж/моль
Көміртек оксидін иіс газы деп те атайды, өйткені иіс тиіп, ас ауырып, улану бәрі пештегі отын шала жанғаннан (пештің төбесін ерте жапқаннан) бөлініп шығатын көміртек оксиді әсерінен болады. Бірақ, иіс, ол ештен бірге араласып шығатын басқа газдардың иісі. Көміртек оксиді 0,05% бар ауамен бір сағат, 0,3% бар ауамен 15 минут дем алса, адам уланып өлуі мүмкін. 46.Көміртектің аллотропиясы,алынуы,физ.және хим.қасиеттері, қолданылуы Көміртек адамзатқа көмір, күйе түрінде ерте заманнан белгілі. 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді. Бұл жер қыртысының 0,8 %-ын және атмосфераның 0,03 %-ын құрайды.Көміртегінің жалғыз элемент күйі де,басқа затпен қосылған күйі де пайдалы болып табылады. Гауһар, графит және көмір көміртегінің элементті түрлеріне жатады.Көміртегі литосферада минерал карбонаттары ретінде де кездеседі. Табиғатта таралуы Көміртек бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын аллотропиялық күйлерінде кездеседі. Табиғи қосылыстары карбонаттар (СаСО3 • MgCО3 - доломит, СаСО3 -мәрмәр, MgCО3 - магнезит). Байланысқан күйде көмірде, мұнайда, табиғи газдарда кездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы, ССl4 - төрт хлорлы көміртек, CS3 — күкіртті көміртек улы заттар. Аллотропиялық түрезгерістері кристалдық торларының әр түрлілігімен сипатталады.Аллотропия дегеніміз– химиялық қасиеттері бірдей, алайда физикалық қасиеттері әр түрлі, түрі де әрқилы элементтің қасиеті. Көміртегінде аллотропия қасиеті бар. Көміртегінің әр түрлі түрлері көміртегі аллотроптары деп аталады.Олар не кристалдар, не аморфтар болуы мүмкін. Гауһар мен графит кристалл аллотроптарға жатса, көмір, кокс, ағаш көмір, қара күйе, көміртегі газы және мұнай коксы аморфты аллотроптарға жатады. Физикалық қасиеттері Алмаз ең катты зат, графит май тәрізді жылтыр сұр түсті жұмсақ зат. Графит 2000°С-да, төменгі қысымда карбинге айналады. Жаңадан алынған фуллерен деген түрі де бар, ол футбол добы сияқты құрылысты болады. Көміртектің бұл түр өзгерістеріне аморфты көміртекті қосуға болады. Оны ағаш көмірін, тас көмірді ауа қатысынсыз құрғақ айдау арқылы алады. Сонда алынған көмірде өз бетіне газдарды, сұйықтарды сіңіретін қасиет (адсорбция) пайда болады. Алынуы Көміртек ағашты ауасыз ыдырату арқылы, органикалық заттардың көмірленуі нәтижесінде түзіледі. .Химиялық қасиеттері Көміртек көптеген жай заттармен оңай әрекеттеседі. 1) Жану реакциясы: a) 2С + О2 = 2СО ә) С + О2 = CO2 2) Хлормен әрекеттескенде көміртек тек жарық сәулесінің әсерінен төрт хлорлы көміртек түзіледі: С + 2Cl2= CCl4 (бағалы еріткіш) өрт сөндіруде қолданылады. 3) Металдармен әрекеттесіл карбидтер түзеді: 2С + Са = СаС2 (бұдан ацетилен алынады) 4)
Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді: С + 2S = CS2 (еріткіш) 5) Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі: С + 2Н2→СН4 (отын - ол табиғи газдың негізгі құрам белігі) Көміртектің күрделі заттармен әрекеттесуі: 1) Сумен әрекеттескенде газдар коспасы (су газы) бөлінеді: С + Н2О = CO + Н2 (су газы - бағалы отын) Алынған газдардың екеуі жанғыш болғандықтан жылу көбірек белінеді. Сондықтан көмірді жаққанда сулау қажет. 2) Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады: С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O 3) С+ 2H2SО4(конц) = СО2+2SO2+2Н2O
Қолданылуы Алмаз - бұрғылар жасау үшін, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат әзірленеді. Графит - қарындаштың өзегі, электродтар дайындауда. Кокс (C) тотықсыздандырғыш ретінде металл өндіруде. Активтелген көмірдің адсорбциялық қасиеті медицинада және газтұтқыштар (противогаз) әзірлеуде қолданылады.
