- •23) Мұстафа Шоқай[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •Балалық шағы[өңдеу]
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі[өңдеу]
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы[өңдеу]
- •Түркістан үкіметінің мүшелері[өңдеу]
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы[өңдеу]
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай[өңдеу]
- •Өмірінің соңғы жылдары[өңдеу]
- •25) Қазақ кср Конституциясы 1937 жыл
- •Мемлекеттік құрылысы[өңдеу]
- •Ел басшылары[өңдеу]
- •28) Күштеп ұжымдастыру
- •29) Қазақстан индустрияландыру кезеңінде[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •Геологиялық зерттеу[өңдеу]
- •Голощекиннің Зеленскиді қоштауы[өңдеу]
- •30) Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес[өңдеу]
- •Сталинизм[өңдеу]
- •Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін[өңдеу]
- •Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы халықаралық жағдай[өңдеу]
- •Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы[өңдеу]
- •32) Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар[өңдеу]
- •33) Бауыржан Момышұлы
- •Соғыс алдында
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
- •Мәскеу үшін шайқас
- •35) Мәскеу шайқасы[өңдеу]
- •38) Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.[өңдеу]
- •Қазақстан - лагерьлер өлкесі[өңдеу]
- •Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.[өңдеу]
- •Еңбек жолы[өңдеу]
- •39) Тың игеру
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[өңдеу]
Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші ретфеодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығынұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметініңҚазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
1930 Жылдардағы халықаралық жағдай[өңдеу]
30-жылдардың екінші жартысында Еуропада жаңа соғыс қаупі төне түсті. 1937 жылы фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия милитаристік Жапонияменбірге «Антикоминтерндік пакт» атанған әскери-саяси блокқа бірігіп, дүние жүзін қайта бөлісу соғысына белсенді дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл агрессияшыл блоктың саясаты тек Кеңес Одағына ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қауіп төндірді.
Фашистік лагерьдің күш біріктіру жағдайында КСРО өз әрекеттерін кеңейте түскен агрессорларға қарсы ашық күреске шықты: 1936 жылы - Испаниядағы соғыс,1938 жылы - Жапониямен Хасан көліндегі «кіші» соғыс, 1939 жылы - Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы болып өтті. Осындай жағдайда ашық күнгі найзағайдай әсер еткен, Молотов-Риббентроп пактісі атанған, КСРО мен Германияның арасында 1939 жылғы 23 тамызда (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан 8 күн бұрын) өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Пактіге қол қойылды.
1939 жылы 1 қыркүйекте бұған дейін Франция және Англиямен әскери көмек жөнінде шарт жасасқан Польшаға Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Германияға қарсы Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада соғыс жариялады; АҚШ бейтараптығы, Жапония Еуропадағы соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.
КСРО мен рейхтің арасындағы одақ қысқа мерзімдік болса да, КСРО-ның саясаты «Антикоминтерндік пактінің» тарапынан болатын агрессияға қолдау көрсетіп, фашистік блоктың Екішні дүниежүзілік соғысты бастауына белгілі бір деңгейде жағдай жасады. Финляндиямен болған қысқа әскери қақтығыс КСРО Қарулы Күштерін ұйымдастырудағы кеткен қателіктер мен әскери техниканың, басшылық құрамды дайындаудың төменгі дәрежеде екендігін көрсетті. 30-жылдардағы армияда да болған жаппай қуғын-сүргіннен соң, әскердегі командирлік лауазымға арнайы даярлығы жоқ адамдар келді.
Басталған дүниежүзілік соғыс пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі елдің бүкіл өмірін қайта құруды қажетсінді. Республика экономикасы әскери мүдделерді орындауға көшірілді. Бейбіт мақсатқа бөлінетін қаржы барынша қысқартылды. Өндіріс орындары қорғанысқа қажетті өнімдер шығаруға көшірілді, карточка жүйесі енгізілді. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер құрылды, халық комиссариаттары мен олардың басшыларының сала жұмысы бойынша құқықтары мен жауапкершілігі арттырылды. Басқару органдарының ұйымдастыру құрылымдарына өзгеріс енгізілді. Қазақ КСР ХШК-нің жанында жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюролар, көшіріп әкелінген тұрғындарды шаруашылықтарға орналастыру жөніндегі бөлімдер құрылып, Кеңестердің атқару қызметі күшейді. Қазақстан өнеркәсібі соғыс қарсаңында елдің экономикалық күш-қуатында маңызды рөл атқарды.
