Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар клиника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.92 Кб
Скачать
  1. Естің бұзылуы, ырықсыз естің бұзылуы

Естің бұзылуы – көптеген психикалық ауруларда кездесетін симптом. Естің бұзылуы шындығында мидың зақымдануы негізіндегі жиі симптом б.т. Ес бұзылыстары есте сақтау, ұмыту және жеке тәжірибелері мен түрлі мәліметтерді қайта жаңғыртудың нашарлауынан пайда болады. Ес бұзылысының сандық және сапалық түрлері болады:Сандық бұзылыс – ес іздерінің күшеюімен немесе түсуімен, нашарлауымен ерекшеленеді. Ал сапалық – парамнезия – жалған еске түсірулер, өткен мен өазіргі шақты шатастыру, шындық пен қиялдағыны араластыру. Сандық бұзылысқа – амнезия, гипермнезия мен гипомнез жатады. Амнезия – қандай да бір уақыт аралығынада еске түрлі мәліметтер мен дағдылардың түспей қалуы. Фикцациялық амнезия – есте сақтау мен жаңа мәліметтерді қайта жаңғырту қабілетінің жоғалуы. Мұнда жаңа, соңғы оқиғаларға байланысты ес күрт әлсірейді немесе мүлдем болмайды. Ретроградная амнезия – сана өгерісіне дейінгі оқиғалардың, кейбір сәттердің естен шығып кетуі. Сана өзгерісі мидың органикалық бұзылуы, гипоксия және т.б. Амнезия ұзақтығы бойынша бірнеше минуттан, бірнеше сағатқа, бірнеше күндерге немесе айға, тіпті жылға созылуы мүмкін. Көп жағдайда еске түсірулер жеке немесе толықтай қайта жаңғырады. Яғни бұл естің репродуктивті қызметінің бұзылуы. Егер қайта жаңғыру жүрсе онда ол жеке оқиғалардың пайда болуымен басталады. Конградная амнезия – қоршаған ортадағы оқиғалар мен өзінің көңіл-күйі, сезімдері туралы естің жоғалуы, бұл сананың бұзылысы кезінде көрінеді. Гипомнезия немесе естің әлсіреуі көп жағдайда дисмнезия түрінде көрінеді – естің түрлі қызметтерінің бұзылысы. Мұның бір белгісі естің таңдамалы репродукциясының бұзылуы, мұнда дәл қазіргі уақытта керекті фактілерді еске түсіре алмау, бірақ бұлар кейінірек өзінен өзі еске түседі. Мұнда ең алдымен атаулы күндерді, есімдерді, терминдерді, адамның түрін есте сақтау мен жаңғырту зақымданады. Уақытқа бағдарлану нашарлайды, хронологиялық ес бұзылады.Гипермнезия – естің патологиялық асқындауы, ашық, сезімдік-бейнелік сипаттағы еске түсірулерге бай болумен көрінеді, мұндай оқиғалардың тұтастай, оның әрбір ұсақ-түйегіне дейін қамтылып, аса жылдамдықпен еске түседі. Мәліметтердің логикалық бірізділігін жаңғырту бұзылады, негізінен естің механикалық және бейнелік түрі күшейеді. Оқиғалар ұқсастығы мен қарама-қайшылығы бойынша байланысын көрсететін қатарларға топтастырылады. Гипермнезия масаюдың алғашқы сатысында, маниякалды жағдайда кездеседі. Парамнезия – (бұрмалану, жалған) немесе сапалық бұзылысы жеке немесе сандық бұзылыстармен бірге де кездеседі. Бірінші рет естіген, көрген, оқыған немесе бастан кешкендер бұрын кездескен, таныс және қазіргі уақытта қайталанып жатқандай қабылданады. Өткен өмірі өз басынан кешпегендей қабылданады. Ес бұзылыстары ішінде тану иллюзиясы бөлініп көрсетіледі. Мұндай ауытқушылықта бейтаныс адамдар, заттар, оқиғалар науқасқа таныс, шын мәнінде бар сияқты қабылданады. Әсіресе адамдармен қарым-қатынаста кездеседі. Тану иллюзиясы әдетте бір немесе шектеулі адамдар мен заттарға қатысты, әдетте олар тұрақсыз, сол сәтте ұмытылады. Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарын мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті шындықтың адам миындағы бейнесі. Иллюзия - өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Иллюзия - көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді. Ол дені сау адамдарға да елестеуі мүмкін. Конец формыНачало формыИллюзия - адастыру, алдау, өтірік деген мағына береді. Яғни неше түрлі фокустар, магиялар тағы сол сияқты нәрселер. Көбінесе фокусшылар, циркаштар қолданады.

Билет №14