- •1.Клиникалық психология даму тарихы. Клиникалық психологияның зерттеу пәні
- •Әдістемелік тәсілдердің принциптері (Сандық өлшеу әдіс, прожективті әдіс).
- •2.Сананың бұзылуы
- •Сананың делириозды жабырқауы.
- •1.Сана түнеруінің критерилериі
- •Ойлаудың динамикалық бұзылуы
- •2. Мәнді нәрсені қалдырып кету
- •Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы бар науқастар.
- •11 Билет.
- •Сезім алдамы.
- •Қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы
- •Галлюцинация дегеніміз не?
- •Естің бұзылуы, ырықсыз естің бұзылуы
- •Мнестикалық іс - әрекеттің динамикасының бұзылуы
- •Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы
- •Ырықты естің бұзылуы
- •Кандинский – Клерамбо синдромы
- •Естің мотивациялық компонентінің бұзылуы
- •Адам дамуындағы биологиялық пен психологиялылықтың қатынас мәселесі
- •Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың операциялық жағының бұзылуы
- •Ойлаудың динамикалық бұзылуы
- •Ойлаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы
- •Тұлғаның бұзылуы, мотивтер (түрткілер) иерархиясының жанама түрде бұзылуы.
- •Жалпы психология сұрақтарына арналған клиникалық психологиялық зерттеулердің мәні
- •21 Билет
- •1.Мінез-құлықтың бақылауының бұзылуы
- •2.Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің класификациялық бұзылуы.
- •22 Билет
- •Э. Крепелиннің 3 фазасы (тапсырма, жаттығу, қажу немесе шаршау)
- •Ақыл – ой кемістіктерінің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •Танымдық әрекет құрылымындағы тұлғалық компонентінің рөлі.
Әдістемелік тәсілдердің принциптері (Сандық өлшеу әдіс, прожективті әдіс).
2.Сананың бұзылуы
Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді. Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды.Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады.Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері
3.Патопсихология-(«пато»-бұзылу, ауытқу, ауру)- психикасындағы ауытқушылық. Синдром -белгілердің жиынтығын немесе тек сол ауруды ғана айқындайтын белгі. Ес- өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден түрады. Бүлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, үмыту.
Билет №5
1.Сананың тұндырылған жағдайы. Сананың қарауытқан жағдайы. Сананың тұндырылған жағдайында жұқпалы аурулардың, уланудың,бас миы зақымданудан болатын. Орталық жүйке жүйесінің күрделенуі бұзылысы кезінде жиі байқалады. Сана осы аталған жағдай болғанда сырты тітіркендіргіштіктерге деген кедергі жоғарылайды,ассоциациалардың пайда болуы тежеледі. Науқастар күрделі сұрақтарды мүлдем түсінбейді. Баяу қимылдайды, аз сөйлейді, немқұрайлы болады. Бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.Сананың қарауытқан жағдайы:кенеттен пайда болады да,кенеттен жоғалып кетеді.ауыспалы деп те атайды. Бұл жағдай терең ұйқымен аяқталуы мүмкін. Бұл синдромға амнезия тән. Науқастардың санасы осы жағдайда болғанымен дағдыланып кеткен әрекеттерін автоматты тұрде орындайды. Сандырақ идеялар мен галлюцинациялар байқалады. Сандырақ пен аффект күшіне сай науқастар қауіпті әрекетті орындайды.
2.Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, қандай да болмасын сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.Парафренді сандырақ құрамына ұлылық идеясы қатысады. Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонында айқын конфобуляциялар (фантастикалық-конфабуляторлы парафрения) болады.Парафренді сандырақ бір түрі депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Дамудың әр сатысында Котар синдромы нигилистік-ипохондриялық сандырақпен үрейлі-сандырақтық депрессия көрінісімен, немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру, немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді.
3.Дисграфия- жазу қабілетінің бұзылуы, грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемдерді қате жазады. Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Симптом- аурудын белгісі.
Билет №6
