Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар клиника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.92 Кб
Скачать
  1. Корсаковтық синдром– Қазіргі жағдайдағы тікелей естің бұзылуы ең көп зерттелген түрі болып табылады. Ол естің бұзылуын Корсаков синдромы деп атайды. Бұл синдромды атақты отандық психиатр С.С.Корсаков сипаттап берді. Бұл синдром ауыр алкогольді интоксикациясында сипатталады. Бұл синдром мидың басқа да диффуздық бұзылуларында байқалуы мүмкін. Бұндай аурулар жуырда өткен шақты есінде сақтамай, керісінше қанша жыл бұрынғы өткен шақты жаңғырта алады. Өзінің балалық шағындағы оқиғаларды айтып бере алады, мектеп өміріндегі, қоғамдық өмірдегі күндерін, даталарды жақсы есте сақтайды, бірақ ол бүгін түсте тамақтанғанын, туысқандарының келген,келмегенін, дәрігермен әңгімелескенін есіне түсіре алмайды. Мұндай аурулар адамдармен бірнеше рет амандасады, бір сұрақты бірнеше рет қояды, бір өтінішпен бірнеше рет мазалайды т.б. А.Н.Леонтьев осындай ауру адамдарда ауруға тітіркену шартты рефлексін қалыптастырды. Бірақ аурулар бұл фактіні есіне сақтамады және сезінбеді. Бұл деректердің барлығы аурулардағы жаңғырту процесінің бұзылуын айтады. Көптеген авторлар А.Р.Лурия, В.А.Гиляровский т.б. Корсаков синдромын ақыл-естің бұзылуымен байланыстырады және бұл мидың ауыр жарақаттарында пайда болуы мүмкін. Корсаков синдромы- естілген нәрсені қайта жаңғыртудың дәлсіздігінен байқалады. Кейде өтірік айтулар да орын алады, бірақ аурулар өз есіндегі кемшіліктерді кей жағдайда түсіне алады, оны түзетуге тырысады, бірақ оның шешу жолдарын таба алмайды.

  2. Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың операциялық жағының бұзылуы

Ойлау тек адамға тән психикалық процесс. Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жалпы және жанама түрде бейнеленіп, талданып, сөз арқылы сыртқа жаңғырту процесі.Ойлаудың бұзылуы бас миының төбе бөлігіне зақым келгенде, ауыр соққы алғанда немесе бас миына суық тигізгенде пайда болады.Ойлаудың бұзылуынан естің түрлері дамымайды, зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды, сөйлегенде ойланбай , аузына не түссе, соны айта салады. Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы: ойлау жылдамдауы, ойлау баяулауы, ойлау үзілуі, ойлау байланыссыздығы т.б. Ойлаудың үзілуі бұл сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы бұзылады. Ойлау байланыссыздығы-науқастың сөзінің мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар, үзінділерден, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді. Ойлау мазмұнының бұзылуы: соңына түсу сандырағы, әсер ету, уландыру, әрекет, қарым-қатынас, ипохондриялық сандырақ, өзін-өзі кінәлау сандырақтары жатады.Қарым-қатынас сандырағында айналадағы адамдар жаман көзқараспен қарайтын, оған күліп, сыбырлап тұрғандай болады. Әрекет сандырағында аурулар өздерін көзқарас гипноз, белгісіз аспап, теледидар мен радио толқындары арқылы әсер етеді деп ойлайды. Сандырақ- шыңдыққа сәйкес келмейтін, шыңдықтан алшақ, түзетуге болмайтын ойларды айтамыз. Бұл көптеген психикалық аурулардың белгісі болып табылады. Ол қорқынышты тудырып, негізсіз алаңдап, беймәлім қауіп-қатерді сезінеді.Ойлаудың операциялық жағының бұзылуы. Мидың әртүрлі ауруларымен ауырған адамдардың ойлауын зерттеуде ойлаудың операциялық жағының бұзылуында әр түрлі формалар қолданылады: жиңақтау көлемінің төмендеуі, жиңақтау процесінің бұрмалануы. Қорыту көлемінің төмендеуі- ойлаудың бұзылуының бұл түрінде аурулар пікірлері заттар мен құбылыстар туралы жанама елестетулері доминацияланады.Тапсырманы орындау кезіндегі түсінікті толық ашатын барлық белгілерді таңдай алмайды. Тапсырманы ұзақ уақыт орындай алмайды, шыдамсыздық көрсетеді.Ауру адам айтылған сөздің мағынасын түсінгенімен оны жеткізе алмайды. Бір іс-әрекет түрінен екінші түріне тез ауыса алмайды.Яғни олардың интелектуалды дамуы кешеуілдеп, баяу дамиды. Мақсатқа бағытталуының бұзылуы жиі болады, өйткені өзінің әрекетін үнемі бақыламайды және жіберілген қателерін түземейді.Бұл бұзылуды негізгі екі вариант арқылы көрінеді: 1. Жалпыланған деңгейінің төмендеуі- ойлау операциялау белгілерін анализдік синтетикалық ретінде қарастырылады.Ауруды аңықтаудың негізгі әдістері: классификациялау, пиктограмма, артығын алып таста т.б. арқылы аңықталады. 2.Жалпыланған операцияларының бұрмалануы. Бұзылу жүйесінде таным прцестеріне байланысты әр түрлі сипаттама болуы мүмкін.

  1. Гидроцефалия (мишемен) — бас суйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі. Бас сүйегінің үлкен болуы. Қазан бас, өте үлкейіп кеткен бас деген. Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Маниакальды қалып психопатологиялық синдром, науқастардың көңіл-күйінің көтерілуі, өзін-өзі сезінуі,шаршау, ұйқының бұзылуы, психомоторлы қозулары деп түсіндіріледі.

Билет №18