Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар клиника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.92 Кб
Скачать
  1. Мнестикалық іс - әрекеттің динамикасының бұзылуы

Психикалық науқастың есі динамикатұрғысынан да бұзылуы мүмкін. Науқастар белгілі бір уақыт аралығында ұсынған материалды жақсы есте сақтай алады және қайта жаңғыртады, алайда қысқа уақыт өткеннен кейін бұл әрекеттерін қайта орындай алмайды. Мұнда басты орынға олардың мнестикалық әрекетінің тербелістері басты орынға шығады. Егер мұндай науқасқа он сөзді жаттап, оның қайта жаңғыртылғандарын қисық сызық түрінде бейнеленуін сұрасақ , онда соңғысы сынық сипаттаболады. Сөздерді екінші не үшінші рет ұсынғаннан кейін науқас 6-7 сөзді, бесінші реттен кейін 3 сөзді, ал алтыншы реттен кейін қайтадан 6 сөзді есіне сақтай алады. Мнемикалық әрекет динамикасының мұндай бұзылысы науқастарда мақсатты ұзақ уақыт еске сақтауды қажет ететін интеллектуалды міндеттерді орындау барысында науқастарда ақыл-ой өнімінің тұрақсыздығы жиі көрініс табады. Мнестикалық әрекет динамикасының бұзылуы науқастарды барлық психикалық үрдістерінің үзіктілігімен қатар көрінеді және ол мәні бойынша науқастардың ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің тұрақсыздық индикаторы б.т. Мнемикалық әрекеттің бұзылуы науқастардың ақыл-ой қабілеттілік жұмысының әлсіреуінің ерекше көрінісі б.т. Мнемикалық әрекет динамикасының бұзылуы аффективті – эмоционалдық тұрақсыздықтың салдары ретінде қарастырылуы мүмкін. Көптеген органикалық аурулармен қатар жүретін науқастың аффективті ұйымдаспаушылығы ұмытшақтықтан, меңгеру тұрақсыздығынан , материалды өңдеу мен жаңғыртудың дұрыс еместігінен көрініс табады.

  1. Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы

Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылу мәселесіне көптеген психологтар зерттеулер жүргізген. М: 1936 жылы В.М.Коган науқастардың жұмыс қабілеттілігінің бұзылуының негізгі факторы –зейін көлемінің кішірейуі және бір уақытта бірнеше орта әсерін қабылдамауы. Ақыл –ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы бар науқастар- тұлғалық келбетін сақтап, олар өздерінің қателіктерін түсінеді, бірақ оларды біріктіре алмайды. . Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылу салдарынан науқастарды қажуға әкеліп соқтырады. Бұндай науқастарда есте сақтау, ойлау,т.б. процестері бұзыла бастайды. Психикалық процестердің динамикалық бұзылуы және тербеліс тонусының бұзылуы – ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің ауыр түріне әкеліп соқтырады. Бұндай тербелістер науқастардың психикалық процестердің әлсіреуінен п.б. бұны дені сау адамдарда болатын әлсіреумен шатастырмау керек. Тербеліс тонусының деңгейін « классификация заттары» әдістемесімен шешуге болады. Ақыл – ой жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы – «тез қануға» әкеліп соғады.

  1. Түйсік – дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін миымызда бейнелеу.

«Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы. • социофобия — қоғамнан, қоршаған адамдардан қорқу.

Билет №15

  1. Ырықты естің бұзылуы

Л.В.Бондарев ырықты естің бұзылуын қарастырған ғалым. Ол өзінің зерттеуін эпилепциямен науқастанған екі топқа жүргізген яғни, «эпилепсия синдромымен» және «эпилепсия ауруымен» ауыратындарға және мидың локалды жетілмеуімен науқасқандарға жүргізген. Отандық психологтардың еңбектерінде көрсетілгендей естің дамуы қиын ұйымдастырылған факторларға таным процесінің деңгейіне, мотивацияға, динамикалық компоненттерге байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бұл психикалық ауру осы компоненттердің өзгеруінен мистикалық үрдістерді әр түрлігіне өзгертуі мүмкін..Сапасы жағынан әдістемелер ырықты және ырықсыз есте сақтаудың бұзылуын анықтауда қолданылды. А.В.Петренконың науқас емес сау адамдарға және үлкендер мен балаларға жасаған зерттеулерінің нәтижесінде ауру адамдардың ырықсыз есте сақтауына қарағанда ырықты есте сақтауы эффективті төмендеген.А.В.Петренко , А.Н.Леонтьевтің әдістемесін қолданғанда байқалатын эпилепциямен ауыратын науқастардың 2 байланыс категориясын бөліп көрсетті оның алғашқысына заттар меен құбылыстардың обьективті қасиеттерін байланысқа алған уакыттағы байланыстар енді. Екінші түрінің байланысының алғашқы параметрі сыртқы, яғни ұсынылған материалдар мен эмоционалды субьективті факторлар әсер ететін зерттенушілердің әсерлері.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпарат санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әр түрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген-білгенін қас-қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме - бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таңқалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жатқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.