Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 кл .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

4 Класс Қазақ тілі

I - нұсқа

1.Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Жауды, салды, өсті

а) зат есім б) сын есім в) етістік

2. «Ұйықтама» сөзі қанда етістік?

а) туынды б) болымды в) болымсыз

3. Мына сөздерден біріккен сөздерді тап.

а) қып-қызыл, әп-әдемі, тап-таза б) Талдықорған, Алатау, Ақтөбе в) АҚШ, кг, ҚР

4. «Пединститут» сөзі туынды сөздің қай түріне жатады?

а) біріккен сөз б) қысқарған сөз в) қос сөз

5.Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Және, туралы, кейін, ғана, үшін

а) үстеу б) шылау в) одағай

6. Есімдікті көрсет:

а) біз, біздер б) біз, ине в) жүр, тұр

7. Мына сөздер арасынан орыс тілінен енген сөзді тап.

а) кебеже б) автобус в)қамыс

8. Туынды сөзді тап.

а) тазалық б) дойбы в) текемет

9. «Жетінші» сөзі қандай сөз табы?

а) реттік сан есім б) есептік сан есім в) етістік

10. «Ұрпақпын» сөзі зат есімнің қандай түрі?

а) зат есімнің септеулі түрі

б) зат есімнің жіктеулі түрі

в) зат есімнің тәуелдеулі түрі

11. Сөйлем түрін ажырат.

Ақ лақ тастан тасқа секірді.

а) жалаң сөйлем б)жайылма сөйлем в)сұраулы сөйлем

12. Күрделі сын есімді тап.

а) көгілдір б) қызыл ала в) ақ

13. Тәуелденген зат есімнің септелгенін тап.

а) үйіміздің б) үйім в) үйін

14. Дара сан есімді тап.

а) бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз в) бес жүз елу бес б) бес

15. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап.

а) Айгүл биледі б) Әже шәлі тоқыды в) Мектеп

4 Класс Қазақ тілі

II - нұсқа

1.Дауысты дыбыстардың түрлерін аңықта:

а) Қысаң, жуан, ұяң б) үнді, қатаң, жіңішке в) жуан, жіңішке, қысаң

2. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшесі деп аталады?

а) тұрлаусыз б) тұрлаулы в) аңықтауыш

3. Сұраулы мағынаны білдіріп тұрған сөйлем қайсы?

а) сабақ оқыдын ба б) сабақ басталды в) тамаша оқиды екен

4. Жалпы есімді ата:

а) дос б) Алатау в) Қаратау

5. «Ақылды» сөзі сын есімнің қай түріне жатады?

а) негізгі б) туынды в) күрделі

6. Күрделі етістікті тап:

а) Айбар оқып отыр б) Айбар оқыды в) Айбар оқымаған

7. Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас

а) өлен б) мақал в)жұмбақ

8. Бірінші сынары зат есім, екінші сынары етістіктен болған сөз тіркесін тап:

а) оқушы келді б) таза сынып в) он оқушы

9. Жайылма сөйлемді тап:

а) жел соқты б) суық жел соқты в) мұғалім келді

10. Жай сөйлем дегеніміз?

а) Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем

б) Бірғана жинақты ойды білдіретін дара сөйлем

в) екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған

11. Мына сөйлемдерден құрмалас сөйлемдерді тап:

а) Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті

б)Аптада жеті күн берді

в)Әйтеуір, кешікпесендер болғаны

12. Күрделі сын есімді тап.

а) отыз алты б) қара ала в) жүріп кетті

13. Тұрлаулы мүшесі бар сәйлемді аңықта

а) Данияр ойнады б) Бала үйді жинады в) Қар қалың жауды

14. Құрамында бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап:

а) Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз в) Біз табиғатты қорғаймыз б) Тауда аю бар

15. Қыстырма сөзді ата

а) Әрине б) Бірнеше в) дейін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]