- •1.Боран, дауыл және қатты желдер, зардаптары, тiрi қалу жолдары
- •2. Қатты аяз бен қарлы боран қаупiнен аман қалу
- •3. Қатты ыстық пен құрғақшылықта аман қалу
- •4. Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары
- •6. Ине шаншу әдiстерi
- •5. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •7.Қар көшкiнi және оған тап болғандағы адамдардың іс-әрекеті
- •9. Жанартау атқылауы, негізгі зақымдағыш факторлары
- •10.Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары
- •11. Жаппай жою қаруынан қорғау.
- •12. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.
- •13. Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, эмө, т.Б. Адамға әсері.
- •14. Радиация. Иондаушы сәулелер.
- •15. Радиациялық қауіпті нысандар
- •16. Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Химиялық қауіпті нысандар.
- •19. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
- •20. Көшкіннің негізгі параметірлерін өлшеу
- •21. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •22. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •23. Табиғи зілзалаларға жалпы сипаттама
- •24. Аса қауіпті аурулар және олармен күресу
- •25. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •26. Туберкулез, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
- •27.Қазақстандағы туберкулез мәселелеін шешу жолдары
- •29. Спид/вич – ғаламдық мәселе
- •28. Қазақстандағы спид/вич мәселелері
- •35. Ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •46. Дезинфекциялаушы заттар, жараны өңдеу техникасы
- •53. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз
- •58. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар
14. Радиация. Иондаушы сәулелер.
Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтілік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді. Мұндай құбылысты ғалымдардың 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т. Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа мтериалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.mЕң жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықталған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.
15. Радиациялық қауіпті нысандар
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР Радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде Радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты: • Атом өнеткәсібі; • Ядролық жарылыстар; • Ядролық энергетика; • Медицина мен ғылым.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе алмайды. Туған ауылыма қайта оралайын. Дөненбай тауы-ауылдастарымыздың жақсы көретін жері. Ауыл адамдары, төмендегі көсіліп жатқан кең далаға сүйсіне көз салу ұшін оның ұшар басына жиі шығатын. Енді сол бұрынғы тау жоқ. Мәңгі тұра беретіндей көретінін жақпар тасты әсем тау, небәрі екі-ақ көз алдында өз қабілетін өзгертіп,шөккен.
Радиацияның адам денсаулығына зиянды әсері Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
