Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

13. Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, эмө, т.Б. Адамға әсері.

Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді. Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Діріл дегеніміз машинаның, немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуыДірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.Дірілдің деңгейі 16-20 Гц-тен асқанда дыбыс пайда болады, ал жылдамдығы 1 м/с болғанда денені ауыртады, нерв жүйелері мен жүрек буын жүйелеріне әсер етеді.Дірілдің деңгейі түрлі виброметр, вибрографтармен (ВР-1) өлшенеді және шу мен діріл өлшегіштерімен қорғайтын аяқ киім, қолғап, резина төсегіштер т.с.с қолданылады.

 Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылыс машиналары, компрессорлар және бульдозерлер және т.б.

Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 2/3 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.

Жиілігі 20·10³ Гц жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.

Ультрадыбыс, дыбыс сияқты физико – химиялық көрсеткіштермен сипатталады. Ультрадыбыс көзі ретінде ультрадыбысты жиілікті тербелістерді туындататын генераторлар. Ультрадыбыс мүмкіндіктері кең, тірі организмдерге де әсері белгілі. Бактерицидті әсер көрсетеді. Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром – ультрадыбыстың адам ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін аурулар.

Инфрадыбыс – акустикалық тербелістер жиілігі 20 Гц – тен төмен. Адам ағзасына әсері – жағымсыз сезім тудырады, астенизация, ағзаның функционалды жүйелерін өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты және гармониялық, тұрақты және тұрақсыз. Инфрадыбыс дауыс қысымының деңгейімен сипатталады. Күресу жолдары – ең негізгісі, пайда болатын көздердің алдын алу. Жеке бас қорғану шаралары – тығындар, наушниктер.Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттілік реакцияларының бұзылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]