Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

11. Жаппай жою қаруынан қорғау.

Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеіі жоғары кару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі

Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау

Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядролық соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді. [2]

12. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндетте- рінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұ- мыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

2.Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақым- дану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақты- лығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың қүдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

-өндірістік саладағы мемелекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

- негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі

- өндірістің технологаялық қуатының артуы, қауіпті зат¬тар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

-шарасыз зандық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

-мемкелеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;-әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]