- •1.Боран, дауыл және қатты желдер, зардаптары, тiрi қалу жолдары
- •2. Қатты аяз бен қарлы боран қаупiнен аман қалу
- •3. Қатты ыстық пен құрғақшылықта аман қалу
- •4. Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары
- •6. Ине шаншу әдiстерi
- •5. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •7.Қар көшкiнi және оған тап болғандағы адамдардың іс-әрекеті
- •9. Жанартау атқылауы, негізгі зақымдағыш факторлары
- •10.Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары
- •11. Жаппай жою қаруынан қорғау.
- •12. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.
- •13. Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, эмө, т.Б. Адамға әсері.
- •14. Радиация. Иондаушы сәулелер.
- •15. Радиациялық қауіпті нысандар
- •16. Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Химиялық қауіпті нысандар.
- •19. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
- •20. Көшкіннің негізгі параметірлерін өлшеу
- •21. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •22. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •23. Табиғи зілзалаларға жалпы сипаттама
- •24. Аса қауіпті аурулар және олармен күресу
- •25. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •26. Туберкулез, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
- •27.Қазақстандағы туберкулез мәселелеін шешу жолдары
- •29. Спид/вич – ғаламдық мәселе
- •28. Қазақстандағы спид/вич мәселелері
- •35. Ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •46. Дезинфекциялаушы заттар, жараны өңдеу техникасы
- •53. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз
- •58. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар
6. Ине шаншу әдiстерi
Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;
6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.
Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Іс-әрекеттер:1.Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.
6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.
7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)
8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.
9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.
5. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
Қан тоқтамау деп қан тамырларының түтікшелерінің зақымдалуынан қанның ағуын айтамыз.
Қан түтікшесі зақымдалып, қан сорғалауға байланысты күре тамырлық (артериальный) көк тамырдан (венозный), ұсақ капиллярдан және аралас жарақат болып ағуына қарай үшке бөлінеді.
Күре тамырдан аққан қанның түсі алқызыл, шапшып атқылайды. Көк тамырдан аққан күрең түсті қан өздігінен тоқтау белгісі байқалмастан біркелкі ағады. Егер де ірі тамыр зақымданса, дем алуына қарай дірілдеп сорғалайды. Егер де ұсақ капилляр жарақаттанса, бірқалыпты барлық тесіктен шыққандай әсер етеді. Ал қан түтікшелері аралас жарақат кезінде күре тамырды да, тамырды да, тамырдың, капиллярлық белгінің бәрін қамтиды.
Жарақат алған кездегі қан тоқтамаудың жалпы белгілері – естен тану және көп қан кету, көп қан кетуден боп-боз болу, суық тер басу, маңайындағыларға бейқам болуы, болбыр, ақырын сөйлеу, басының айналуын айту, басын көтерген кезде көздің қарауытуын, ауыздың кебуі, су сұрау т.б. сипатталады. Көмек беруші жоқ болған кезде өліп кетуі мүмкін.
Қан тоқтамаған кездегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету оның сипатына қарай және уақытша тоқтатып, жарақат алушыны жақын жердегі емдеу орталығына жеткізуде. Көп жағдайда қанның сыртына ағуын кәдімгі немесе қысып тұратын таңғышпен тоқтатады.
Қатты қысатын таңғышпен байлағанда мақта-дәкелі жастықшамен айрықша таңатын пакетпен немесе стерильді материалмен (егер ол жоқ болған жағдайда – таза мақталы матамен) жараға қысып қойып, ол материалды қатты қысқыш таңғышпен байлайды. Қан тоқтататын бұрауды (жгутты) тек қатты артериальды қан аққан кезде, яғни басқа тәсілдермен тоқтата алмағанда ғана қолданады. Қатты қан ағу кезінде қан көп кетпеуді азайту үшін артерия, яғни күре тамырды қай жерде пульстің бар жоқтығына қарай сүйектің шығыңқы жағына қарай батырып басып тұрады. Кейбір артерияларды сүйектердің бүгілуіне қарай қысып қоюға болады. Қолдың, қарынның артериясын тоқтатқанда 2 таңғышты қойып немесе валикті (илекті) шынтақтың бүгілетін жерінен шама келгенше шынтақты бүгіп байлайды, ал сирақтың қанын тоқтатарда тақымның шұңқырына сондай валикті (илекті) тізенің бүгілетін жеріне салып, сирақты қайырып байлайды. Егер сынық болған жағдайда сүйектердің бүгілетін жерінен артерияны тоқтатуға болмайды.
Қан тоқтатқыш бұрау (жгут) киімнің үстімен немесе оның астына мата қойып (сүлгі, дәкенің бір бөлігі, косынка), бұрауды (жгутты) жарақат алған жердің соңына таман апарып, қатты тартып, сол тартқан күйінде айналдырып байлап, ұштарын бекітеді.Бұрауды дұрыс салған кезде жарақаттан қан тоқтайды, бұраудан төменгі жер бозарып, өкшенің сыртқы жағындағы пульс жоғалып кетеді. Бұраудың астына күнін, сағатын, минутын көрсетіп қыстырып салады. Бұрау салған жердің төменгі жағы 1,5-2 сағатқа дейін өзінің тіршілік қабілетін сақтайды, сондықтан жақын жердегі емдеу орталығына жеткізуге барлық шараларды жүзеге асырған дұрыс.
