Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

58. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Атом бомбасы— авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады. Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

59. Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар жағдайларХимиялық қару – улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады. Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады: УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды; УХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі; УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті; УХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы; қарсыластардың УХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу; тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы; химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы УЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Улағыш химиялық заттар (УХЗ) әрекеттері жөнінен:

-жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман; -тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

-тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

-жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

-тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

-психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына УХЗ-дың әр түрлі күйі жатады. УХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар. Бу – газ тәрізді түрде болатын зат, Аэрозольдар – ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер. Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі УХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан. Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК

60. Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар Бактериялар –формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді. Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:Адамдарды зақымдау үшін:бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);Жануарларды зақымдау үшін:аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;өсімдіктерді құрту үшін:астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар.БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Бактериологиялык қару дегеніміз — адамдарды, ауыл шаруашылық малдарын, азык-түлік корларын, жем-шөпті залалдауға арналған жөне жеткізудің техникалық кұралдарына орналасқан жұкпа көздері—кеміргіштер мен тасығыш-жөндіктер, ауру туғызатьш микробтар жөне олар бөлетін уыттар. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Бактериологиялык қарудан қорғану жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың құрама бөлігі адамдарға, жануарларға және тыл объектілеріне бактериологиялық қару әсерін жібермеу немесе әлсірету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар кешені. Ол қарсыластың бактериологиялық қару қолдану қатері туралы дәл уақытында ескертуді, бактериологиялық жағдайды білуді, зақымданған жерлерде әрекет ету кезіндегі жеке құрамның қауіпсіздігін, індетке қарсы санитарлық-гигиеналық және арнайы сақтандыру шараларын және қарсыластардың бактериологиялық қаруды қолдануының салдарын жоюды қамтамасыз етеді. Бактериологиялық қарудың әсерін әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: биологиялық барлау, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық гигиенаны, ал қажет болған жағдайда әскерлер мен халық арасында емдеу шараларын жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]