Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

53. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз

ДЕЗАКТИВАЦИЯ дегеніміз-радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды дененің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады.Немесе Дезактивация – жұмысшының денесі мен киіміндегі радиоактивті дақтардан жою, сонымен қатар бөлме, лабораториялық жабдықтар, ыдыстар. Дезактивацияның мынадай түрлері бар:

-сыртқы қабаттың 10-15см алу;

-зақымдалған ыдысты таза ыдыспен алмастыру.

Осы мақсатта жуғыш ерітінділерді пайдаланады,майлы жердегі немесе қуыс-қуыстағы РЗ-ны әбден кетіреді. Бұдан кейін сумен жақсылап шаю керек болады. Киімінен, жихаздан, басқа да үй заттарынан РЗ-ны шаңсорғышпен, қағу арқылы, щеткамен де тазалап кетіруге болады. Осы мақсатта жер қабатын, қардың бір шама бетін сылып алып тазалайды. Мәселен Чернобыль(1986). Дезактивация жасғанда шаң өзіне түспес үшін жауырынды желге беріп тұру керек. Жартылай дезактивациядан өткен соң, дозиметриялық бақылаудан өтеді.(ДЕГАЗАЦИЯ)Дегаздау – улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ (ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады.

ДЕРАТИЗАЦИЯ алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті  және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған. 

Қаланың ауқымын, өндіріс орындарын,көлік тазартуды т.с.с. жұмыстарды тек дезактивация, дегазация, дезинфекция жүргізе алатын машиналараы, қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Негізінен бұл шараларды үлкен сақтықпен жүргізу қажет. Барлық тазалық жұмыстарын бітіргеннен кейін өздері толық санитарлық тазалықтан өтеді, пайдаланылған құралдарды, киімді, аяқ киімді және барлық құралдар толық және жартылай тазалықтан өткізу шарт болып табылады.

54. ТЖ-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады. Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу дегеніміз – радиоактивті және улағыш заттарды, сонымен қатар адамның терң қабатындағы және сілекелі оболочкалардағы бактериалық заттарды жою. Адамдарды санитарлық тазалау кезінде киімдерге, аяқ киімдерге және жеке санитарлық заттарға дезактивизация, дегазация және дезинфекция жасалады. Өткізу шарттарына, уақыт пен қажетті материалдарға байланысты санитарлық тазалау толық және сирек болып бөлінеді. Адамдарға санитарлық тазалауды сирек өткізу түрі негізінде профилактикалық сипатқа ие. Ол зақымдану ошағындағы химиялық зақымдану кезінде және зақымдану ошағынан шыққаннан кейінгі радиактивті зақымдану кезінде жүргізіледі. Санитарлық тазалауды адамдардың зақымдануын максималды түрде төмендету үшін және алдын алу үшін жүргізеді, әсіресе тері қабаттарының зақымдану деңгейінің жоғары болған кезінде.

Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.

ыдыстардың қақпағы болу керек;

ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .

қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша

инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады

Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:

адамға зиянды болмау керек; арзан болуы керек;

өткір иісті болмау керек;

жуу қасиеттері болу керек;

бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;

биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;аз уақытта микробтарды тез жою керек. Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелеріҚұрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет. Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.

Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері: Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін; туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;

Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс

зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс

пинцет

құрал-жабдықтар

Іс-әрекеттер:

зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.

құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа жібітіп қоямыз.құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.

55. Радиациялық қауіпсіздік нормалары және сәулелену дозаларын есептеу Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс. 2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi. 3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.

Радиоактивті сәуленің үлкен қаупі ол адамның сезім мүшелерінде мәлім болмайтындығында. Адам ұзақ уақыт радиацияның әсерінде, ешқандай анық жағымсыз сезінулерді байқамай жүруі мүмкін. Бұл өзі адам өміріне үлкен қауіп және еңбекті қорғау талаптарына жайбарақат қарауынан, нәтижесінде жоғарыда айтылған қатерлерге алып келеді. Радиациялық заттармен жұмыс істеу үлкен қауіп екенінінің өзін түсіну басқа қауіптермен ешбір салыстыруға келмейтін жағдай.

Адам ағзасының радияциялық сәулеленуі сыртқы және ішкі сәулелену болып бөлінеді. Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б болатын , сәлеленудің көздері техника мен медицинада және т.б қатарларда қолданылады. Ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз. Ішкі сәулелену адам ағзасында бүкіл уақыт бойы әсер етіп жүреді. Сондықтан да радияциялық изотоптар жартылай ыдырауымен және қарқынды сәулеленуімен адам ағзасында ұзақ мерзімді қатерлі ісікке алып келеді.

ДОЗАНЫҢ ШЕГІ (ДШ) - сәуленетін адамдардың В категориясы үшін негізгі дозалық шек. ДШ – 70 жыл бойы біркелкі сәулену кезінде адамның денсаулық жағдайында қазіргі заманның әдістерімен анықталатын жағымсыз өзгерістерді туындатпайтын күнтізбелік жыл ішіндегі жеке эквиваленттік дозаның ең жоғарғы орташа мәні. Дозаның шегі территорияда және бөлмежайларда сыртқы сәулеленудің эквиваленттік доза қуаты және радиобелсенді шығарыстар мен сыртқы орта объектілерінің радиобелсенді ластану деңгейлері бойынша бақыланады.

ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗАНЫҢ ҚУАТЫ (ЭДҚ) (Н) – уақыт интервалында эквиваленттік дозаның өсуінің бұл уақыт интервалына қатынасы. Эквиваленттік доза қуатының бірлігі – зиверт секундқа, Зв/с. 1 Зв/с = 100 бэр/с. Бірліктердің туындылары да қолданылады: мкЗв/сағ, мЗв/сағ. Өлшеу кезінде жұтылған және экспозициялық дозаның қуатын да қолданады.

ДОЗАНЫҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚУАТЫ – бір жыл ішінде орташа етілген эквиваленттік доза қуатының рұқсат етілген деңгейі. Сан ретінде шектеліп рұқсат етілген дозаның бір күнтізбелік жыл ішінде сәулелену уақытына қатынасына тең.

А категориясы үшін tА = 1700 сағ, мекемеде стандартты мәндегі категориясының адамдары үшін және санитарлық-қорғау аймағында tА = 2000 сағ және тексеру аймағында tА = 8800 сағ.

56. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары жайлы түсінік беріңіз. Қазіргі кезде иондаушы бөлшектердің бақылау және тіркеу үшін өте нәзік тәсілдер мен құралдар қолданылады. Иондаушы сәулелер деп электрон, протон, нейтрон, альфа-бөлшек, мезон, фотон және т.б. сол сияқты қарапайым бөлшектер ағынын айтамыз. Бөлшектердің заттың атомындағы электрон немесе ядромен өзара әсерлесу кулондық , электромагниттік , ядролық күштер арқылы жүзеге асады . Мысалы, газдарға түскен иондаушы бөлшектердің әсерінен еркін электрондар мен иондар туындайды . Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. "Иондық сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация. Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының арасында радиоактивтiк зақымның айрықша орын алады. Өйткенi ядролық жарылыстың басқа факторларына қарағанда оның әсер ету зонасы әлденеше есе көп. Ал радиоактивтiк зақым ауылдық жерлер мен жергiлiктi және көшiрiлген халық тұратын аудандар үшiн өте қауiптi. Радиациядан қорғайтын паналау орындарының құрылысын салу мен жабдықтау кезiнде оның сыртқы радиоактивтiк сәуленi қаншалықты әлсiрете алатыны есепке алынады. Қорғау қасиеттерiне қарай радиациядан қорғайтын паналау орындары үш топқа бөлiнедi: • қорғау коэффициентi 200 н/е одан да жоғары; • қорғау коэффициентi 50-200-ге дейiнгiлер; • қорғау коэффициентi 20-50-ге дейiнгiлер. Радиациядан қорғайтын паналау орындары    Мұндай паналау орындары адамдарды радиоактивтiк заттармен қатар радиациядан да қорғайды. Мұндай адамдар жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыс кезiнде iшiнара соққы толқынынан, сондай-ақ адамдардың терiсi мен киiмiн улағыш заттар мен аэрозольды бактериялық құралдардың жұғуынан да қорғай алады. Паналау ғимараттары – адамдар ядролық қарудың барлық зақымдаушы факторларынан – соққы толқынынан, жарық сәулесiмен, өткiш радиациядан (нейтрон толқынын қоса) және радиоактивтiк сәуле шарпуынан ең сенiмдi қорғайтын паналау орны болып табылады. Паналау ғимараттары, сондай-ақ улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт зоналарындағы жоғары температурадан, жарылыс кезiнде қираған үйлердiң басып қалуынан, өндiрiсте қолданылатын улы заттардан уланудан қорғайды.

Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады. мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі.

57. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз. Электромагниттік радиотолқындардың адам ағзасына әсері. Физикалық сипаттамасы бойынша электромагниттік толқындардың сәулелері (ЭМС) бір-бірімен байланысқан. Электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгерісі және бір-бірімен әсері электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындылары: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц.

Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі (ӨТЖ), төмен жиіліктегі (ТЖ), жоғары жиіліктегі (ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі (УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.

Жұмыс күні бойында ЭМА - да жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.

Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер, сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның химиялық заттармен ластануы. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]