Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

46. Дезинфекциялаушы заттар, жараны өңдеу техникасы

ДЕЗИНФЕКЦИЯ (ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады. Радиоактивті заттармен зақымдану кезінде — дезактивация, улағыш заттардын тамшы-сұйығына — газсыздандыру, ауру туғызатын микробтар мен уларға — дезинфекция, ауру микробтарын тарататын насекомдар мен кенелер, жәндіктерге — дезинсекция жасалады. Бұл жұмыстардың барлығы заттарды, ерітінділерді көп жұмсауды, ұзақ уакытты талап етеді. Сондықтан бұл жұмыстар АҚ күштері мен құралдары әрекет ететін жерлерде кажет болған жағдайда ғана бірінші кезекте жүргізіледі. Жерді, техниканы, ғимараттарды зарасыздандырған кезде сілтілі, кышкылды-хлорлы сипаттағы өндіріс калдықтарының өнімдері, сондай-ақ әр түрлі үстіңгі беттерді дезактивациялау үшін пайдаланылатын құрамында беттік-активті зат бар қалдықтар пайдаланылады.

Жаралар деп кез келген физикалық, химиялық және т.б әсерлерден тіндердің зақымдалуын айтады. Жаралардың пайда болу себебі, оның ауырлығы жайлы мына қосымша материалдан оқыңыздар. Ал бұл жерде біз жара кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек, хирург дәрігердің амбулаторлы жағдайдағы алғашқы көмекгі жайлы айтып кетпекпіз. Жаралардың жазылуы төмендегі түрге бөлінеді:+ Жараның алғашқы тез жазылуы (заживление ран первичным натяжением) асқынусыз жазылған жара деп аталады. Бұған жарада микробтардың болмауы, жараның шеттері бір – біріне жақындап жабысып тұруы қажет. Жазылу орта есеппен 6-8 тәулікте тыртық жіңішке сызықша болып бітеді. Жараның шеті ашылып, ырсиып, іріңдесе онда ол асқынып жазылады. Жараның бұлай жазылуын асқынып жазылу (заживление ран вторичным натяжением) деп атайды. Бұған себеп жарада өлі тіндердің мезгілімен тазаланып, жоқ болуы, грануляцияның пайда болуы, тыртық тіннің және эпителизацияның болуы шарт. Асқынып жазылу ұзаққа созылады (бірнеше аптаға) тыртығы жуан, дөрекі болып бітеді. Оның тыртықтануынан буынның қимылынан нашарлауы (контрактура), егер тыртық буынға жақын болғанда пайда болады.+ Қабыршықтың астындағы жараның жазылуы. Терінің кішігірім жарақаттарында жара бетінде ұйыған қан, лимфадан жұқа қабық (струп) пайда болады. Қабыршықтың астының жазылу процессі жаралардың регенерациялануының жалпы көзқарас қағида бойынша, бірақ едәуір тезірек жазылады, себебі қабыршық жараны микробтардың түсуінен және жарақаттан сақтаушы биологиялық таңғыш қызметін атқарады. Жараның микробпен ластануы. Әр түрлі кенеттен пайда болған жараның микробпен ластануы жиі кездеседі. Микробтар жараға жарақаттаушы құрал, киім қоқымдарымен бірге, терінің шетінен келіп түседі. Жарадағы микробтардың өсіп – өнуі үшін микробтардың вируленттігі, жара өзегінің аймағындағы тіндердің, қан айналысының және жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауы, дененің қорғаушы күштерінің бәсеңдеуі себеп болады. Микробтардың өсіп өнуі үшін қолайсыз болған жағдайларда микрофлора жоқ болып кетуі мүмкін.+ Жараның іріңдеуі. Жарадағы іріңдеу процессінің белгілі клиникалық белгілері болады: жара шеттерінің қызаруы, олардың ісінуі, қатаюы, жергілікті, сондай-ақ жалпы температураның көтерілуі, солқылдап ауыру пайда болуын дененің осы бөлімінің қызметінің нашарлауы байқалады. Жарадағы ісік экссудаты іріңді ісікке ( қанның ақ түйіршіктерінің санының көбеюі) айналады.

47. Ауаны ластаушыларды айқындау, олардан келетін зиян, күресу амалдары Ауаны негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары. Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның табиғи жлмен ластануы жанартаудың атқылауына (жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500 астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әр түрлі ауру қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады.Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ултракүлгін және лазерлі сәулелер. Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер – автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеру қаупін тудырады. Ғалым экологтар және мұнай өндірушілер - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр.

48. Топырақты ластаушыларды айқындау, олардан келетін зиян, күресу амалдары. Литосфера дегеніміз жер қабаты болып табылады. Яғни топырақ жамылғысын қорғау қажет. Топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ ластануы дейді. Топырақ ластануының мынандай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйгкені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организіміне түседі. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Антропогенді әсердің бір салдары – топырақ жамылғысының қарқынды ластануы. Ластанушылардың ролін металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тынайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Қазіргі кездегі топырақтыластаушылардың негізгі көздері мыналар:пестицидтер;минералды тыңайтқыштар;

өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;мұнай және мұнай өнімдері.Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді.

49. Суды ластаушыларды айқындау, Гидросфера дегеніміз жердің су қабаты.. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрлықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8 % бөлігін алып жатыр. Қазіргі таңда тұшы сулардың әртүрлі ластанушылармен: песитицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Су рестурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер етететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарыныан бөлінетін улы синтетикалық заттар. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5 тен 15 мг\л-ді құрайды. Ал ал осы заттарыдң шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг\л-ді құауы керек. Басқа ластаушылардан: металды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Су қорларының ластануының тағы бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде ода оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңдік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмге түсіп әртүрлі аурулар тудыруы мүмкін. Жер асты сулары көп аудандарда тұшы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Судағы химиялық және улы заттардың мөлшердің Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар бериллй, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бқлардың әрқайсысының шекті концентрациясы да әр түрлі. Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға – айына 100 рет, 100 мыңнан астам адамға – айына 200 үлгі алып бақылап отырады.

50. Санитарлық өңдеу түрлері, дегазация, дезактивация, дезинфекция, дератизация, дезинсекция Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады. Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық жәнехимиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады. ДЕЗИНСЕКЦИЯ – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құсфабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауруқоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялықәдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады.

51. ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдарына (панахана, баспана) сипаттама беріңіз. Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып,төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады.

Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі.Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

52. ТЖ кезінде қолданылатын теріні қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарының құрылысына (ОЗК,ЛЗК) сипаттама беріңіз Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпы әскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]