Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

35. Ұжымдық қорғаныс құралдары.

ұжымдық қорғану құралдары—жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

2. Ұжымдық қорғану құралдары (түрлері мен қолдану амалдары) Ұжымдық қорғану құралдары – қорғану құралдары, құрылымдық және функционалды түрде өндіріс процессімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғымен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты. бағытына байланысты былай бөлінеді: - өдіріс ғимараттары мен жұмыс орындарының әуе кеңістігін реттейтін, зиянды факторларды оқшаулау, жылу беру, желдету құралдары;

- жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар (жарық көздері, жарықтандыру құралдары және т.б.);

- ионданушы сәулелерден қорғану құралдары (шектеуіш, герметизациялау құралдары, қауіпсіздік белгілері және т.б.); - инфракүлгін сәулелерден қорғау құралдары (шектеуіш, герметизациялау, жылуды оқшалаушы құралдар және т.б.); - ултракүлгін және электромагниттік сәулеленуден қорғау құралдары (ауаны желдету мен алыстан басқаруға арналған шектеуіштер және т.б.);

- лазерлі сәулеленуден қорғау құралдары (шектеуіштер, қауіпсіздік белгілері және т.б.); - шу мен ультрадыбыстан қорғау құралдары (шектеуіштер, дыбысты оқшаулаушы құралдар және т.б.);

- вибрациядан қорғау құралдары (вибрацияоқшаулаушы, вибросөндіруші, виброжұтушы құралдар және т.б.); - электр тогымен зақымданудын сақтау құралдары (шектеуіштер, дабылқаққыштар, оқшаулаушы құрылғылар, жерге тұйықтау, зануление (нөлдік деңгейлеу) және т.б.);

- жоғарғы және төменгі температурадан сақтау құралдары (шектеуіштер, термооқшаулаушы жабдықтар, жылыту жіне салқындату);

- химиялық факторлар әсерінен қорғау құралдары (герметизацияға арналған жабдықтар, желдету және ауаны тазарту, қашықтықтан басқару және т.б.); - биологиялық факторлардан қорғану құралдары (шектеуіштер, желдету, қауіпсіздік белгілері және т.б.); Ұжымдық қорғаныс құралдары: шектеуіш, сақтандырғыш, тежегіш жабдықтар, автоматты бақылау және дабылқаққыш жабдықтар, қашықтықтан басқару, қауіпсіздік белгілері болып бөлінеді. Шектеуіш құралдар адамның қауіпті аймаққа өтіп кетуінен сақтау үшін пайдаланылады. Сақтандырғыш құралдар адамның қауіпті аймаққа түсіп кеткен кезіндегі және көліктің немесе құрылғылардың қалыпты жүрісінен ауытқуы кезінде автоматты түрде өшіріру үшін пайдаланылады. Бақылау құралдары – бұлар қан қысымын, дене қызуын, статистикалық және динамикалық жүктемелерді өлшеу жіне сипаттаушы құралдар.

жеке қорғану құралдары — қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар; арнаулы киім — қызметкерді зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;

36. Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек:

-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету – қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар); - терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру; - балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту; - тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының – қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек. Алғашқы көмек көрсету:

- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет; - хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек; - аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу.

37. Дезактивация. Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады. Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық жәнехимиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады. ДЕЗИНСЕКЦИЯ – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құсфабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауруқоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялықәдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.

38. Химиялық барлау аспаптары. Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады. Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін уғызатындар: зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1.Уақытша қатардан шығару

2.Жою

3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру

4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

39. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың түріне байланысты жеке бас қорғаныс құралдары. Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегіжабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету Типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі. оқшаулау костьюмдері - пневмокостюдер; гидрооқшаулаушы костюмдер; скафандрлар; тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары - противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер; пневмомаскалар; - арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар; шалбарлар; костюмдер; халаттар; плащтар; полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар. - арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар, полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар; - қолды қорғау құралдары - қолғаптар; - басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдар, подшлемниктер; шапкалар, береттер, шляпалар;- бетті қорғау құралдары – қорғау маскалары; қорғау щитоктары;- есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдар; наушниктар; вкладыштар;- көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;- сақтандырғыш құралдар – сақтандырғыш белдіктер; диэлектрикалық төсеніштер; қол қыспақтар; манипуляторлар; тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар; - қорғаушы, дерматологиялық құралдар – жуу құралдары; пасталар; кремдар; мазьдар.ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсыздық минимумға тең болу керек.

40. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Бұл турасында Ожегов өз сөздігінде: «құдреттті күшке (аруаққа, құдайға) иланатын қоғамдық түсінік формасының бір түрі» деп түсіндірген. Дін адамзат тарихының айнымас бір бөлігі, сенім формалары өзгергенімен мәні бір — илану, сену. Діннің көне формалары яғни отқа, пұтқа табыну қазір салт-дәстүр сынды өзге мәнге ие болды. Мысалға айталық пұтқа табыну. Қазір бұрынғы пұттар қарапайым мүсінге (статуетка) айналып кетті, оны біз бір бірімізге сыйлық ретінде реті келген кездерде беріп жатамыз. Отқа табынуға келсек, жас келін табалдырық аттамастан бұрын отқа май құю салтын еске түсірсеңіздер-ақ жеткілікті.

Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері.Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады.

Экстремизмнің кең және нақтылы өлшемдеріне бағаны берген Ресейлік эксперт М. Краснов. Оның ойынша экстремизмге мынадай идеяларды, бағыттарды, доктриналарды таратуға бағытталған әрекеттерді жатқызуға болады:

• адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу;

• адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару;

• ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою;

• бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады.

41. Жыныстық жолымен берiлетiн аурулар түрлері (хламидиоз, трихомоноз, соз, мерез, гепатит В,С, герпес), сақтану жолдары (хламидиоз, трихомоноз, соз, мерез, гепатит В,С, герпес, уреоплазмоз, микоплазмоз, кандилома, т.б.), сақтану жолдары Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар (ағылш. Sexually Transmitted Diseases (STD)) — көбіне жыныстық жолымен жұғатын инфекциялық аурулар.Мерез немесе Сифилиc

Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен іріндейді.Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), де-ненің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қы-рылдап қалады», адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз. Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик — пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі (Репіsеllinum). Сифилис жүкгі анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.Соз ауруы немесе ГонореяБұл дертті де микробтар таратады. Оны геноккок деген микроағза жұқтырады. Жыныс қатынастарынан туындататын өте ауыр дерт. Ер адмадарға несеп шығару негізінде қатты ауырады. Ірің ағады. Әйелдердегі белгілері тіпті жаман. Үнемі ашып ауырып адамның нерв жүйесіне ерекше әсер етеді. Жыныс қатынасынан кейін 2-20 күндер ішінде байқала бастайды. Емдемесе әйел адамдар бедеу болып қалады. Ер адамдарда қатты ауырады. Буындары ісіп кетіп жүре алмай қалады. Бұл дертті де дерігер антибиотикті — пенициллинді пайдаланып емдейді. Бұл аурулардан сақтанудың бірнеше жолдары бар. Олар туралы X. Қ. Сәтбаева және т.б. дәрігерлер өздерінің «валеология» атты кітабында жазған, Алматы, 1999 оқып көрем деушілерге осы кітапты оқып шығып танысуларына болады.Гениталдық герпес.Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Гениталды герпес жыныс қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейіннен үлкен айық-айық жараға айналып кетеді де, қатты ауырып, нерв жүйесін хежеп жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен ірінді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға таратылатын дәрігерлер анықтаған. Гениталды герпестен туындайтын қорытынды: бала соқыр боп тууы мүмкін. Керең болуы да сөзсіз. Өлі болып тууы да ғажап емес. Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азаб, бас ауыру, адам шаршап – шалдығып кетеді.ХламидиозЕң бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі. Оны табу, анықтау оңай шаруа емес. Өте қауіпті дерт. Өте кең тараған сырқат. Оны емдеуде оңай емес. Дегенмен емдесе тез арада адам бұл ауырудан айығып кетеді. Емдеу үшін кебінесе антибиотиктерді қолданады. Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап келтірмейтін дерт. Дегенмен аурудың қайсысы ағзаға жақсы дейсің. Негізі, гениталды сүйелдің болмағаны дұрыс, «рухани таза болсаң, денең де таза болады», «Здоровому телу, здоровый дух». Гениталды сүйел папиллом деп аталатын вирус арқылы дамыды. Гениталды сүйелді дәрігерлер тез арада жойып жіберіп адам ағзасын сауықтырып жіберіп отырады. Сүйел арнайы ерітінділермен сүйық азот ерітінділерін жағып күйдіріп жібереді. Емдеу онша қиынға түспейді. Оны емдеуден бас тартуға болмайды. Ауруды үдетіп жіберуге жол бермеу керек.

42. Жыныстық жолымен берiлетiн аурулар түрлері (уреоплазмоз, микоплазмоз, кандилома, т.б.), сақтану жолдары уға қабілетті.Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетед. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі – элементарлық денешіктеріЖыныстық жолмен таралатын аурулар саны қазіргі таңдакөбейіп барады. Дүниежүзібойынша осындай жұқпалы аурулардың 25 түрі бар болса, соның елімізге енбегені жоқ екен. Оның ішінде әсіресе сифилис, соз, герпес, хлами-доз, трихомониаз, кандиломалар көп кездеседі. Толық ем қабылдамаған жағдайда артына айықпас із қалдырып кетеді. Оның ішінде белсіздік, импотенция, обыр ауруларына әкелуі әптен мүмкін. Дәрігерлер жыныстық жолмен берілетін ауру¬ларды жұқтырмау үшін кездейсоқ жы¬ныстық қатынастардан аулақ болу, мүше¬қап қолдану, тері қабатын зақымдайтын ортақ құралдарды қолдан¬бау керек деп кеңес береді. Бірақ бұл насихаттауларды құлаққа іліп жат¬қан адам аз. Былтыр Шым¬қаланың тәртіп сақшылары түнгі көбелек¬терді топырлатып ұстап, қаладағы тері-венеро¬ло¬гиялық ауруханаға апарып тексерткенде, олардың арасынан 18 қыз¬дың соз секілді жұқпалы ауруларға шал¬дыққаны белгілі болған-тұғын. Тіпті араларында ВИЧ ин¬фекциясын тасымал¬даушылары да бар болып шықты. Бұл дерек талай жігіттің жү¬регін солқ еткізгені анық. Алайда соған қарамастан тәуекелділікке баратындар саны азаймай отыр. Бүгінде жұқпалы ауруларды жұқтырғандар саны көбейіп барады. Көбісі жеке емдеу мекемелеріне қаралады. Сол себептен олардың нақты санын есептеп шығару мүмкін емес. Статистика заңдылығы бұған жүрмейді. Аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен дәрі¬герге жүгіріп баратын қазекем қайда? Ақырында ажал құшып жатқандар да бар... Кездейсоқ жыныстық қатынастан бармақ шайнап қалып жатқандар қаншама? Бүгінгідей ауру біткеннің өршіп тұрған шағында «ақырын жүріп, анық басуды» жадында ұстауға мойны жар бермейтіндер көп. Салдарынан ауру¬хана жағалап жүргені. Жазылып кетсе жақ¬сы ғой, өзгелерді де батпағына батырып кет¬се, қауіптің үлкені – сол. Сөйтіп, өзін емші-құшнаш атағандарға барып емделіп, сан соғып қалып жатқандар да баршылық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың қалдырар ізі аз емес. Еркектер белсіздікке ұшыраса, әйелдер түсік тастау және ерте босануы мүмкін. Халықаралық қоғам¬дас¬тықтың мамандарыбүгінде қатерлі ісіктің этиологиясын зерттегенде адамға онкогенді әсері бар герпесвирустардың болатынын анықтаған. Белгілі ережеге сай елімізде 30 жастан асқан әрбір әйел бес жыл сайын жатыр мойны обырының және әйелдердің жыныс мүшелері ауруларын анықтау үшін міндетті түрде профилак-тикалық тексерілу¬ден өтуі керек. Бірақ көп жағдайда бұл ереже сақтала бермейді. Учаскелік дәрі¬герлер үй-үйді аралап, таба¬нынан тозса да, шақыртуға бармайтын¬дар басым. Ма¬мандар бұлаурулардың тым «ер¬кінсіп» кеткені сонша – бүгінде мүше¬қапқа да сенім жоқтығын айтады. Расында, мүше¬қапты қолданудың өзі адам вирусы папил-ломасын жұқтырудан қорғай алмайды, себебі вирус генитальды аймақпен жа¬насқанда беріле береді.Уреоплазмоз

Уреопламоз ( Ureaplasma urealyticum ) –

Уреоплазмоздың еркектердегі белгілері:

Зәршығаратын жолдар арқылы аз мөлшердегі ақ

Кіші дәретке шыққан кездегі аурулар мен

Простатиттің белгілері, отырғызушы бездің дұрыс жұмыс

Уреоплазмоздың әйелдердегі белгілері:

Қынап түтігінен аз мөлшердегі ақ заттың

Кіші дәретке шыққан кездегі аурулар мен

Іштің астыңғы жағындағы аурулар ( жатырдың

Микоплазмоздың үлкейтілген көрінісі

Кандилома Үшкір кандилома – қоңыршаң түсті өсінділер

Қан кету мен жаралардың болуы;

Қалыпты жыныстық қатынас өмірінің бұзылуы;

Косметикалық әсерлерге қатысты мәселердің тууы мүмкін;

Психологиялық төмендеулер мен ауытқулардың болуы;

43. Жедел респираторлық вирустық аурулар, сақтық шаралары Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Қысқы алардағы сырқаттанушылық шегі адамдардың, әсіресе балалардың, жұмыс орындарында, мектептерде, балабақшаларда және қоғамдық көлікте тығыз байланыста және өте белсенді болуымен түсіндіріледі.Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы, осы тамшылар төсек-орында, жұмыс үстелінде, т.б. кепкен соң және оларға сіңгеннен кейін белсенділігін екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін сақтайды!Барлық дезинфекциялаушы құралдар тұмау вирусын тез жояды, бөлмелерді жиі желдетіп тұруды да ұмытпаған жөн.

Жоғарғы тыныс жолдарына түскен кезде вирус жасушалардың қабықшаларын зақымдап, оның ішіне кіреді. Жасушалардың ішінде вирус тез көбейеді. Жұқтырылғаннан кейін алғашқы тәуліктердің аяғына қарай бір вирус ондаған триллионнан аса вирустық бөлшекті түзеді. Көбейген вирустар жоғарғы тыныс алу жолдарынан шыққаннан кейін жасушалар бұзылады. Тұмаудың алғашқы симптомдары – мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы осыған байланысты.Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшықеттің, бастың және тамақтың ауыруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне баланысты асқынулар, сондай-ақ созылмалы аурулардың:жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің басқа да ауруларының өршуі жатады. 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жүйесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкті әйелдерде әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзылады және созылмалы аурулары өршиді. Әдетте жүкті әйелдер тұмауға шалдыққан кезде балаға қанның жүруі күрт азаяды, осыған сәйкес бала жолдасы арқылы ұрық организміне оттек аз беріледі. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауыруы жүктіліктің 12 аптасына дейін, яғни ұрықтың органдары мен тіндері қалыптасатын кезде өте қауіпті. Тұмаудың жүкті әйелдерге қауіптілігі – түсік тастауы немесе мерзімінен бұрын босанып қалуында. Сонымен қатар, шала туудың жиіленуін көрсететін нақты мәліметтер бар.

Өкінішке қарай, дер кезінде емдеу мекемесіне келмеген науқастарға қалыпты жағдайда жиі қолданылатын жекелеген препараттар көмектеспеуі де мүмкін. Сондықтан өз бетінше емделуге болмайды. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалысымен дәрігерді үйге шақыру жөн.

Кез-келген ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс. Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды. Тұмауға қарсы вакцинациялау еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төленетін төлемдерді және өндірістік шығындарды, тұмауды және ЖРВИ-ді, сондай-ақ олардың асқынуларын емдеуге кететін шығындарды 2 есе қысқартатыны дәлелденді.

Тұмаудан сақтану үшін ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жиналған орындарда болмауға, салқын тигізіп алмауға тырысу қажет және ауа райына сәйкес киіну керек. Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз тұмау немес ЖРВИ вирустарының тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді.

44. Асептика және антисептика, шараларды жүргізу амалдары Ауада, қоршаған ортада, адамның терісі мен шырынды қабығында өмір сүретін өте көп әртүрлі микробтар болады. Бұл микробтар адам организміне өздігінен ене алмайды, тек адамның терісі мен шырынды қабығының қорғану қабілеті (барьерлі функциясы) бұзылған немесе әлсіреген кезде (терісі жырылып кетсе, жарақаттанып қалса, күйсе) және медициналық ем-дом жасау тәртібінен ауытқыған кезде (ине шаншу кезінде, вена тамырына ине шаншу сәтінде) организмге енуі мүмкін. Хирургиялық манипуляциялардың зардабынан мысалы: терідегі тілік, дәрі құйған жер, операция жасаған орын арқылы денеге еніп, бүкіл организмге тарауы ықтимал. Микроорганизмдердің денеге енуінің зардабынан әртүрлі қабунылар пайда болады. Микроб тілікке түссе жарасы іріңдеп кетеді. микробтардың тері астындағы тіндерге түсуі кесірінен дүмпіп қабыну (флегмона) мен соқталанып қабыну (абсцесс) кездеседі. Егер микроб пен ірің қанға түссе, онда жалпы организмде хирургиялық инфекцияның етек алып өрбуіне жағдай туады. Мұны хирургиялық сепсис немесе септикопиемия дейді. Инфекцияның бүкіл денеге таралуына жалпы организмнің қорғану қабілетінең кенеттен төмендеуін, оның мұздауы, арықтауы, созылмалы кеселге ұшырауы кесірін тигізеді. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін, оған түскен микроорганизмдердің денеге тарауына қарсы күресу .шін «Асептикаң және «Антисептиң деп аталатын шаралар жүзеге асыру қажет.Асептика дегеніміз микробтардың жараға түсуінен сақтандыратын қарсы шаралар. Медицина қызметкерлерінің құрал-саймандары, таңатын және тігетін материалдарындағы микробтар мен олардың жұмыртқаларын (спораларын) зарарсыздандыру (стерилизациялау) арқылы асептикаға қол жеткізуге болады. Зарарсыздандыру үшін ежелден-ақ қайнатуды, күйдіруді, қыздыруды, құрғақ бумен булауды, ылғалды бумен жоғары қысымда ұстауды пайдаланып келгені белгілі. Осы заманғы зарарсыздандыру әдістеріне ультрафиолетті сәулелер (бактерицидті шамдар), гамма-сәулелері, ультрадыбыстар жатады.

Зарарсыздандыруды қажет ететіндер: таңатын жабдықтар, әртүрлі (төсеніштер, жаялықтар, халаттар), құрал-саймандар, шприцтер, сырқат күтіміне арналған жабдықтар, сол сияқты хирург пен мейірбикештің қолдары.

Жараларды таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды авитоклавтың ішінде жоғары бу қысымымен зарарсыздандырады. Сондықтан бұл әдісті автоклавтау деп атайды.

Таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды металдан жасалған қобдишалардың (бикстердің) ішінде сақтайды. Бикстердің кенерелерінде бу кіретін тесіктері болады, жабдықтар зарарсызданып біткен соң, жылжымалы ішкі кенересін жылжыту арқылы жауып қояды. Егер бикс кенерелерінде тесіктер ашық қалса, онда оның ішіндегі жабдықтары зарарсызданбаған болып есептеледі. Таңатын жабдықтарды қатты тоқымадан жасалған дорбалардың ішіне салып та зарарсыздандыруға болады. Автоклавтаудан өткен жабдықтарды зарарсызданғанын арнайы жасалатын сынаулар көмегімен бақылайды. Бике ішіне жабдықтармен қосып балқу нүктесі 120ӘС болтын күкірт ұнтағын антипирин, амидопирин немесе басқа бір заттарды қосып салады. Жоғары температурада (120-134ӘС) салынған заттар балқиды. Егер заттар балқымай қалса, онда бикстің ішіндегі жабдықтар зарарсыздану температурасына жетпеген. Кейде Микулич әдісін пайдалануға болады: фильтрлі қағазға қарындашпен “зарарсызданған” деп жазып, үстіне крахмал клейстер жағады да, йодтың суға ерітілген ерітіндісіне малып алады, сол кезде қағаз біркелкі көк түске боялып жазу көрінбей кетеді. Осы қағазды жабдықтармен бірге бикстерге салады. 110ӘС-дан жоғары температураның әсер етуімен крахмал декстринге айналады да, көк түске боялған қағаздың өңі қайтадан ағарады, сөйтіп “зарарсызданған” деген жазу қайта көрінеді.

Күмәнді болмас үшін зарарсызданған шүберек жабдықтар міндетті түрде құрғақ болуы керек.

45. Ине шаншу әдістері, техникасы Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Іс-әрекеттер:1.Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.

6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.

7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)

8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.

9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]