- •1.Боран, дауыл және қатты желдер, зардаптары, тiрi қалу жолдары
- •2. Қатты аяз бен қарлы боран қаупiнен аман қалу
- •3. Қатты ыстық пен құрғақшылықта аман қалу
- •4. Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары
- •6. Ине шаншу әдiстерi
- •5. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •7.Қар көшкiнi және оған тап болғандағы адамдардың іс-әрекеті
- •9. Жанартау атқылауы, негізгі зақымдағыш факторлары
- •10.Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары
- •11. Жаппай жою қаруынан қорғау.
- •12. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.
- •13. Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, эмө, т.Б. Адамға әсері.
- •14. Радиация. Иондаушы сәулелер.
- •15. Радиациялық қауіпті нысандар
- •16. Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Химиялық қауіпті нысандар.
- •19. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
- •20. Көшкіннің негізгі параметірлерін өлшеу
- •21. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •22. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •23. Табиғи зілзалаларға жалпы сипаттама
- •24. Аса қауіпті аурулар және олармен күресу
- •25. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •26. Туберкулез, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
- •27.Қазақстандағы туберкулез мәселелеін шешу жолдары
- •29. Спид/вич – ғаламдық мәселе
- •28. Қазақстандағы спид/вич мәселелері
- •35. Ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •46. Дезинфекциялаушы заттар, жараны өңдеу техникасы
- •53. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз
- •58. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар
29. Спид/вич – ғаламдық мәселе
1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі.
Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе “жоғалған” клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушылар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИДке қарсы күн.
СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
-Біреуге қан құйса
-Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
-Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
-Жыныстық қатынас
-Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
28. Қазақстандағы спид/вич мәселелері
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған ВИЧ, СПИД дерті темір тордың ар жағындағы cотталғандар арасында да кездесіп отыр. Түзеу мекемелерінде осы дерттің алдын - алу мен науқастарға медициналық көмек көрсетуде қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылы қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметіне ВИЧ ауруымен күресу үшін республикалық бюджеттен 4 млн қаржы бөлінген еді. 2006 - 2010 жылдар аралығына арналған Қазақстан Республикасындағы СПИД эпидемиясына қарсы Бағдарламаның жаңа жобасына ұсыныстар жіберілді. ВИЧ-тің айқын суретін көру үшін 2003 жылдан бастап қылмыстық - атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде ҚР денсаулық сақтау министрлігімен эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. Ал 2002 - 2005 жылдар аралығында жыныс жолдары арқылы таралатын инфекцияларға, ВИЧ-қа кешенді профилактикалық жұмыс жүргізу үшін республикалық бюджеттен 16225 теңге бөлінді. Бұл қаражат ВИЧ - пен зақымданғандарды емдеуге дәрі – дәрмек алуға, жеке пайдаланатын бұйымдарды дезинфекциялауға, жеке қауіпсіздікті сақтайтын медициналық құралдарға, медициналық-ағартушылық ақпаратпен қамтамасыз етілуге жұмсалды. Арнайы контингентті ВИЧ инфекциясына тексеру жұмыстары аймақтардағы СПИД орталықтарымен бірігіп жүргізіледі. ВИЧ-тің алдын алудағы барлық шаралар Әділет министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігімен 2005 жылғы 13-сәуірдегі бірігіп шығарған бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Пенитенциарлы жүйеде жазасын өтеп жүргендерді ВИЧ-қа қан алу ерікті түрде өткізіліп, анализдер тексерілуге СПИД орталығына жіберіледі. Егерде сотталғанның қанында ВИЧ анықталса, онда анализ нәтижесін СПИД орталықтарының қызметкерлері өзі естіртеді. Жыл сайын 1-қараша мен 1-желтоқсан аралығында ВИЧ, СПИД дертіне қарсы айлық жүргізіліп, оның нәтижелері "СПИД тің алдын алу және күрес жөніндегі" республикалық орталығына жіберіліп отырылды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда 2006-жылдың 1-қарашасына дейін республикамызда 7088 адам ВИЧ-пен зақымданса, 445-адам СПИД-ке шалдыққан. Өкінішке орай, бүгінде республика бойынша ВИЧ ауруымен тіркелгендердің 30 пайызы сотталғандар болып табылады. Пенитенциарлы жүйедегі медицина бөлімшесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне, тергеу абақтыларына жаңа түскендерге ВИЧ-тің басқа да жұқпалы аурулардың қауіп-қатерлігі жайында әңгіме жүргізеді. Тіпті әр бір жасаққа бір жауапты медицина қызметкері бөлінген. Сотталғандарға қызмет көрсететін дәрігерлердің біліктіліктерін, ВИЧ жайында қаншалықты сауатты екендіктері сынақ алу арқылы тексеріледі. Қылмыстық - атқару саласындағы мециналық қызметкерлерге жыл сайын ВИЧ, басқа да жұқпалы аурулар туралы семинар өткізіліп, соңынан сынақ қабылданады. Мәселен, ҚАЖ комитеті бекіткен кестеге сай осындай сынақтар жақында Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында өтіп, сынақ барысында медицина қызметкерлері сауаттылықтарын танытты. Қазіргі таңда аймақтардағы медицина бөлімшелері аАнти ВИЧ-тің вирусына қарсы терапия" дәрі-дәрмегін қолданады. Егерде зақымданушы оны дұрыс, уақытылы қолданса, онда оның өмірінің ұзаруына, жұқпалылығының азаюына септігі тиеді.
30. Гепатит ауруының түрлері, қауіпсіздік шараларыГепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температура көтермейді. Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ол қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас, әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).
БелгілеріАсқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.
Емдеу жолдарыАнтибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз.
Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады.
Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп берңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ішімдік ішпеңіз.
Қауіпсіздік шаралары
Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.
Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. Жыныстық қатынас жасамаңыз, тіпті презервативпен болса да, басқаларға дайындалған тамақтан аулақ болыңыз.
Түрлері
ашық патогенді болды вирусты гепатит - A, B, C, D, E, Г. ескі арманын айналдыруы Вирусты гепатиттердің нақты диагноз бөліп дәрігерлер алып тастау немесе жанама дәлелдемелер қарағанда, бірақ негізінде түрлі этиологиясы жоғары арнайы пайдалана отырып, тікелей зерттеулер мен жоғары сезімтал тест жүйелері. Зерттеудің жаңа әдістерін қолдану Бауыр әліпбиі бұл Quot көрсетті; түгесілген болып табылады. Қалдықтары туындаған офлайнды вирустық гепатит А, B, C, не, немесе D, E немесе, немесе G, басқа патогенді микроорганизмдердің тасымалдары Гепатит вирусы түрлері.
31.Өнеркәсіп обьектілеріндегі АҚ және ТЖ.Құрылымы,қызметі.Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі жалпы мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу-мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Азаматтық қорғаныс туралы 1997ж 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген. Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты,ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс республикалық және жергілікті деңгейде шешіледі. Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Ал біздің сұрағымыз сол техногенді төтенше жағдайға байланысты болып табылады. Себебі өнеркәсіп обьектілеріндегі төтенше жағдайлар дәл осы техногенді сипатқа тән.1996жылы 5 шілдедегі «Техногендік сипаттағы (өнеркәсіп орындарындағы) төтенше жағдайлар туралы»ҚР заңы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі республика аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Ал АҚның құрылымына келер болсақ, АҚның аумақтық және обьектілік құрылымы болады. ААҚның аумақтық құрылымы облыс,қала,аудан әкімдерінің шешімдерімен,ал обьектілік құрылымдар ұйымдарының АҚбасшыларының бұйрықтарымен құрылады.АҚ обьектілік құрылымына: барлаушы буын, құтқару командасы,инженерлік команда, санитарлық дружина, қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы, байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б.кіреді.
АҚ штабы→АҚбастығы→ АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары: байланыс↔қоғамдық тәртіпті сақтау; авариялық - техникалық ↔ қорғаныс ғимараттарына қызметкөрсету;тамақтандыру мен сауда↔РҚ және ХҚҚ;т.б.
Азаматтық қорғаныс негізгі қызметтері:басқару, хабарлау және дамыту, қолдау;тж кезінде АҚ күштерін құру; халықты оқыту ; радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау; ақ құрамаларын даярлау; кешенді шаралар ұйымдастыру;АҚ мүлігін жинау; азықты, суды, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, биологиялық зақымданудан сақтау.
32.Апаттық қатерді болжау. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жа-тады:
— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақы-лау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
— төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихат-тау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау:
— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
— ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
33. Адам ағзасына иондаушы сәуле шығарудың әсері Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының арасында радиоактивтiк зақымның айрықша орын алады. Өйткенi ядролық жарылыстың басқа факторларына қарағанда оның әсер ету зонасы әлденеше есе көп. Ал радиоактивтiк зақым ауылдық жерлер мен жергiлiктi және көшiрiлген халық тұратын аудандар үшiн өте қауiптi. Радиациядан қорғайтын паналау орындарының құрылысын салу мен жабдықтау кезiнде оның сыртқы радиоактивтiк сәуленi қаншалықты әлсiрете алатыны есепке алынады. Қорғау қасиеттерiне қарай радиациядан қорғайтын паналау орындары үш топқа бөлiнедi:
• қорғау коэффициентi 200 н/е одан да жоғары;
• қорғау коэффициентi 50-200-ге дейiнгiлер;
• қорғау коэффициентi 20-50-ге дейiнгiлер. Радиациядан қорғайтын паналау орындары
Мұндай паналау орындары адамдарды радиоактивтiк заттармен қатар радиациядан да қорғайды. Мұндай адамдар жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыс кезiнде iшiнара соққы толқынынан, сондай-ақ адамдардың терiсi мен киiмiн улағыш заттар мен аэрозольды бактериялық құралдардың жұғуынан да қорғай алады. Паналау ғимараттары – адамдар ядролық қарудың барлық зақымдаушы факторларынан – соққы толқынынан, жарық сәулесiмен, өткiш радиациядан (нейтрон толқынын қоса) және радиоактивтiк сәуле шарпуынан ең сенiмдi қорғайтын паналау орны болып табылады. Паналау ғимараттары, сондай-ақ улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт зоналарындағы жоғары температурадан, жарылыс кезiнде қираған үйлердiң басып қалуынан, өндiрiсте қолданылатын улы заттардан уланудан қорғайды.Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады. мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.
34. Радиациялық қауіпсіздік нормалары және сәулелену дозаларын есептеу. Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс. 2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.Радиоактивті сәуленің үлкен қаупі ол адамның сезім мүшелерінде мәлім болмайтындығында. Адам ұзақ уақыт радиацияның әсерінде, ешқандай анық жағымсыз сезінулерді байқамай жүруі мүмкін. Бұл өзі адам өміріне үлкен қауіп және еңбекті қорғау талаптарына жайбарақат қарауынан, нәтижесінде жоғарыда айтылған қатерлерге алып келеді. Радиациялық заттармен жұмыс істеу үлкен қауіп екенінінің өзін түсіну басқа қауіптермен ешбір салыстыруға келмейтін жағдай.Адам ағзасының радияциялық сәулеленуі сыртқы және ішкі сәулелену болып бөлінеді. Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б болатын , сәлеленудің көздері техника мен медицинада және т.б қатарларда қолданылады. ШЕКТЕЛІП РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДОЗА (ШРЕД) – 50 мЗв (5 бэр) дозада сәуленетін адамдар үшін негізгі дозалық шек. ШРЕД – 50 жыл бойы біркелкі сәулену кезінде адамның денсаулық жағдайында қазіргі заманның әдістерімен анықталатын жағымсыз өзгерістерді туындатпайтын күнтізбелік жыл ішіндегі жеке эквиваленттік дозаның ең төменгі мәні. ШРЕД-ға табиғи фонның және медтциналық сәуленудің дозалары кірмейді.
ДОЗАНЫҢ ШЕГІ (ДШ) - сәуленетін адамдардың В категориясы үшін негізгі дозалық шек. ДШ – 70 жыл бойы біркелкі сәулену кезінде адамның денсаулық жағдайында қазіргі заманның әдістерімен анықталатын жағымсыз өзгерістерді туындатпайтын күнтізбелік жыл ішіндегі жеке эквиваленттік дозаның ең жоғарғы орташа мәні. Дозаның шегі территорияда және бөлмежайларда сыртқы сәулеленудің эквиваленттік доза қуаты және радиобелсенді шығарыстар мен сыртқы орта объектілерінің радиобелсенді ластану деңгейлері бойынша бақыланады.
ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗАНЫҢ ҚУАТЫ (ЭДҚ) (Н) – уақыт интервалында эквиваленттік дозаның өсуінің бұл уақыт интервалына қатынасы. Эквиваленттік доза қуатының бірлігі – зиверт секундқа, Зв/с. 1 Зв/с = 100 бэр/с. Бірліктердің туындылары да қолданылады: мкЗв/сағ, мЗв/сағ. Өлшеу кезінде жұтылған және экспозициялық дозаның қуатын да қолданады.
ДОЗАНЫҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚУАТЫ – бір жыл ішінде орташа етілген эквиваленттік доза қуатының рұқсат етілген деңгейі. Сан ретінде шектеліп рұқсат етілген дозаның бір күнтізбелік жыл ішінде сәулелену уақытына қатынасына тең.
А категориясы үшін tА = 1700 сағ, мекемеде стандартты мәндегі категориясының адамдары үшін және санитарлық-қорғау аймағында tА = 2000 сағ және тексеру аймағында tА = 8800 сағ.
