Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

26. Туберкулез, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары

Туберкулез,ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Күнделікті өмірде туберкулез ауруын жұқтырмас үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:

- туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқастармен сөйлескенде белгілі бір қауіпсіз ара қашықтықты сақтау;

- науқас жөтелгенде, түшкіргенде микробтардың ауаға ұшпауы үшін аузын және мұрнын бет орамалмен жауып тұруы;

- міндетті түрде бөлмеде ылғалды тазалық жүргізу, желдету;

Туберкулездің сүйіскенде, төсек орнында, сүлгіні, бет орамалды және т.б. заттарды ортақ пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондықтан науқаспен қарым-қатынасқа түскенде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Балаларды туберкулезден қорғаудың басты ықпалды шарасы БЦЖ вакцинасын, ревакцинасын екпе кестесіне сай еккізу.

27.Қазақстандағы туберкулез мәселелеін шешу жолдары

туберкулез дертін халқымыз құрт ауруы деп сипаттайды. Бойын­да қырым артық еті жоқ, жү­зі қуарып, ине жұтқандай иіліп жүре­тін адамдарды «мынау құрт ауруымен ауырған ғой» деп жатады.

Құрт ауруының емі деп қымыз, әсіресе, саумал жиі айтылатын. Емшілер иттің, шошқаның тіпті, аюдың майы мыңда бір ем дейді.

Алайда, мұның ешқайсысы адамның иммунитетін көтергені болмаса туберкулез дертін жа­за алмайды екен. Бұл туралы Шымкентте өткен халықаралық ғы­лыми конференциядан соң баспасөз мәслихатында Тубер­кулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тілеухан Әбілдаев айтқан.

Туберкулезді бақылау және алдын-алу жөніндегі орталықтың Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекшісі Михаил Фаворов DOTS стратегиясы Қазақстанда тұратын ондаған мың адамның өміріне араша болды дейді: - Біздің есебіміз бойынша, DOTS бағдарламасы Қазақстанда жүзеге аспаған жағдайда, Қазақстан бүгінге дейін 20 мыңға жуық азаматынан айырылып қалар еді. Қазақстанның 15 миллион тұрғынына шаққанда аталған 20 мың адам елдің 1 пайызынан артығын құрайды. Бағдарламаның тигізген ең басты пайдасы да осы деп білемін. Туберкулезбен ауыратындардың саны жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің арасында алдыңғы орында тұруының себебін ауруды бақылау және алдын-алу жөніндегі орталықтың Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекшісі Михаил Фаворов, ТМД елдерінің көпшілігінде DOTS стартегиясының қолға алынбағандығымен түсіндіреді. Алматы қаласындағы Әуезов ауданааралық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Тоқтасын Көккөзов бұл ауру жастар арасында кең таралып отыр дейді: - Біздің есебіміз бойынша 18 бен 34 жас аралығындағы адамдар туберкулезбен ауыратындардың ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Мысалы, студенттердің арасында көп, Өйткені олар тамақты аз ішеді әрі дер кезінде ішпейді. Өз кезегінде студент жастар да, өздерінің арасында туберкулезбен ауыратындардың көп екендігін айтады: - Арамызда жүрген жолдастарымыздың көпшілігі туберкулезбен ауырады. Әсіресе жатақханада тұратын студенттер осы аурумен көп ауырады. - Жастардың әлеуметтік жағдайы төмен ғой. Дұрыс тамақтанбаудан бөлек, қаншама жастар қазір ақша табу қамында көп жұмыс істейді. Қатты шаршағандықтан, олардың ағзасы әлсіремей ме? Туберкулезбен ауыратындарды емдеу Қазақстанда тегін. Мамандар туберкулез ауруына қарсы шетелден келген дәрі-дәрмектердің сапасының талаптарға сай келмеуіне қатысты жақында туындаған жағдайларға қарамастан, Қазақстанда туберкулез ауруын емдеу шаралары бірқалыпты жүріп жатқандығын айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]